Қазақстанның ашық кітапханасы
302
болу жеткіліксіз, сол себепті бір мезгілде аталған принциптер бірінші орынға қойылған
тарих теориясы бойынша әдебиеттерді де зерттеу қажет. Бірақ «методологиялық»
әдебиеттің кендігіне орай, ондағы пікірлер мен теориялардың көптүрлігіне байланысты
оған жай сілтеме жасау тіпті сын пікірлер болса да (себебі, ол бәрібір субъективті)
пайдасыз болып табылады. Онда алғашқы бағыт беруші, нақтыласақ, сол мәселеге
қатысты нұсқаулар керек. Ол нұсқаулар, жоғарыда айтылғандардан шығатындай, кім
айтса, соның жеке көзқарасы ретінде догмалық сипатта болуы қажет. Әдебиеттерді
қолдана отырып, тарихқа деген белгілі бір, ескі немесе оригиналды көзқарасты көрсете
отырып, өзінін пікірінің объективті бола алмайтындығын ұмытпау керек. Ол үшін қысқа,
түсініксіз теорияларға шолу жасағаннан гөрі автор, ең алдымен, тарих теориясының
ерекше «жүйесін» баяндауға жоғары мән береді.
I
Тарих теориясының негізгі мәселелері
Тарихтың қарастыратыны өзінің әлеуметтік (яғни қоғамдық, саяси, материалды және
рухани-мәдени) дамуындағы адамзат болып табылады. Даму болғанда прогресс түріндегі
түсінілетін емес (ол туралы кейініректе айтылады), үздіксіз өзгерістер процесі болады,
онда бір нәрсе өткенге ауысқаны үшін өзектілігін жоғалтады, ал бір нәрсе толық
өзектілікке ие болады, немесе бірнәрсе әлі болған жоқ. Қазіргі тарих теоретиктеріне
қарағанда өзгешілік — біз даму және үздіксіз даму ұғымын қабылдаймыз, оны «өзгеріс»
ұғымымен ауыстыруға қарсылық білдіреміз және «даму» негізінде ерік бостандығы мен
адамның белгілі бір мақсатты көздейтін қызметін жоққа шығаратын ештеңе де көрмейміз:
олардың бәрі даму шеңберінде ақталған, сондай-ақ тарихтың философиялық және жай
түрде адамзаттың өткенін зерттейтінін көрсетеді. Шындығында, адам қандай да
бостандықта болғанымен және қандай мақсатты көздегенімен, оның барлық әрекеттерінің
себептері бар және ол ортамен, тарихи біртұтас процеспен органикалық байланысқа
түседі,
сондықтан
ол
қоршағандардан
жекеше,
бөлек
қарастырылмайды,
қабылданылмайды. Бірақ, сол кезде, өзімізге мақсат ете отырып, сол мақсатты туындатқан
ішкі рухани процесс пен әлемнің бірлігінен көңілімізді алаңдатқан мәселеден жеке және
бәрінен де бөлек қараймыз.
Даму мен ол туралы ғылым өмір сүруі үшін, дамудың субъектісі болу керек, ең
болмағанда барлық тарихи процесс көлемінде, оның басынан аяғына дейін жалпы
уақыттық және жалпы көрсеткіштік бірлікте болуы керек. Сонымен бірге бір мезгілде
субъекттің бір тұтастығы оның көріністерінің көптүрлігімен сәйкестендірілуі керек, яғни
оған қатысты сыртқы, басқа бірнәрсе емес, өзі дамып жатырғандықтан көріністерінің
көптүрлілігіне қарамастан, бұлдыр сағым сияқты болмай шындыққа сай келуі дамудың
өзін жоққа шығаратындай болу керек. Әлеуметтік даму субъектісін осылай түсіну
Контовскийдің «позитивизм!» метафорасында-ақ қарама-қайшылықты болып көрінуі
мүмкін. Оны негіздеп түсіндіру — философияның ісі. Тарихшы мен тарихтың теоретигі
егер даму идеясынан бас тартқысы келсе, оны болмай қоймайтын негізге алынатын ереже
ретінде қабылдауы керек. Бұл аз болса, даму субьектісінің түр өзгерістері сағым болмаса,
онда субъект, әлеуметтік іс әрекетті адамзат, абстракция да, шексіз индивидуумдарының
сандық жай жиынтығы да болмайды. Ол - әрбір тарихи индивидуумның, соның ішінде
халық, отбасы және т.б. секілді топтық индивидумның да, бірақ осы индивидуум арқылы
шындық пен оның көріністерін жойып жібермейтін қызметінде көрінетін реалды бірлік.
Егер әлеуметтік-қызметті адамзат абстракция болса, тарихи процесс реалдыққа ие болмас
еді, онда ол да, даму да болмас еді. Халықтың, мемлекеттің, топтың, отбасының және т.б.
«тарихының» болуы мүмкін болғандықтан, осы шынайы субъекттерді жекеге