Қазақстанның ашық кітапханасы
311
Дерексіздігіне байланысты олар философиялық және діни ой жолымен жүйе немесе бірлік
ретінде ұғынылады, бірақ тарих аяқталғанға дейін олар толық таныла алмайды, себебі
философияда дін де тарихи процеске кіреді. Идеялар бірлігін, демек, сондай-ақ олардың
әрқайсысын толық ұғынудың мүмкін еместігі, бір жағынан және нақ өздерінің
индивидуалды нақтылығымен тарихшы үшін бағалылығы, екінші жағынан, тарихпен
айналысушылардың басым көпшілігінде «тарихи ұғымдар жүйесінің» тіпті жиірек,
дүниетану жүйесінің болмау фактісі түсіндіріледі. Әдетте, тарихшы азды-көпті
танымайтын интуиция арқылы ұғынады да өзінің болашақ жұмысының алғышарты
ретінде соған қанағаттанады. Ол оны «сезгіштік», «дивинация» және басқа да анық
нәрсені анықтауға келмейтіннен шыққандығына байланысты белгілі бір дәрежеде
акталатын екі ұшты терминдермен аталады. Алайда шындықта өмір сүретін идеялар
бірлігімен қатынасы бәрібір білінеді. Оны қазіргі тарихнама ерекше қадалаған, маңызы
моральдық идеяларға ие болатын «прагматикалық» тарихтан жеңіл байқаймыз. Ол тарихи
процестің жазықсыз түрде біз ұмытқан орта ғасырлық діни концепцияларында, Құдайдың
кәсібі туралы пікірлерде және Фихтенің, Шеллингтің, Гегельдің тарихтың философиялық-
діни құрылымында анығырақ көрінеді. Л.фон — Ранкеде ол сәл өзгешелеу түрде сезіледі.
Алайда кез келген анықтаманың шектеу екендігін және тарихта әрекет етуші идеялар
жүйесін құру, бұл жүйенің болмай қоймайтын шарттылық пен салыстырмалылығынан
өзге, қатерлі жанама салдарларымен қауіпті төндіретінін ұмытпау керек. Мәселені
осылайша құру, әдетте, өзіндік және әділ түйсікті тарихи «фактілер» арқылы өз жүйесімен
ауыстыруға әкеледі. Одан басқа, мұндай жүйе, дерексіз түрде, әдетте шынайы тарихи
процестен тыс қалып, тарихшының нақты жұмысын анықтай алмайды. Бұндай дерексіз
жүйенің тарихи шындықпен қосыла алмайтындығының карикатуралық түсініктемесіне
«тарихи заңдылықтарды» іздеу немесе тарихи процеске әлеуметтік тізбелерді тіркеуге
тырысу әрекеттерін жатқызуға болады.
Айтылғандардан неге тарихта тұтастай адамзаттың әлеуметтік дамуын зерттеумен қатар,
жекелеген процестерді зерттеудің де өмір сүруі мүмкін екендігін және бұдан тарихи
әдістің тіпті де бұзылмайтындығын анықтадық.
Тарихта барлық, тіпті ең дербес зерттеулер, тіпті бір деректің әр түрлі қолжазбалары
арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің өзі жалпы-тарихи сипаттағы мағынадағы
зерттеулер болып табылады және ол әлеуметтік дамудың тұтастығын танумен байланысы
негізінде ғана мүмкін болады. Бірақ бұдан тарихшы-позитивистер үшін сүйікті болған
тарихтың метафизикалық алғышарттарының суррогаты үшін — процесс теориясы үшін
қайғылы салдарлар шығады. Прогресс идеясы даму бірлігін санасыз, азды-көпті түрде
болса да жоққа шығарумен байланысты және прогресс теоретигі даму процесін бірін-бірі
ауыстыратын кезеңдер мен фазалардың үзік қатары түрінде көреді. Ең үздігі болашақта
жатыр, ал қазіргі мен өткендегі мәңгілікке өледі. Осы сәт пен осы дәуірдің мәні сол
кезеңге байланысты маңызды емес, ол болашаққа баратын құрал немесе кезең ретінде ғана
маңызға ие. Бұл әсіресе өткенге қатынаста айқын сезіледі, біздің ата-бабаларымыздың
ақыл-ойының дамуына, ғылымы мен қоғамдық өміріне деген менсінбеушілік көзқарастан
және «соңғы сөзді» қуудан байқалады. Осылайша жалпы уақыттағы бағалылығы мен
маңыздылығы ешбір байқай алмай өткенді түсінудің жалғыз жолы жабылады және тарихи
мүддені ақтау кажеттілігі жойылады. Шынында да, егер тарихшы болашақ үшін заңдар
мен ережелерді таба алмайтын болса, онда өткенді неге зерттейміз, қайдағы бір Платон,
Плотин, Николай Кузанский секілді қайдағы бір фантасттар мен метафизиктердің орнына
Коген, Авенариус немесе Бергсонның ерекше жаңа жүйесін оқу пайдалырақ емес пе?
Бірақ мәселе сонда — болашақ неғұрлым алыс болса, онда оларды да оқудың қажеті жоқ,
себебі қазіргі де өткенге айналып, біздің ұрпақтарымыз оны ұмытып кетуі де мүмкін ғой.
Сонымен, тарихты құнсыздандыра отырып, прогресс теориясы қазіргіні де