Қазақстанның ашық кітапханасы
304
Әлде біз қателесеміз бе, онда рухани процесс де, рухани өмір мен өзіндік сана мен
танымның бірлігі болмауы керек. Әлде біздікі дұрыс, онда бүкіл рухани өмір өзінің негізі
мен ағысында нақ біз сөз қылатын рухани процесс болып табылады.
Нақты рухани өмірде өзара байланыста болатын «Мен» мен «Мен емес» екі ерекше тұлға,
екі субстанция ретінде біріне-бірі қарсы турады және біз жан туралы рухани процестегі
ағындардың өзгерістерінің себептері ретінде тәндік құбылыстың себебі және тәндік
құбылыстар туралы айтамыз. Бірақ рухани тәжірибеде себептік өзара қатынас сыртқы
әлемнен гөрі бізге байырақ және толығырақ, беріледі.
Өзімізде біз өзіміздің әрекетімізді (себепкер болу) және әрекетті сезінуді (қайғыру)
тікелей басымыздан өткіземіз, ал сыртқы әлемде оларды тек болжауға болады.
Психикалық себептілік әдетте, дұрыс болмаса да сыртқы дүниені түсіндіруде,
себептіліктің мұндай түсінігі қолданылатын, «А» және «В» деп шартты түрде белгілеп,
оқшаулайтын екі «құбылыстың» қоса-қабат өмір сүруі емес.
Рухани тәжірибеде сырттан біздің рухани ағынымызға одан бөлек, өзгеше күштің әсері
немесе, керсінше, осы ағынның сыртқа, өзге, ең дұрысы — басқа субстанцияға ағылуы
беріледі. Осыған байланысты біз, оларсыз баяндалған өзара әрекеті мүмкін болмайтын
«Мен» және «Мен еместің» алғашқы бірлігіне ие болмаса олардың өзара әрекетінің
бірлесуі процесіндегі алғашқы бірлікті табуын сенеміз.
Сонымен, даму процесінің алғашқылығы немесе алғаш негізделгені туралы көзқарас
дәлелденді, себебі себепті өзара қатынас жалпыны қамтушы процестің көріністерінде ғана
түсінікті болады.
Әзірге жаратылыстану ғылымы мен қарапайым сана сыртқы немесе механикалық
себептерді, себептіліктіліктің Канттық түсініктемелерін қанағат тұтып отырған кезде, біз
психологиялық себептілік туралы айтамыз. Алайда бұл ұғымның Вунд белгілеген және
көптеген тарих теоретиктері қағып алған термин мен ұғымдары бір емес екенін айтып
кету керек.
Сонымен, дамуды зерттеуші себептілікті өзі тікелей сезінетін даму процесімен бірге
қабылдайды. Оның негізі және бастапқы сәті әр түрлі өзара әрекет пен себептілікті мүмкін
ететін реалды және біртұтас даму процесінің өзі болып табылады.
Сол себепті рухани дамуды зерттеушіге осы процестің басқа сыртқы процестер мен
құбылыстарымен өзара қатынасы туралы барлық мәселелері екінші кезекте тұруы керек
және ол себептілік өзара қатынастан туындайтын дамудың өзін түсіндіру барысында өз
міндетінен бас тартар еді. Бірақ будан себептілікті түсіндірудің қосалқы мәні
жойылмайды.
Өзгенің ішкі жан дүниесінің дамуы мен әлеуметтік-психикалық дамуды түсіну олармен
бірге сезініп (қайғырып) немесе оларға кіруге немесе бірге сезіну (Einfiihling) жолымен
ғана мүмкін. Дильтей нақ осы сәт пен тарихи әдістің осы негіздемесіне ерекше ден қояды
және оның тарих теориясындағы басты еңбегі де осында. Ол туралы өзінің «Тарих
философиясының мәселелерінде» Зиммель де жазады .
Бірге сезіну (бірге қайғыру) тарихи танымның негізінде жатыр. Бірақ оны өзінікіне
айналдырып «өзінің тікелей сезінуі» (Дильтей) арқылы ғана түсіндіруден аулақ болу
керек. Бірге сезіну — тарихи дүние танымының негізі. Сонда да, «оны тек өзінің сезінуі
тұрғысынан» (Дильтей) барлығы менің және тек қана мен сезінген рухани сезімінің
түсінгенінен туындауы керек дегеннен абай болу керек. Бұлайша түйсіну тарихты