Қазақстанның ашық кітапханасы
29
Сатылы реформалардың жақтаушысы Гизоға 1830 жылғы революцияны қабылдауына
тура келеді, алайда ол енді консервативтік бағытты қалайды. Гизо, ағылшын үлгісі
бойынша жасалған анархия мен деспотизмнің «алтын аралығын» құрайтын реформаның
бастаушысы болады. Гизо революция мен наразылықтың негізгі қарсылас тұлғасына
айналады. 1848 жылы революция басталған кезде ол Лондонға қашып, тарихи
зерттеулермен қайтадан айналысады. Француз академиясындағы ықпалы мен көптеген
достарының арқасында ол 1849 жылы Францияға қайтып оралады. Гизо 1874 жылы 12
қыркүйекте Валь-Ришеде қайтыс болады.
Гизоның кеңінен танымал еңбектерінің қатарына жататындары — «Карл I заманынан
басталатын Англия революциясының тарихы» (Histoire de la revolution d'Angleterre depuis
Charles I, 1826-1827); «Еуропадағы өркениет тарихы» (Histoire de la civilisation en Europe,
1828); «Франциядағы өркениет тарихы» (Histoire de la civilisation en France, 1830).
Сонымен катар ол 25 томдық Франция тарихының және 31 томдық Англия тарихына
катысты деректер жинағын дайындаған. 1848 ж. кейін XVII ғасырдағы Англия тарихына
байланысты Гизоның қосымша алты томдық еңбегі жарық көрді. Сонымен бірге Гизоның
құнды еңбектерінің қатарына жататындары 9 томдың «Естеліктер» (Memoires) мен
шеберлі жазылған «Менің немерелеріме әңгімелеген Франция тарихы» (Histoire de France
racontee amespetits-enfants, 1870).
Ф. п.-г. ГИЗО
ФРАНЦИЯДАҒЫ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫ
I том
Француз өркениеті мен тарихының қандай да бір Францияны ашу мүмкін емес кезде
басталуы қалай болды?
Бұлай болу себебі — халықтардың өмірінде көрнекті бірлік, атауы мен билігінің
бірдейлілігінің маңыздылығына қарамастан, шынында да ұлтты құрайтын ен негізгі және
мәнді нәрсе емес. Билік пен тағдырлардың бірдейлілігімен емес, қоғамдық элементтердің,
құқықтарының, идеяларының, сезімдерінің, тілдерінің ұқсастығынан пайда болатын терең
қуатты бірлік болды. Бұл бірлік олардың жақындасу формаларында емес, коғамға біріккен
адамдардың өздерінде болды. Бір сөзбен айтқанда, бұл — адамгершілік, саяси бірлік,
оның негізі қуаттылықта болып табылады.
Сонымен француз ұлтын құраған бірлік пен күрделі ағзаның бесігі X ғасырдың соңынан
басталды. Бұл ұлт болып қалыптасуы үшін көп ғасыр мен ұзақ күш-жігер талап етеді.
Алайда бұған дейінгі кезеңде мұның элементтері бар болды және тіпті олардың даму
барысында да ажыратуға болады. V ғасырдан VIII ғасырға дейін, мысалы, Ұлы Карлдың
басқаруымен сыртқы саяси бірлігі X ғасырға қарағанда өте жиі көбірек және күшті болды.
Егер сіз затқа, адамдардың өздерінің моральдық жағдайларына терең үңілетін болсаңыз,
сіз одан бірліктің болмағанын байқайсыз. Нәсілдер арасында терең алауыздық, тіпті
жауласушылық бар, заңдар, аңыздар, әдет-ғұрыптар, тілдер өзара күреседі. Қоғамдық
жағдайлары мен қатынастарының ортақтығымен де, тұрақтылығымен де ерекшеленеді. X
ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Ұлы Карл кезіндегідей бірлік болған жоқ. Бірақ
нәсілдер өзара араласа бастайды, заңдардың әртүрлілігі енді барлық заңдылықтардың
негізін құрамайды. Қоғамдық қатынастар бекіп, феодалдық құрылымдар барлық аймақта
жоғары өрлей бастайды. Латын тілі мен герман диалектикасы арасында диалектикалық
ерекшеліктің орнына, оңтүстік роман және солтүстік роман тілі деп аталатын екі тіл пайда
бола бастайды. Олар әр түрлі болғанымен, шығу тегі мен сипаты бір болғандықтан, уақыт
өте келе бір тілге айналады. Адамның рухындағы алауыздық та жойыла бастайды.