Page 307 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
307
Онда тұлғаның көзге көрініп тұрған кесімді айқын және тағы да осындай сияқты ықпалын
жоққа шығаруға негіз бар ма? Тұлғаның маңызын жоққа шығаруға тырысушылықтар
бірте-бірте басқа, анағұрлым нәзік түрге ие болады. Тұлғаны өзінің шыққан ортасының әр
түрлі ықпалының өзіндік қиылысу нүктесі деп қарастырып, ортамен анықтағысы
келетіндер де бар. Ал жеке тұлғаның даралығын бұндай жолмен түсіндірудің мүмкін
еместігін айтпағанда, тұлғаны ортамен байланысты айқындау оның мәнін жоққа
шығармайтындығы былай тұрсын, керсінше, оның тарихи процестегі маңызы мен рөлін
бекітеді. Себебі, егер тұлға ортаның себепті-қажетті өнімі болса, онда нақ осы тұлға
тарихи процеске қажет элемент есебінде кіріп, өзіндік ерекшелігімен оған әсер етуі керек.
Тарихи процестің нақты байланысында тұлғаның ықпалы өзінен-өзі айқын және даусыз
екенін қайталаймыз: бұл ықпалды ешбір теория жоя алмайды. Бірақ факторлар туралы
мәселе жалпылама қойылғандай тұлғаның тарихи процестегі рөлі мәселесі қалай
жалпылама және дерексіз қойылса, ол солай ешбір нәтижеге әкелмейтін айтысқа
айналады. Бұл, әрине, табиғи нәрсе — мәселені бұлайша жалпылама қою кезінде оны
шешуге тиісті бірқатар фактілер қалыс қалады. Және, ең алдымен, шынайы даму
процесінің онымен байланыс арқылы тұлғаның оған ықпалын анықтап, ұғынатын бүкіл
нақтылығын қабылдаудан айрыламыз. Сосын, тұлғаның өзі біз оны сонымен бірге ғана
қабылдайтын тарихи байланыстан, бірлік немесе тарихи организмнен жасанды түрде
алынып тасталынады. Тарихи процессіз тұлға шынайы емес және түсініксіз таза
абстракция, Наполеонды Ошпен ауыстыру бүкіл тарихи процесті, тұрпайы және шартты
түрде айтқанда, оның дамуының барлық алғы шарттарын, оны қоршаған ортаны
өзгерткенде ғана мүмкін болады. Тұлғаның рөлі туралы мәселе мәнді бірақ оны шешу
қиын болып табылмайтын сол процестің нақтылығымен шешілуі керек, не болмыс пен
субстанцияның өзара қатынасының бірлігі туралы жалпы философиялық мәселемен
байланысты шешілуі керек. Бұл жерде тарихи дамудың әр түрлі жақтарын күрт бөлектеу
мен бір-біріне қарама-қарсы қоюдан және оның бірлігін елемеуден тартыну керек.
Осындай сақтық тарихи процестің сәттері мен кезеңдеріне қатысты да қажет. Арнайы
зерттеулерде мақсаттарының талаптарына сай біздің кезеңдеріміздің жиі шартты
болатындығын және тұтастық пен бірліктегі тарихи процестен туындайтын кезеңдер мен
сәттерді белгілеудің қажеттілігі туралы ұмытпау керек. Белгілі бір жеке процесс беріп
алып, содан кейін оның генезисін, шығу тегін іздеу ерекше жасандылығымен
айшықталады. Шығу тегін іздеуде «прогматикалық» және баяндаушыдан бөлек, жаңа
ғылыми «генетикалық» тарихтың айырмашылықтарын көрмекші болады. Осы (дүние
жүзілік тарихи немесе жеке) процесті зерттей отырып, тарихшы өзінің бірлігінің
тұтастығында ғана түсінікті болатындығына байланысты оның бүкіл даму барысын
қадағалауы керек. Бірақ біріншіден, оның бастамасын, процестің «тууын» түсінудің мәні,
оның соңы немесе кез келген басқа сәтін түсінуден кем емес, тіпті әлі жікке бөлінбеген
бұлыңғырлау бастамадан сол процестің нақты табиғатын ұстау анағұрлым қиын болады.
Сондықтан, процестің шығу тегіне көңіл аудару ештеңемен де анықталмайды және ғылым
ретінде тарихтың жаңа аты, ең кемі, бір жақты және сәтсіз болады. Екіншіден, жеке
процестің бірлігі органикалық түрде жалпы тарихи процестің бірлігіне кіргізілген,
сондықтан алғашқысының шығу тегін іздеу оның мөлшерден тыс оқшаулануына тез
апарып, тарихи түсініктің негізгі принципінің бұзылуына алып келеді. Үшіншіден, шығу
тегін зерттеу кезінде тарихшы себепті түсіндірулермен көбірек айналысып, мәні шартты
және салыстырмалы түрдегі дерексіз пайымдаулардың соңына түсіп кетеді.
Мысалы, феодализмнің дамуын зерттеу барынша тарихи болып табылады, бірақ оның
пайда болуын, «натуралды шаруашылықтан», әскери құрылыстан және т.б. табуға тырысу
жалпылама ойлаудан басқа ешнәрсе бермейді, себебі, әдетте, себеп ретінде
қабылдайтынымыз сол процестің өзі немесе оның өтіп кеткен бір бөлігі болып табылады.