Page 300 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
300
мұны қабылдауға болмайды; христиандықта «тәннен жирену» және қайта өзгеру идеясын
жоққа шығару есебінде сипатталады. Ал материалдық болғандықтан және шындығында
танылғасын, ол жоғалып кете алмайды, онда букілбірлік те болмаған болар еді. Оның
үстіне, ол даму заматының жетілмегендігімен анықталғанындай, әрқашанда өзінің
шектілігінде де болады. Сонымен бірге өзінің шектілігінде өзінің жетілуінің заматы ғана
бола алады, ал жетілуінде оның шектілігі жойылады, бірақ шектіліктің өзіндегі шын бар
нәрседе ештеңе жойылмайды. Бүкілбірліктегі жоғарғы сатының дамуы төменгіні
жоймайды, тек оны кеңітеді және толықтырады.
Осындағы сығымдалып алдын ала көрсетілген негізде ғарышты Адам есебінде құруға
болады. Тарихшының ойы, тарихтың шегінен метафизика аймағына шығып және өзіне-өзі
сенімді бола отырып, жаратылғанның бүкілбірлік болмысына көтеріліп және оны рухани-
көңіл сезім тәндік бірлігі Адам есебінде түсінеді. Бұл деректі қарапайым сипаттау шегінен
шығуға мүмкіндік бермейтін рухани-көңілдік пен тәндіктің параллелизмдік теориясы
емес, ешнәрсені түсіндірмейтін, олардың себептік өзара әсерлерініңде теориясы емес. Бұл
гилозоизм емес, себебі біз түсінетін түрдегі материя реалдылық емес, кемітілген
реалдылық деп танылады; материя мен тәнді бекерге шығару да емес, себебі кемітілудің
өзінде реалдылықтың актуалдылығының жетімсіздігі қаралады. Бұл — бүкілбірлік
теориясы. Және ол әлемді дамушы бір тұтастық деп түсінуге мүмкіндік береді. Адам
барлық табиғатты және барлық тарихты өзінде ұстайды. Ол өзінің кейбір сапаларында, —
тарихи болмыста, тарихтың тартылған бүкілбірліктік субъектінде, — бәрінен де
толығырақ жекешеленеді және жүзеге асады. Ол өзінің өзге сапалануында, — табиғи
болмыста және Табиғат есебінде, — көрінуінің ең төменгі сатысында болады. Бірақ
Табиғатта оның басқа, тарихи болмысқа да және тарихи білімге де ең ақырына дейін
ұғылмайтын жақтары, абсолютті құндылығы (жетілгендіктен көп алшақ болса да)
ашылады. Олар танылуы үшін, тарихи адамзаттың жетілуінсіз мүмкін болмайтын,
адамның білімі жетілуі қажет. Бірақ Адамның өзінің, сонымен бергі Табиғаттың да
жетілуі дегеніміз — тарихи адамзаттың жетілуі. Сондықтан метафизика тек жалпы
бағытты көрсетеді және нақтылы жеке қорытындыларға ғана көмектесе алады. Ол тарихи
адамзаттың сапалануы, Табиғатты тарих етуге күші жоқ.
65. Бұл кітапта дамытылған тарих философиясы арнайы тарихи жұмыстардың және
нақтылы тарих туралы зерделеулердің негізінде шықты. Тарихи жұмыстардың өзінен
тікелей шыққан негізгі идеялар өздерінің дамуында белгілі бір метафизикалық
тұжырымдарға қажеттілікпен әкелді. Екінші жағынан, метафизикалық ізденістер де
соншалықты мәжбүрлілікпен нақтылы шындық аясына, яғни тарих аясына, қайтарды. Көп
жағынан, кітаптың автор үшін де айқын кемістіктерін түсіндіретін генезисі осындай.
Нақтылы тарихтан оның негізгі және қажетті метафизикалық алғышарттарына (өзімнің
«Теория истории» кітапшамда) жақындап, автор енді кері бағытта, — метафизикалық
жүйеден тарихи шындыққа және тарих ғылымына, — жүруге жасаған талабы, оның бұл
зерттеуде толық ашылуын және негізделуін таппағаны өзінен-өзі түсінікті, және оның
бүкілбірлік метафизикасы деп аталғаны дұрысырақ болады. Сонан, осындай «аралық»
немесе «орталық» жағдайдан, менің кітабымда орын алған проблематикадан, баяндаудың
нақтылығының жеткіліксіздігі де, оның кейбір догматикалығы да туындады.
Догматикалық баяндаудан құтылу тек бір әдіспен ғана мүмкін еді — «тарих
философиясынан» бұрын көлемді метафизикалық зерттеу жүргізу керек еді. Оның орнына
автор, кейбір өте сығымдалған негіздеулермен, бұған дейін жарыққа шыққан, бұл
жағдайда ең маңызды өзінің тұжырымына сілтеме жасаумен және өзінің келешек
жұмыстарына деген вексельдермен шектелді. Оның бұлай істеу себебі — «тарих
философиясын» белгісіз уақытқа және басқа бір өзге негіздерге байланысты, қалдырғысы
келмеді. — Баяндаудың догматтығының белгілі, тек оның өзіне тән құндылығы бар.