Қазақстанның ашық кітапханасы
298
көрінбейді, табиғаттан да толығырақ көрінеді. Адам тек рухани-көңілдік қана емес: ол
денелік те; адам ғана емес, жануарлар да материя да, микроғарыш та, бүкілбірлік Адам
есебінде, макроғарыш. Сондықтан Табиғат пен Адамды қамтитын ең жоғарғыға
жаратылған болмысты бүкілбірлікке ең дұрыс келетіні — Адам, Адам ата немесе Кадмон
Адам деген атау. Тек, осылай атай отырып, толықтығы аздау, жетілген көрінісі аздау
болса да, адамзат сияқты, табиғат та оның сол сияқты ерекше-сапаланып ерекшеленуі
екенін ұмытпау керек. Және ол адамнан, бізге көрінетіндей, соншалықты ажырап кеткен
емес. Жануарлық және материалдық тіршілік иесі болғандықтан, және оларды өзіміздің
руханилығымызбен және көңіл күйімізбен игере отырып, біздің әрқайсымыздың өзімізде
табиғатты тұтамыз.
Қазіргі санада руханилықты, көңіл-күйді және денелікті (материалдықты) бір-бірінен өте
бөліп және салыстырып қарауға деген бейімділік терең орныққан. Біздің бәріміз
нанымның билігіндеміз — біздің бәріміз көңіл және, әсіресе руханилық кеңістік пен
уақытты тысқары ететін және оны жоқ етуші есебінде қараймыз. Бұл бейімділікті
діндарлық терминдерде не манихейлік, не докетизм деп анықтауға болады. Шындығында,
руханилық-көңілдік кеңістіксіздік те емес және уақытсыздық (не уақыттан тыстық) та
емес, барлық кеңістіктік және барлық уақыттық, оның үстіне шектелген де. Руханилық-
көңілдік — шектелген-барлық уақыттық немесе «бастапқы-кеңістікті». Әрине, ойлар мен
сезімдерді мөлшерлеуге, салмақтауға және иіскеуге болмайтыны туралы қызыл сөзді
пікірлердің (айтушы және тыңдаушы үшін) «педагогикалық» пайдалылығын жоққа
шығарудың керегі жоқ, «рухани тәжірибе» туралы айтуға болады. Бірақ бұның бәрі өте
абстракциялы, жасанды және метафизикалық тұрғыда қысыр ойға, әтек, белсіз
адамдардың философиясына жатады.
Кәдімгідей түсінілетін, рухани мағынадағы ешқандай да «сананың күйі» жоқ. Әрбірі
өзінде және кеңістікте сапаға ие, ойша, яғни реалдылықтан бас тарту арқылы, елестетуге
болады. Бірақ мұнан, кез келген «сананың күйі» кеңістікте шектелген деуге болмайды. Біз
өзіміздің рухани-көңілдік өмірімізде, кеңістік тұрғыда бір-біріне қосылмайтын заттарды
«бірден» үйлестіріп ұстауға болатын «күйді» немесе «актіні» байқай аламыз. Менің
алдымда тұрған нәрсені де және оның алдында сол жерде болған ауаны немесе сол
нәрсенің есімде қалған өзін мен «бірден» ойлаймын. Сондықтан дененің қозғалысы мен
үшін кеңістіктің көптеген жерлерінде бірден қабылданады немесе елестетіледі. Мен
кеңістікте сәйкеспейтіндерді ойша қамти аламын және денелердің өткізбейтіндігінен
өтемін. Мен, тәннен тыс реалды өмір сүре алмайтын өзім туралы, қазір жазу столының
алдында отырғандай да, көп уақыт бұрын кетіп қалған Петербургтағыдай да, Лейпцигте су
толқындарын тыңдағандай да, ойлай аламын. Барлық жерлерде де мен өзімді көңілдік-
тәндік жан есебінде ойлаймын. Бірақ менің өзім туралы ойым немесе өзім туралы
естелігім, әрине, ықшамдалған, бірақ ықшамдалған түрінде де толық реалды бола алатын
— менің өзіммін. Менің ойым үшін, оған кеңістіктік шектеу жоқ деген мағынадағы,
кеңістік жоқ. Бірақ менің ойым, өзінен тыс (қандайда бір басқа кеңістікте) кеңістікті
жоққа шығармайды, оны өзінде сақтайды. Ол бүкіл кеңістікті; менің реалды қабылдайтын
және менің эмпирикалық жерде өмір сүрген жалпы уақытымда ғана емес, және онан да
көп, ауқымдағы кеңістік. Белгілі бір мағынада, бұған дейін болған, бар және қайсыбір
кезде болатын барлық адамдармен бірлік құраймын ғой. Мен өз санамды немесе бүкіл
кеңістікті деуім қажет немесе кеңістікті түсіндіруге келмейтін галлюцинация деп
мойындап, сонымен бірге менің санамда заттардың өзі емес, олардың көшірмесі деп
бекітемін. Бірақ менің санам тіпті бүкіл кеңістіктік емес те, шағындалған-бүкіл кеңістікті
немесе «бастапқы-кеңістікті».
Ең дерексіз ой менің кеңістікті-шектілі тәндігіммен сезімді байланысты және белгілі бір
мағынада жергілікті (локалды). Ең «таза» жігерлік іс толығымен бүкіл кеңістікті емес