Қазақстанның ашық кітапханасы
310
Тура бір кез келген адамдық нәрсе адамға жат болатындай! Осындай «эстетикалық-
анархистік» немесе тұрпайы көзқарастың түр өзгерістері және танылудағы субъектте
субъективті бола отырып, бірмезгілде объективті жалпы міндетті маңызға ие бола
алатындай «жалпы мәнді мәселелерді» белгілеуге тырысушылық болып табылады.
Риккерттің жеңіл қолының арқасында осындай мүдделерге сәйкес «құндылықтар»
атаулары құрылды. Бірақ жалпы міндетті құндылықтар шын мәнінде объективті болып
Риккерттің түсінгеніндей, Платондық идеялар әлемінің сүреңсіз және өзгертілген бейнесі
болып табылатын ерекше патшалықты құруы керек. Бұл патшалық та сол тарихи процесс
сияқты танылуға тиісті субъекттен тыс жатыр, ал танылушы субъект олардың ортасына
құндылықтардың көмегімен немесе «құндылықтарға жатқызылуымен» нақты тарихи
процесті жеңілдетіп және жекешелендіріп, сол арқылы тағы бір төртінші — «өзгертілген»
шындықты жасамақ үшін қойылған секілді. Көзқарасы жоғарыда көрсетілген тұрпайы
субъективизмге жақындауға мүмкіндік беретін Риккерттің субъективизмі өте анық
көрінеді. Риккертиандықты сынаумен айналыспай (біздің міндетіміз — сын емес, оның
осы жерде дамушы көзқарасқа қатысын көрсету), біз оның тарихи процесті абсолютті
тиімсіз, шынайы емес, субъективті маңызы бар сапасыз материалға айналдырып, дамудың
мақсаты мен мәні туралы кез келген мәселені қажетсіз ететіндігін атап кетеміз. Сосын,
субъективті алғышарттардан өзге шындықтан бөлінген, таза идеалды құндылықтар
патшалығын құрудың пайдасыздығы және қиынсыздығы көрінеді, осыған қосымша, тарих
үшін бағалық маңызы бар қоғам, мемлекет, дін, адамгершілік және т. басқалардан біз
шынайы өмірде және шынайы түрде қабылдаймыз. Шындықтан алыстатылған және оған
сырттан әкелінген құндылықтар мен идеалдар шындықтың ішкі — ұйымдастырушы
принциптері бола алмайды, бірлікті құра алмайды, себебі бірлік бір тұтастыққа сырттан
әкелінбейді. Олар әлемді бөлшектеуі, одан «өздеріне қатысты» бөліктерді алып, дамушы
субъекттің біртұтас денесін жыртуы мүмкін. Жекелеген ішкі рухани құбылыстарды (егер
олар бар болса) идеяларға айналдыру негізінде жазылған оның суреті біздің ішкі рухани
өмірімізге қандай қатысты болса да, олар біздің ішкі рухани өмірімізде жоқ немесе әрекет
етпеуші болып табылады. Риккерттің өзі де нақты тарихи процесс пен оны
«жекешелендіретін» құндылықтар арасындағы байланысты жоққа шығармайды. Онда
мұндай жағдайда бір қадам жасап, құндылықтарды, олардың абсолюттігіне қарамай,
принциптері мен қозғаушы күштері ретінде, сол тарихи процесте (тек онда ғана емес)
мойындау керек. Олар біздің «тарихилыққа» субъективті қызығушылығымызды
анықтайды, бізге басқа бір үшінші жақтан жасалатын ықпалымен емес, бізбен бір
тұтастығына байланысты бізді тарихтың нақтылығына тартады. Бірақ онда
субъективизмнің алғышарттары мен әлемді «құндылықтарға жатқызу» арқылы бөлшектеу
қажеттігі түседі. Сонда, бірдей жағдайда тарихи әдіс сол тарихи процестің бірлігіне сәйкес
келетіндей, дәл сондай бірлікті алады. Ақыр соңында «тарихи мүдденің» пайда болуын
түсіндіру мүмкін болады, ал ол адамзаттың нақты шындықты және салыстырмалы
дамуындағы идеалды және абсолюттық идеялар фактісін тану болып табылады. Казіргі
кезеңде тарих теориясы саласындағы билеуші болып табылатын Риккерт теориясы жағына
біздің бұрылуымыз «әрбір жекелеген процесті тануда жалпы-тарихи процестен нені
ұғынамыз», — деп жоғарыда қойылған сұраққа жауапты толықтыруға көмектеседі. Бірлік
ретінде жалпы тарихи процесті құрылысынан немесе құрылымынан және біздің онда
табиғи түрде бекуімізден бөлек, біз ондағы әлі ашылудағы, жекеленудегі және
нақтылаудағы абсолюттік идеяларды, оның негізі мен принциптерін танимыз. Бұл идеялар
абсолюттікте бекіген табиғи бірлік болып табылады және өздерінің абсолюттігін сақтай
отырып, бірақ сол процестің бірлігінен бөлінбей тарихи дамудың мәні мен мақсатын
анықтайды. Олардың барлық нақтылығы және ерекшелігі тек тарих «орындалғанда»
немесе аяқталғанда ғана танылуы мүмкін.