Page 299 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
299
және менің санам үшін менің тәндік кейпіммен байланысты сезіледі. Көңілдің бұлыңғыр
жергілікті заматтарынан, біз, бір-бірін шығаратын, «сәйкес емес» және қалай да
басталатын шектелген-кеңістікті болмыс заматтарына өтеміз. Және, «ауыр» ойлар, «ауыр»
сезімдер, — ешқандай балама тұжырымдар емес; бұлыңғыр сананың біздің көңілімізге тән
«көлемдік» сапасы — ешқандай елес емес. Мен айтарлықтай дәл жергіліктендірілетін
(локалдандырылатын) және кеңістікте орнықтырылатын сезімдер туралы тіпті де айтып
отырған жоқпын. Мұның бәрі, әрине, кеңістіктік-заттық әлем емес; бірақ мұның бәрі —
біздерді соларға жақындататын, қайсыбір мөлшерде кемітілген және де әр түрлі
дәрежелерге иелік ететін бүкіл кеңістікті көңіл болмысы. Егер де біз маған бөгде көңіл
жағдайлары туралы «деректерге» көңіл бөлсек, онда біз бақылауларымыздың ауқымын
кеңейте аламыз. Бұл «ахуалдар» маған да, өзге субъектіге де ортақ бір нәрсе болады. Олар
бөгде болғандықтан, мен үшін менің барлық көңілдігімнің кеңістіктік шегінен тыс
есебінде, маған берілген менің «жағдайларымның» кез келгенінен, «кеңістіктегі»
қашықтық есебінде, мен оларды қабылдаймын. Бірақ, сонымен бірге, мен оларды
мазмұндық немесе менің қамтығаным есебінде де қабылдаймын.
Ар жақ бер жағынан біздің көңіл сезіміміз өтпеген кеңістіктік заттық әлем бізге белгісіз.
Және мұнда ешқандай да солипсизм жоқ, себебі, біріншіден, ол осылай өткендіктен
сыртқы дүние басқа; екіншіден, бүкілбірлік теориясы тұрғысынан алғанда, барлық көңіл
болмысы менің көңіл сезіміме таңылған. Кез келген дыбыс немесе түс, кез келген зат және
әлдебір көңіл сезімдік: көңіл сезімдегі «сыртқымен» соншалықты тығыз және үздіксіз
тұтасқан. Менің қабылдаған нәрселерімді менің көңіл сезімім қазір де және әрқашанда
олардың ар жақ бер жағынан өтеді. Және осы сыртқының көңіл сезімдік жағында, әрине,
«менікі» де «өзгенікі» де бар (мен сияқты өзге субъекттердің де көңіл сезімдері, сондайды
қайсыбір кезде қабылдаса, бүкілбірлік субъектінің көңіл сезімін және, шамасы, кемінде
өте ықшамдалған, ең жоғарғының көңіл сезімі, деу керек).
Өзгенің көңіл күйін қабылдағанда істей алатынымды, мен материалдық заттар мен
құбылыстардағы көңілдік жағынан, олардың өзі де болып табылатын «өзгені», бөліп ала
алмаймын. Мен қабылдаған ағаштың немесе тастың сыртында қандай өзге болмыс
жатқанын мен білмеймін. Рухани-көңілдік меннің денелік менге үздіксіз өтуі маған
белгісіз. Бірақ, ең жоғары дәрежелі мүмкіндікпен менің сендіре алатыным, менің рухани-
көңілдік өмірімнің жалғасуы — тереңге немесе үстінде — менің тәндік өміріме
бағытталған, менің тәндігім, — оның өзгеше сапалануы және оның бүкілкеңістіктілігінің
ықшамдалуы мағынасындағы, менің көңіл сезімімнің жалғасы. Егер менің тәндік
болмысым және тәндік болмыс жалпы, ең болмаса менің көңіл сезімдік дәрежесіне дейін
жеткен болса, онда олар жойылмас еді. Олар қазірде де өзінің көңілдігінің бір «жағында».
Бірақ, әрине, бұлай болғанда тәндік болмыстың кеңістіктегі шектеулілігі жойылар еді.
Осымен байланысты, ен қолайлы материяның динамикалық теориялары туралы бірнеше
ескертпелер керек. Олар материалдық процестің көңіл сезімдік жағын немесе көңіл
сезімдік субстратын анықтауға тырысады, бірақ оның «сырт» жағы да көңіл сезімді болса
да, «сыртқы» жағына елестік рөлге шығаруға бейім. Материалдық процестің негізінде
қандай да бір субстанцияның, қайсыбір «психойдтық» процестің іс-әрекеттері жатуы
мүмкін. Бұл субстанция біздің тарапымыздан «постулатталуы», дәлелденуі мүмкін , ал
онан арғы біздің дамытуымызда өзгелерден ажыратылуы да, материалдық процестен
өтетін көңіл сезімдіктің бөлінуі мүмкін. Бірақ мұнан, қазіргі біздің «сыртқы» есебінде
қабылдайтынымыз, өзінің барлық жетімсіздігіне қарамастан, өзінде абсолюттік
құндылықты сақтамайды, ол құриды және басқамен ауыстырылады деген шықпайды.
Мұндай, Лейбництің де, Канттың да, Гартманның да және соңғы кездері Н.О. Лосекидің
де материяның жойылу мүмкіндігі туралы, болжам түрінде айтқан тұжырымдары,
материяны елеске телудің талабынан өзге ештеңе емес. Букілбірлік теориясы тұрғысынан