Қазақстанның ашық кітапханасы
303
айналдырудың дәрежесі мен толықтығы туралы мәселені алдын ала шешпей, біз оларды
сондай реалды бірлік пен дамудың шынайы субъектісі болатындығын ойлауымыз керек.
Даму субъектісінің бірлігінен оның әлеуметтік қызметінің де бірлігі туындайды. Сол
арқылы, әлеуметтік қызметінің — экономикалық, саяси, философиялық, діни және т.б.
түрлері көп жағдайда әр түрлі бола отырып, сонымен бір мезгілде біртұтас қызмет болу
керек. Оның әрбір түрінде жекеше немесе тұтас емес түрде көріне алмайтын, әр түрлі
бейнедегі біртұтас субъект көрінеді.
Сол сияқты, менің өмірімде мен тұтастай ойлаймын, бірнәрсе керек етемін және т.б. яғни
менің бір бөлігім ойлап, екінші бөлігім бір нәрсе қалап, ал үшіншісі сезініп деген
ұғымның болмайтындығындай. Әлеуметтік қызметтің әр түрлі формасының қарым-
қатынасын бір-бірінен бөлек, оқшауланған, әлеуметтік қызметтің жай қосындысы деп
қабылдауға болмайды. Сол себепті, бірлік-бөліктердің жай қосындысы емес: атомдарды
қосқаннан құм түйіршіктерін бір жерге жинағанда пайда болатын үймеден басқа ешнәрсе
пайда болмайтындай, ештеңе де құралмайды. Бірлік — көптің бірлігі ретінде түсініледі,
көп оны жасамайды, ол көпті көрсетеді. Әлеуметтік қызметтің әрқайсысының өздерінің
айырмашылықтары шындық екені сөзсіз, көп түрлі формалары оның түрлері, аспектілері
мен көріністері бола отырып, осы қызметтің бір тұтастығында нығайтылған. Жоғарыда
көрсетілген, тарихи процестің дамуына қолданылатындар оның вертикальды да,
горизонталды да кесінділеріне қолданылуға жарайды.
Егер айтылған пікірлер дұрыс болса, онда тарих зерттеу кезінде әлеуметтік қызметтің әр
түрлі формаларының біртұтас-бірлігін назардан шығарып алмау керек. Әлеуметтік қызмет
әлеуметтік-психикалық қызмет болып табылады.
Тарихты адамзаттың әлеуметтік-психикалық дамуы дей отырып, біз құбылыстарды
тарихи түсіндірудің арнайы ерекшеліктерін, яғни тарихи әдісті ашамыз.
Психикалық пен үздіксіздік тарихи процесті біздің рухани, ішкі дамуымызбен, әрдайым
өзгеріп отыратын ішкі өміріміздің ағынымен жақындастыруға мүмкіндік береді. Біз сол
ағынды өзінің ішінде қарастыратын болғандықтан, оның өзгеге және өзінің оған әсерінен
басқа жаққа көңіл бөле отырып, оның өз дамуын немесе өз табиғатын кеңейтуімен
анықталатынын айтуымыз керек. Ол әр түрлі элементтерден құралмайды, атомдардан
тұрмайды, ол өз ішінде тұтастай ағады. Онда барлығы үздіксіз әр түрлі формаларға түсіп,
өзгереді, бірақ өзінің жеке жалпы уақыттық бірлігін қамтиды. Осы рухани процестің
ішінде ешқандай себеп-салдарлық байланыс жоқ, себебі себептік байланыс бірінші және
екіншіге, А мен В-ға бөлушілікке әкеледі, ал тұтас үздіксіз процесте үзілістер мен сәттер,
атомдар мен бос жерлер жоқ, тек құбылулар бар. Сондықтан, психикалық процестің
қажеттілігі не дәлелділігі оның себептілігінде емес, оны ерікті-міндетті менің процесім
ретінде тікелей сезінуде.
Алайда, психикалық процестің өзімен-өзі болғанымен, түрі өзгеріп турады, сыртқы
әсердің арқасында өз жолынан ауытқып кетеді, екінші жағынан ол да өз жолын өзгертіп,
өзінен тыс өзге әлемге әсер етеді. Шындығына келгенде, рухани процесс осындай күйде
ғана өзінің барлық нақтылығымен беріледі. Бірақ бұл оның шынайы еместігін ұйғармайды
және оның мәнін таза абстракция деп есептеуге болмайды.
Ішкі күйдің шындығын оның сыртқы өзара әсері мен қиылысып жатқан әр түрлі
әрекеттердің ықпалына қарап емес, өзіміз бейнелегендей етіп таныған кезде ғана оның
нақты мәнін анықтап, өзінің тұтастық бірлігінде қайталанбас жеке тұлғаны түсініп,
түсіндіруге болады. Себебі, оны бір нүктеде қайталанатын сапасыз әсерлер сферасындағы
санасыз жүрген атомдардың өзара әсерінің кездейсоқ нәтижесі деп қарауға болмайды.