Қазақстанның ашық кітапханасы
301
Айтылатын идеяның өзінің ішкі диалектикалық күшінен басқа, көрсетілетін нәрсе,
проблемалар мен шешімдердің барлық жүйесін тек догматтықпен ұсынуға болады. Ол
бүтін есебінде ұсынылып қойғаннан кейін, бұған дейін жеке шашылыңқы зерттеулерде, не
айқын оймен басқарылмаған не қате оймен басқару арқылы қол жеткендерді, жаңа
көзқарас тұрғысынан түсінуге мүмкіндік береді. Сол арқылы ол өзін, өзінің шығуының
таза фактісі арқылы дәлелдейді. Бұл, догматтықпен бекітілгеннің белгілі философиялық
дәстүрге іштей жақындық жағдайында және негізінен бүкілбірліктің метафизикасы үшін,
ерекше әділетті.
Бүкілбірлік метафизикасы — философиялық ойдың ертедегі дәстүрі. Ол Платон
философиясында тамырланған, жаңа платонизмде және Шығыс Шіркеуі әкелерімен,
Эриугенмен, Николай Кузанскимен дамытылған және негізделген. Лейбниц, Шеллинг
және Гегель жүйелерінде артық немесе кем күшпен және айқындықпен айтылған.
Ақырында, ол ұлттық-орыс философиялық ойының ерекше белгісі болып табылады. Орыс
философтарының, ал дұрысырағы — философтарының, онан тыс тұрғандары, қалай да
орыс философиясын жоққа шығарулары керек және оның тарихына кірісуде, ол тарихты,
дербессіздікті және тіпті орыс философиялық ойының болмағандығын дәлелдеуге әкеледі.
Н.О. Лосскидің, С.Л. Франктің, Б.П. Вышеславцевтің еңбектерінен кейін, бүкілбірліктің
негізгі онтологиялық және гносеологиялық проблемалары айқындалды деп есептеуге
болады. Бұл авторға, оның көптеген тезистерін бұған дейін дәлелденген деп есептеуіне
мүмкіндік береді, тек бүкілбірлік метафизикасының ол қарастырған аспектілерінің өзгеше
белгілерін атап өтуге міндеттейді.
Тәржімалаған
Сапар Оспанов
Л.П. Карсавин
ТАРИХҚА КІРІСПЕ
(ТАРИХ ТЕОРИЯСЫ)
Тарихпен айналыспастан бұрын, ең алдымен, тарих дегеніміз не? Оның мақсаттары мен
тарихи мәліметтерді зерттеудің әдістері қандай, тарихи ойлаудың маңызы, яғни
ерекшіліктері қандай деген сұрақтарға жауап алу керек.
Басқа ғылымдар саласында мұндай сұрақтар оларды тереңірек зерттегенде ғана айтысты
және күрделі болып, ал негізінен жеңіл және біркелкі шешіледі. Ал тарихта олар
тарихшы-мамандар арасында да, тарих теориясымен айналысатын философтар арасында
да, екеуінің арасында да өте күшті келіспеушіліктер тудырады. Әдетте, тарихшы осы
көрсетілген сұрақтарға жауапты арнайы жұмыстардан кейін табады, бірақ бұл жауаптарға
аз ғана адам қанағаттанады. Міне, бұдан әркім өз сұранысына өзі жауап іздеу керектігі
шығады, ал барлық «кіріспелер» оған жалпы және сөзсіз қабылданған ереже емес, тек
алғашқы бағыт беруші нұсқаулар мен кеңестер ғана болады.
Көрсетілген сұрақтарды жеке өзі шешудің ең дұрыс жолы айналысушының тарихи
жұмысқа араласуы болып табылады, яғни тарих бойынша классикалық еңбектердің ең
бастысы - тарихи деректерді ықтиятпен зерттеу.
Міне, осындай жолмен өзге көзқарасты сынау және тарих теориясы саласындағы өз
пікіріңді қалыптастыру үшін кең де жеткілікті материалдарға ие боласын, ал тарих
ғылымындағы басшы принциптер өз негіздемесіне ие болып, мәнін ашады. Алайда осы
принциптерді ұстап қалу үшін тиянақты, үлгі еңбектер мен арнайы зерттеулермен таныс