Page 305 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
305
поэзиямен жақындастырып, тарих қорытындыларына байсалдылықпен қарауға және оның
ғылым ретінде негізделуіне кедергі келтіреді.
Тарихшы үшін оның ғылымының алғышарты оның жеке сезінуі ғана емес, ең бастысы
өзге рухани процеске шынайы түрде ену, онымен нақты бірлесу болып табылады.
Өзгенің ішкі жан-дүниесінің кішкентай бұралаңдарын сезіп, узік-үзік мағлұматтардан
тұтасты қалпына келтіруге мүмкіндік беретін осы нәзік, істің терең шындығына жетуші
әдісті тұрпайы ұқсастыру «заңдарын» қабылдауға, және рухани және тәндік
құбылыстармен теңестіруге болмайды. Оған қосымша, теңестіру «заңы» тіпті заң да емес,
ол күмән туғызатын гипотеза ғана, ал рухани өмірге қатысты ұқсастыру «заңдары» әдетте
тұрпайы және сыртқы болып келеді.
Қандай жағдайда болса да, егерде тарих, тарих ретінде мүмкін болса, онда біз басқа
индивидуумдардың (жеке адамдар мен топтардың) нақты ішкі сезіміндегі процестерді
және нақты әлеуметтік-психикалық процесті оның тұтастығымен сезінеміз. Басқаша
айтқанда нақтылықты қабылдай отырып, біз оны, жаңа кантшыл Риккерт есептегендей
өзгертпейміз, біз оны сондай шындықта қабылдаймыз. Кез келген қайта өзгертулердің
(Umformung) өзі қайта өзгеруді бұрмалайды, сол себепті біз нақты шындықты ала
алмаймыз. Сондықтан Риккертпен бірге «жаратылыстану ғылымында біз жинақтаймыз, ал
тарихи ғылымдарда «жекелейміз» деп тұжырымдауға болмайды. Тіпті Риккерт өзінің
тарих пен жаратылыстануды жалпылық және жекелік белгілеріне байланыста бөлуінде
дұрыс болып шықса да, жалпы мен жеке біздің ой қызметіміздің жемісі болмауы керек, ол
ақиқаттың шынайы аспектілері болу керек.
Сонымен, тарихшының міндеті — адамзаттың дамуы процесін оның әлеуметтік-
психикалық қызметін бірге сезіну арқылы аңғарып, бейнелеу. Міне, бұл жерде де
зерттеудің негізі мен басты нысанының өзі сол біртұтас даму процесі болады: ал
географиялық жағдай, биологиялық өзгерістер және т.б. фактілер жойылмайтын және
мәнді болғанымен, сыртқы болып табылады. Бірақ олардың жойылмайтын және мәнді
болғандығына байланысты түсіндірудің қосымша құралдары — психикалық себептілік
және факторлары туралы шартты ұғымдарға сүйенеді. Бірақ оларды тарихшы сол даму
процесімен байланысына сәйкес, тарихи тұтастықпен бірге сезінілетін осы байланысына
орай қолданады. «Тарихи себеп» немесе «тарихи фактор» абстрактілі түрде алына
отырып, ешнәрсе айтпайтын түсініктерімен солғындау болып, бітпейтін сөз жарыстарға
алып кетеді. Ал Юм мен Кант түсінігіндегі себептілікке, немесе табиғи-ғылыми
себептілікке келсек, оларды тарихи процеске еш қолдануға болмайды, профессор Виннер
айтпақшы — бұл элементтерді жеңіл жоюға болады, сондықтан тарихта себептілік
байланысты орнатуға қажетті шарт-эксперименттер мен өлшеулердің болуы мүмкін емес.
Егер жер мен ондағы жалпы даму процесін анағүрлым тұтастай, тіпті әлемнің дамуын
зерттеу нысаны ретінде алсақ, онда тарихи процеске кей жағдайда екі жақты болып
көрінетін эволюциялық және себептілік әдісті қолдануды тоқтатуға болады. Тікелей тарих
шеңберінде оны жоя алмаймыз. Бірақ бұл жерде де себептілік баяндаудың аумағын
қажетсіз кеңейтуге болмайды, әдетте ол түсінбеушіліктер мен айтыстарға әкеледі. Ал
зерттеу мақсатында шартты «факторларды «экономикалық, саяси, идеологиялық және
т.б.) заңды және пайдалы түрде анықтауда әлеуметтік-психикалық процестің әр түрлі
жақтары туралы айтылып жатқаны анық және қолданылуға жарайды, оған байланысты
жоғарыда келтірілген пікірлер себепті әрекеттестіктер туралы мәселенің қойылуына және
материалистік, идеологиялық және т.б. теорияның пайда болуына әкеледі. Осы жағдайда
әлеуметтік өмір бөлшектеліп, оның бірлігі тіпті де ұмытылады. Көрсетілген қатарлардың
дамуында өзіндік бір параллельдің бар екендігі сөзсіз, мысалы, феодалдық құрылыс
кезеңіндегі дін капиталистік құрылыс кезіндегі діннен өзгеше ғана емес, ол өзімен