Қазақстанның ашық кітапханасы
306
замандас дамудың параллель қатарларымен ұқсас болып келеді. Бірақ мәселе бір қатардың
екіншісіне әкелетінінде емес — тарихнама көрсеткендей, мәселенің бұлайша қойылуы
тіпті үмітсіз нәрсе, мәселе сонда — екеуінде де белгілі бір әлеуметтік дамудың сатысы
бар, екеуі де белгілі бір жағдайда бірлікті құрайды немесе бірлікке негізделеді. Сол
себепті белгілі бір қатарды зерттеуге зейін қойғанда және мәселенің мәніне жеткіліксіз
назар аударғанда тарихшы материалисттердің де, тарихшы идеалисттердің де дәлелдері
сенімді болып көрінеді, ал олардың айтыстары шексіз және жеміссіз болады.
Кез келген жеке тарих, ол белгілі бір мәдени әлемнің, халықтың, дәуірдің, мекеме,
идеялар жүйесінің және т.б. тарихы ма бәрібір, ол өзінің зерттеу нысанын шектей отырып,
белгілі дәрежеде жеке процесті шартты түрде бөліп ала отырып, сол баяғы түсінудің екі
жақтылық мәселесімен соқтығысады. Зерттеу нысанын неғұрлым шектеп, қысқан сайын,
сыртқы болып табылатын фактілер олармен бірге «факторлары» да көбейе береді.
Өкінішке орай, көп жағдайда олардың мәнін және таза-әдістемелік маңызын назардан
шығарып алады да, жалпы «тарихи факторлар» туралы айтып, оның қатарына
географиялық жағдай, «мәдени дәстүр», нәсіл, орта, мемлекеттілік идея, топтық өзіндік
сана, жеке адам және т.б. секілділердің бәрін қосып жібереді. Міне, осындай жағдайда
тарих теориясы мен әдістемесі туралы жалпы кітапты құрастырушылар факторларды
санап, топтауға және әрқайсысының мәнін анықтауға келгенде, жақынырақ танысқанда
көптүрлі және анық емес болатын шамасы келмейтін міндеттің алдында не істерлерін
білмей аңтарылады.
Ал ұсақ кіші-гірім процестерді зерттеуге назары қадалған маман тарихшы үшін бүкіл
тарихи даму көпшілік жағдайда әр түрлі факторлардың себепті әрекеттері болып көрінеді,
бүл әрине, қалыпты жағдай, бірақ тарихи емес, ол тарихшының тіпті жеке болса дағы
тарихи процесті түсінуге кедергісін келтіреді.
Кез келген фактордың эсер етуі мәселесі әрбір жеке нақты жағдайда тарихи процестің сол
кезіндегі сәтімен байланысты, табиғат пен фактордың шынайылығы анықталған кезде
салыстырмалы түрде жеңіл шешіледі. Факторлар туралы мәселенің шешілуі оны тарихи
емес, факторлар туралы жалпы ілім секілді нақты бағытсыз, жалпылама қарастырса, киын
және шиеленісті болады. Бұл мәселенің, мысалы, жеке адамның тарихтағы рөлі мәселесіне
қатысы бар. Белгілі бір нақты жағдайда жеке адамның әсері өлшемге келе қоймаса да, тез
қабылданылады. Ол туралы тіпті айтысудың да қажеті жоқ. Ешкім де Карл, Наполеон,
Лютер және Бисмаркті есепке алмай, Ұлы Карлдың немесе Наполеонның саясатын,
протестанттық пен Жана Герман империясының дамуын баяндай алмайды. Ал жеке
адамның әсерін сандық өлшеммен есептеуге тырысқан жағдайда, нақты эксперимент
болмағандықтан, ойша алғанда болуы мүмкін нәрсені назарға алып, пайдасыз сұрақтар
қоя бастайды. Егер Наполеонның орнында Ош (Ноеһе) немесе Журдан болғанда не болар
еді, егер Бисмарк жас жағында өлгенде не болар еді және т.б. Мұндай талқылаулардың
керек еместігі сонда — біз нақ сол Наполеон билікті алған кездегі, ал Бисмарк жас кезінде
өлмеген жағдайдағы нақты тарихи процесті қарастырамыз және оны өзгертуге күшіміз
жетпейді. Ал бұл сұрақтардың ар жағында басқа, жалпылама сұрақ тұр ғой: бұл жеке
тұлғаны басқа тұлғамен ауыстыруға бола ма? Ол өзінің қайталанбастығымен, өзіне ғана
тән белгілерімен ғана әсер етті ме? Бұл сұрақтардың алғашқысына қанағаттандырарлық,
ал екіншісіне, керісінше, қанағаттанбайтын жауап берсек, бұл тұлғаны түкке тұрғысыз
өлшем ретінде көзге ілмеген болып, зерттелудегі фактілерді топтар немесе тобырдың
әсеріне тіреп, өзгерістердің себептерін солардың іс-әрекеттерінен іздеуге әкеліп соқтырар
еді. Олай болса, неге бізге сол топтың әсері туралы айтпасқа? Жауап біреу: себебі бұл
топтар өздерінің құрастыратын индивидуумдарға әсері анық та нақты, көзге көрініп
тұрған бірдеме.