Page 312 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
312
құнсыздандырады; барлық өткенді мәнінен айырып, біздің әлеуметтік қызметімізді де
мәнінен жұрдай етеді және біздің барлық жұмысымызды өзіне белгісіз талғаусыз тірі
жәндіктер үшін жерді құнарландырушы құрттың бейшара жұмысы деңгейіне түсіреді.
Прогресс теориясының табиғатын аша отырып, біз одан біріне-бірі қайшы келетін
моральдық пафос пен өзінің жарқын болашағы туралы арман мен азғана бақыттылардың
ұзаққа созылмас бақыты үшін сансыз ұрпақтың азап көруі мен опат болуы фактісін
азғындықпен және мейірімсіздікпен мадақтаудың үйлесімін байқаймыз. Дегенмен ұзақ
бақыт пен көптің бақыты да біреудің өткінші қайғысын ақтай алмайды.
Прогресс теориясы тарихи процесс пен ондағы ғылымға ғана қайшы келмейді, ол сондай -
ақ азғындықты фактіні ақтауға тырысып, өзінің бастапқы адамгершілікті альтуристік
әуенімен қарама-қайшылыққа түсіп қана қоймайды, ол сонымен бірге мүлде негізсіз
болады. — Прогресс ұғымын біз қалай анықтамасақ та — қоғамның бөлшектерге бөлінуі
және оның бөліктерін үйлестіру процесі ретінде болсын немесе жалпы адамзат
мәдениетінің өсуі мен таралуы ретінде бол сын — бұл ұғым өзінің мәніне сай субъективті
немесе, ең жақсы жағдайда, біздің идеялдарымызды салыстырмалы формулада білдіреді.
Алайда біздің идеяларымызды жүзеге асырылуда немесе жүзеге асырылады деуге ешбір
объективті дәлелдер келтіре алмаймыз: тіпті осы уақытқа дейін оларды орындалады деп
дәлелдеу тіпті мүмкін емес. Айтысты және күмәнді болғандықтан, адамзаттың
адамгершіліктің жоғары сатысына қарай жетілдіруі туралы мәселені жайына қалдырайық.
Прогрестің дәлелі ретінде казіргі техниканың, ғылымның және саяси өмірдің дамуын
көрсетеді. Солай екені де рас. Бірақ, біріншіден, көрсетілген құбылыстардың онымен
сөзсіз байланысты болатын ұнамсыз жақтары да болады. Мысалы, экономикалық жіктерге
бөліну таптық қарама-қарсылық пен күреспен байланысты. Екіншіден, егер осы қатынаста
прогресс сөзсіз болатын болса, ол әлеуметтік дамудың кейбір жақтарына, біздің
құндылықтарымыздың немесе идеяларымыздың кейбіреулеріне ғана қатысты, ал өмірдің
басқа жақтары сондай сөзсіз түрде толығырақ және өткенге қатысты ғана мүлтіксіз болып
шығады. Бұрынғы өмір жақсырақ болатын, ал аталар немерелерінен анағұрлым
бақыттырақ өмір сүрді деп әрдайым қайталанатын арыздарда шынайы негіз бар. Өмір
сүру үшін күрестің шиеленісуі сөзсіз түрде өткенді артық бағалауға әкеледі. Ғылыми-
философиялық ой саласында біз өткен дәуір мен әбден сүйегі қураған философтарға қайта
оралулар жиі кездеседі. «Кантқа оралайық» немесе «Платонға оралайық» деген үндеулер
соны көрсетеді.
Айтысты жеке мәселелерге араласпай-ақ, ортағасырлық теорияны қорғамай-ақ, діни өмір
мен діни түсінік саласын қарастырмай-ақ, біз батыл және толық негізде өткеннен қазіргі
кезде жойылса да, сүреңсіз кейіпке енсе де бағалылығын жоймаған және біздің
идеяларымыз жүйесіне енуге міндетті өмір жақтары кездеседі деп тұжырымдаймыз.
Тәржімалаған
Айжамал Құдайбергенова
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА
Гердер И.-Г.
Идеи к философии истории человечества. — Москва: Наука,
1977.
Гизо Франсуа Пьер
Гийом
Всеобщая история цивилизации в Европе. В 4 томах. — Москва,
1877.
Губман Б.Л.
Смысл истории. Очерки современных западных концепций. —
Москва: Наука, 1991.