Қазақстанның ашық кітапханасы
30
Германдықтың енді өзінің дәстүрлері мен әдет-ғүрыптарын ұстауы азайып, ол өзінің
қазіргі жағдайына жету үшін, біртіндеп өзінің өткенінен бас тарта бастайды. Римдіктер де
осындай жағдайды бастан кешіріп, Ежелгі Империя жайлы және оның құрылымы жайлы
аз еске алатын болады. Жеңілгендер үшін де, жеңгендер үшін де жаңа нәрсе, қазіргі
жағдайдың күннен күнге ықпалының күшеюі. Бір сөзбен айтқанда, саяси бірлік өлі жоқ,
шынайы айырмашылықтар үлкен, сонымен катар іс жүзінде V ғасырда бұрынғымен
салыстырғанда шынайы бірлік енді көбірек болды. Ұлт белгілері көрініс бере бастады,
оған дәлел осы кезеңнен бастап барлық коғамдық элементтердің жақындасуға және үлкен
топ құруға, яғни ұлттыққа ұмтылуы, соның нәтижесінде француз өркениет тарихының
ұлы фактісі саяси бірлікке ұмтылуы басымдық сипатқа ие болды. <...>.
III және IV том
Алтыншы басылымға алғы сөз
Тарих шыдамсыз дәмеленуді бұзып, ұзақ үмітті қолдайды.
Жақсы және еркін үкімет құруға деген ұмтылыстағы Францияның ерекше белгісі осындай.
Ол коп ұмтылыс жасады, аз жетістікке жетті, бірақ ешқашанда өз қатесінің құрбанына
айналған жоқ. Бұл ұлт байыпты өмірлік күшке толы. Бұл еліктеушілікке беріліп, жолынан
адасып, кейін өз еліктегенін мойындап, кенеттен бағытын өзгертіп немесе нәтижесіз
ізденуден кейін, ойланып қозғалыссыз жағдайда қалады, бірақ ол әлсіз болып қалуға
келіспейді, саяси еліктеудегі сәтсіздіктерден кейін өзінің ұлы мақсатын ұмытып, еңбектен,
даңқтан және қызметтің басқа түрлерінен жұбаныш іздейді. Франция XIV ғасырдың
ағымында анархиядан, жауыздықтан, алдамшы тосудан түңілуге ауысатын ауыспалы
кезеңді басынан кешірді. Бірақ тәртіптен де, еркіндіктен де бас тартқан жоқ. Бұл екі
жағдайсыз халықтарда не ар, не тұрақты жақсы тұрмыс та жоқ...
Міне, сондықтан да біздің тарих өте жиі қайғылы. Ол біздің уақыттың қателері мен
қылмыстарына қарамастан, біз кінәлағандай бұрын естіп көрмеген жаңашылдар,
армандайтын
утопистер*
емес екендігімізге көзімізді жеткізеді. Біз ұмтылған мақсат
біздің бабаларымыздікіндей мақсат: біз сияқты, олар біздің қоғамның әр түрлі таптарын
адамгершілік, материалдық жағынан азат ету және тәрбиелеу үшін еңбектенеді. Олар біз
сияқты коғамдық істерді жақсы басқару кепілдігін жасау үшін, жеке адамдардың құқығы
мен еркін қорғауға, халықты шынайы басқаруға тартуға тырысты. Олар бұл игілікті
істерді жүзеге асыруда бірнеше рет сәтсіздіктерге ұшыраса да, соған қарамастан жалпы
әлсіздікке дворяндардан немесе буржуазиядан немесе бірнеше қарапайым адамдардан
шыққан принципті, игілікті үмітті ұстанып, шіркеу салу орындалмағанмен, қасиетті оттың
өшуіне жол бермеді. Сәтсіздіктерге қарамастан, ұлы істі қорғаушылардың сенімсіздігі мен
тұрақтылығы оларды алдаған жоқ. Олар бұл сәтсіздіктерді жеңіп қана қойған жоқ,
сонымен бірге күні туған кезде бүл істерге жаңа талаптар мен жаңа күштермен кірісті.
Уақыт өшпеген нәрсені тәрбиелейді.
Сонымен, біз еркін билік етуге ұмтыла отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан Франциядан
бас тартпаймыз, оны жасауды жалғастыратынымызды, біздің женіл жеңіске деген
үмітімізді өшіре алмайтынын білеміз.
Осы сергектік беретін сенімсіздіктен басқа, біздің тарихтан басқаларының арасында ең
манызды болып табылатын екі ілімді тоқимыз.
Еркін басқару құруға деген ұмтылыс, қоғамның жоғары таптары арасындағы соқыр
бақталастықты бұзды. Дворяндар мен буржуазия жауыздықпен күресу үшін немесе
бостандықтың берік негізін қалап және оны пайдалану жолында күресу үшін біріккен жоқ.