Page 309 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
309
келетін және сонда басқаша жолмен ашылған болашақтың бұлыңғыр ұрығын байқаумен
түсініледі. Сірә, дамуды түсіну үшін, оған енгізілген ең дербес және еш шектеулі процесті
түсіну үшін тұтас алғандағы тарихи процесс туралы және ең болмағанда, оның мақсаты
мен мәні туралы білімге ие болу керек.
Ал бұл дамудың әрбір сатысы оның тұтастығын бейнелесе және соның арқасында өзі де
түсінікті болса ғана мүмкін болады. Әрине, осы дербес процесте, осы құбылыста біз толық
жүзеге асырылған тұтастық емес, оның принциптері мен негіздерін тани аламыз, сонда да
біз оны дербесті ұғыну үшін тануымыз керек. Қандай да бір идеялар мен мекемелер
жүйесінің тарихын зерттей отырып, біз, әдетте, ондағы бір тұтас әлеуметтік дамуды, тұтас
тарихи процесті зерттейміз және түсінеміз. Ал бұлайша таным нақты болашақты алдын
ала көріп алдын ала болжауға мүмкіндік беретіні сөзсіз, себебі біз бүкіл тарихи процестің
нақтылығын, дәлдігін емес, осы нақты бірлікте оның жалпы негізін танимыз. Бұл
пайымдаулардың көзге көрініп тұрған оғаштығын жұмсартып кез келген осыған ұқсас
құбылысты бақылаудың оңайлығын көрсете отырып, оны тиімді етуге болады. Бөтен
рухани өмірді тұтас ретінде түсінуде, өзге дербестікті оның бірлігінде ұғынуда
бақылаулардың жиынтығы өз бетінше көп нәрсе бермейді, өзге туралы өте коп фактілер
біліп, бірақ оны түсінбеуімізге болады. Керісінше, кейде бір ғана белгі, тіпті елеусіз
ерекшелік: дауыстың сарыны, қозғалыс, бастың бұрылуы және т.б: жеке адамды, адамның
бүкіл ерекшелігін бірден түсінуге, қамтуға, тамаша және кездейсоқ жағдайда оның ішкі
дамуының қажеттігін ұғынуға, оның болашағы мен өткенін ашу мәнінде болмаса да, оны
түбегейлі түсінуге мүмкіндік береді. Басқа жеке адамды бұлайша түсіну онымен аз ғана
таныстық арқылы да, «алғашқы әсер» арқылы мүмкін, бірақ әдетте ол бақылау процесінде,
үзіктер және бөліктер түрінде танылғандарды баяндау және біріктіру кезінде пайда
болады.
Көрсетілгендей жолмен біртұтас тарихи процестің ішінен осы нақты және дербес
процесте нені ұғынуға болады, — деген сұраққа жауап беру өте киын. Жоғарыдағы оның
«жалпы принциптері» мен оның «негіздеріне» оның жасалған сілтеме екі ұшты және бізді
көмескі интуицияның шегінен ары шығара алмайды. Біз бұл жерде арнайы зерттеу жүргізе
алмаймыз және бірнеше ескертпелермен ғана шектелеміз. Әрине, осы нақты процесті
зерттей отырып, осы нақтылықтан басқа жаққа ауып кету жолымен емес, осы бірлікке
төселу жолымен біз, әрине, ен алдымен, бірлік ретіндегі тарихи процестің құрылысын
ұғынамыз.
Біз зерттеп жатқан осы процестің «жалпы маңыздылығын» оның басқалармен
байланысының себептілігі мәнінде емес, оның жалпы тарихилықта нығайтылған мәнінде
танимыз. Жоғарыда айтылған барлық пікірлермен келісетіндей бақылау да бар. Сонсоң
дербес процесте жалпы тарихи бірлікті таба отырып, біз сонымен бірге, осы процестің
біртұтас жалпы-тарихилықтың барлық жақтарымен немесе жеке сәттерімен байланысын
сезінеміз. Өзімізді алыстағы өткеннен таба отырып, біздің өзімізде қайта қалқып бетке
шығатын өткенді көре отырып, оның бізбен байланысын сезінеміз. Басқаша айтқанда, ең
дербес және шектеулі процесті ұғынуымыз арқылы біздің оған және ондағы дамудың
жалпы-тарихи процестің бір тұтастығына араласуымыз немесе, дұрысы, біздің онымен
және ондағы бірлікті тануымыз жүзеге асырылады. Біздің осы бүкіл өткен уақытпен және
барлық әлеуметтік-психикалық дамумен жанды байланысымыз тарихи жұмыстағы біздің
санамыздың толығуы мен өткеннің фактілеріне деген біздегі қызығушылықты түсіндіреді.
Әрине, көпшілігінің біздің субъективті хал-жағдайымызды, қызығушылығымызды тарихи
ізденістер мен құрылулардың принципі деп есептеп, оның субъективтігін асыра көтеріп,
«мен тарихта өзіме туыс, өзімнің психикама жақын нәрсемен айналысамын», «тарихшы
өзіне туыс нәрсені түсінеді» — деп жариялауы табиғи нәрсе, яғни қаскүнем — әрдайым
қастықты, идеалист — идеалды, материалист — өндіріс ұйымын іздейді.