Қазақстанның ашық кітапханасы
297
екінші жартысындағы және XX ғ. басындағы философиялық дамумен салыстырсақ,
батыс-еуропалық мәдени процесті толығымен сипаттайтын философиялық дамытуға
болатын өте кең тезиске ғана қолдануға болатын, мынандай тезис ұсынуға болады. —
XVIII ғ. аяғындағы және XIX ғ. басындағы философиялық ойдың жағдайы, басқа
бірнешеулеріне бастама болатындай, бір ауқымды жекеше жүйеде айтылуы мүмкін және
қажет еді. Дәуірдің атауы әлі әмбебабты-жекешеленген, яғни жекешеленуі жекешеленудің
әмбебабтыққа бағыттылығында. Философиялық зерделеуші тұлға бүкіл әлемді өзіне
сыйғыза да және қамти да алады, және сондықтан, бұл бүтіндік айтарлықтай жіктелмеген,
және сондықтан, тұлға соған бағытталған және оны рационалдықпен шектейді.
Философиялық зерделеу әрқашанда жекеше, бірақ XVIII-XIX ғ. оның әлем жүйесінің
тұтастығын қамтып көрсетуі табиғи көрінді, ал онан кейін, ХІХ-ХХ ғ. тұтастыққа деген
қызығушылық жойылады және оның көптүрлілігін қамтуға күш жоқ болды. XVIII-XIX ғ.
философиялық зерделеудің табиғатында әмбебабтық-жекешелік жүйенің айтылу
ұстанымы болды. Бірақ бұл философиялық зерделеу өзінің негізгі интуициясында
шектеулі, яғни оның барлық жекешеленулерінсіз ол эмпирикалық түрде бола алмайды.
Сонымен, Кант жүйесі (кез келген басқасындай) философиялық дамудың салдары емес
және оның факторы емес. Ол — оның типтік көрінісі, оның жекешеленуі. Өзара әсер
проблемасы, «себеп», «фактор», «кездейсоқтық» терминдері, Канттан тыс философиялық
процесті философиялық процестен тыс Кантпен салыстырғанда ғана, яғни тарихи замат
деген түсінікті жоғалтқан кезде және функциялар патшалығында болған кезде шығады.
<...>
64. Тарих шекаралары әлеуметтік-психология және кеңістік-материалдылықтың
араларындағы айырмашылықпен анықталады. Тарихшы, қандайда бір түсіндірулерден бас
тартып, тек олардың араларындағы осындай қатынастар жүйесінің бар екенін көрсетумен
ғана шектелуіне болады. Бірақ ол өз ғылымының шекаралары туралы жиі ұмытады. Және
бұл ұмыту, ең алдымен, тарихты табиғаттан «шығару» талаптарынан немесе, тарихи
процесті антропологиялық, биологиялық, географиялық және т. б. «факторлармен»
қамтамасыз ететін, орташа формалардан көрінеді. Екінші жағынан, тарихшы, адамның
табиғатпен арақатынастарын сипаттауда олардың қосарлы бірлігін интуитивті аңғарған
кезде де өз ғылымының шекараларынан шығады. Біз, Ключевскийдің ұлы орыстық ұлттық
мінез-құлық пен Ұлы ресей табиғатымен немесе оңтүстік-орыс жазығының әлеуметтік-
психологиялық мағынасымен байланысы туралы жолай айтқан пікірін өте бағалаймыз.
Тациттің Германия табиғаты туралы ескертпелері бізге өте құнды және дәл болып
көрінеді. Көптеген тарихи процестің заматтарын түсіну үшін де ландшафттың және
әрекеттік жерлердің, қандай да бір Каталундық далалардың , ортағасырлық қаланың,
Революциялық дәуірдегі Париждың және т. б. дәл сипамалары қажет. Және өзінен -өзі
түсінікті нәрсе, біз педанттықпен, тарихшы мұндай сипаттамалардан және
мінездемелерден тартынуы керек, деп талап етпейміз. Бірақ ондайларда ол тарихшы емес
және бізге тарихтан жоғары бірдеңе беретіндігін біздің мойындауымыз керек. Олардың
бергенін негіздеу және дамыту үшін танылмайтын интуицияға сену жеткіліксіз. Оның
табиғатын және оның метафизикалық алғышарттарын ашу, яғни тарих шекарасынан
саналы түрде шығу, қажет.
Бұл жерде біз бұл міндетті өзімізге қоймаймыз, Тарих пен Табиғат қалай татуласатыны
туралы проблеманың шешуін бермек емеспіз. Бірақ біз, мұндай шешімнің, біздің
теориямен тығыз байланысты кейбір алғышарттарын, және оның ізделуі қажетті бағыттың
көрсетілуі мүмкін деп есептейміз.
Адам (тарихи болмыс) мен Табиғаттың арақатынастарын түсіндіру үшін оларды өзінде
ұстайтын және соларда ерекшеленетін заматтарға көтерілу керек. Бұл замат, «тарихи
адамнан» (тарихтың субъектісі мен объектісі адамзаттан) көрі, адамда толығырақ қана