Қазақстанның ашық кітапханасы
308
Шығу тегі туралы мәселенің анағүрлым табысты шешімі оның заңдық қойылысы, нақты
түсінік немесе мекеме немесе жүйенің (мысалы, сол феодализм болсын) тура анықтамасы
пайда болған сәтін табу болып табылады. Бірақ, өзінің мәніне қарай мәселеге осылайша
қарау сыртқы болып қалады және пайда болу фактісінің өзін түсіндіре алмайды, оның
классикалық үлгісі деп Фюстель де Куланждың үлкен еңбегінің V томын айтамыз. Себебі
жинақтаудың (синтездің) элементтерін көрсету сол синтезді немесе оның принциптерін
түсіндіру емес. Осы жерде де мәселеге осылайша қараудың немесе қойылымның қате
екендігінің сенімді серігі айтыстың нәтижесіздігі болып табылады және осы көзқарас
тұрғысынан қарағанда бірқатар «генетикалық» мәселелердің жойылуы, мысалы — орта
ғасырлық қалалық құрылысқа римдік дәстүрді қолдану идеясы ерекше көрнекі түрде
болады.
Тарихтың негізгі принципі ретінде біз анықтайтын дамудың әлеуметтік бірлігі бұл дамуға
бөтен бір реттеуші, тіпті сол сәтті құрушы ретінде сырттан ендірілген жоқ.
Ол — әлеуметтік дамуды ұйымдастырудың басы және — керек болса сол әлеуметтік
дамудың өзі, өзі дамитын әлеуметтік — психикалық субъект. Керісінше жағдайда,
бірнеше рет көрсеткендей, ешқандай да даму болмас еді. Дамушы субъект бола отырып,
бірлік бүкіл дамудың өз бойынан кесіп өтеді. Ол оның әрбір сәтінде тұтастай көрініп, онда
барлық басқа сәттерді білдіреді. Сондықтан, дамушы организмнің әрбір жағы, әрбір сәті
тұтастай байланыста түсінікті болады және өз кезегінде осы тұтастықты түсінікті етеді.
Ал тұтас организм өзінің барлық сәттері мен жақтарының бірлігі ретінде ғана түсінікті
болады. Бірлік — бірлікке енген және жеке де көрінетін элементтерді жоюшы емес,
керісінше, оларды жасаушы және құрастырушы, (егер бірліктің элементтері туралы тіпті
шартты түрде айтуға болатын болса) оны құрайтын барлық элементтердің толықтай өзара
бірлесіп, түсінілуі.
Егер бірлікті осылайша түсінуден бас тартсақ, онда дамудан да және оны түсіну мен
түсіндіруден де бас тартамыз. Онда даму атымен жоқ, сондықтан тарих ғылымы тіпті
басқалай принциппен құрылуы қажет болады.
Дамудың біртұтас процесі тек бір жағдайда, нақты айтқанда, әйтеуір бір себеппен ол
аяқталмастан бұрын тұтастай бізге белгілі болған жағдайда ғана түсінікті болады. Біз
бұған дамушы субъект пен организмді, әсіресе мақсаты белгілі дамуды зерттеу кезінде
қысқаша бақылау арқылы-ақ ұғынамыз.
Шындығына келсек, сол сәттегі, дамудың сол кесіндісіндегі ешбір, тіпті мұқият
бақылаудың өзі организм өмірінің будан арғы кезеңдерінде ненің мәнді, ал ненің
өлетіндігін көрсетуге күші жетпейді. Елеусіз нүктенің ең маңызды органға айналуы, ал
бізге мәнді болып көрінгені, жылдам кері кетіп, өлуі мүмкін. Дамудың мақсаты оның
көріністері мен түрлерінің шексіз көптүрлігін анықтауға мүмкіндік беретін жол көрсетуші
болып табылады.
Кез келген даму өзінің ішкі құрылымына сәйкес, мақсатқа лайықты немесе телеологиялық
түрде ұғынылады. Өз кезеңінде бұл туралы Кант та, XIX г. басында неміс идеалистері де
айтты және бұнда тұрған «материалдық» еш нәрсе де жоқ. Бірақ дамудың мақсатын оның
аяқталар сәтімен араластыруға бейім болғанымызбен, шындығында мақсат өзінің аяқталу
кезінен өзгеше болады және мен данышпан философтың өмір мақсаты өмірінің кәрілік
кезіндегі ақылынан адасқан, қаусаған кейпін көруде деуге қиналар едім. Дамудың мақсаты
немесе мәні — оның белгілі бір сәтімен емес, дұрысы — оның барлық сәттерімен
байланысты бірдеме. Сондықтан және дамуды ұғыну үшін оның соңын білу жеткіліксіз,
оның барлық сәттерін білу қажет. Егер коп нәрсені анықтау және көп нәрсені түсіну
соңын білуге жол берсе, онда дамудың белгілі бір сатысындағы коп нәрсе өзінен кейін