Page 296 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
296
айқын мысалдарының бірі. Кант жаңа философияның дамуын анықтаушы ең күшті фактор
есебінде көрінеді. Онсыз — бұл ешбір күмәнсіз — ол басқа жолмен кеткен болар еді.
Солай ма? Қазіргі кезде күресетін күшті философиялық бағыттардың бірі, Ф.А. Ланге
кейіннен қайта оралған, XIX ғ. ұлы идеалистік жүйелері бастау алатын, философия
тарихшылары Канттың ықпалының ізін анықтайды, яғни XIX және XX ғ. басқа бағыттар
өздерін оған қарсы қояды. Бірақ, Канттан кейінгі кездегі, Фихте жүйесінен Коген жүйесіне
дейінгі, өзінің мәні бойынша кантшылдық дегеніміз не? — Кантқа олай немесе былай
жақындайтын философтардың әрқайсысы Кант қойған кейбір тұжырымдардан шығады.
Бірақ ол оларға жәй ғана сеніп қоймайды (дегенмен, және де бұл жиі болады), оларды
ақиқат деп санайды, яғни сәтті немесе сәтсіз — Кант сырттай топшылаған, сол
объективтік Ақиқатқа барып тіреледі. Әрине, Кант, оның назарын объективтік Ақиқатқа
бұрып, оған көмектесті. Сұр бойдақ шебер акушер болып шықты. Бірақ, Кант болмаса,
біздің философ басқа кіндік шешеге көмек сұрап бармас па еді, оны ешкім де дәлелдей
алмайтын нәрсе. Тағы да, онан да болуы аз нәрсе, оны таппаса, ол туу ісінен қалыс қалар
ма еді. Онан әрі дәлелдеуі мүмкін емес нәрсе, Канттың көмегінсіз туылған баланың
басының қабысуы аз болар ма еді, дегенмен айқын нәрсе, ол қазіргіден көп өзгеше болған
болар еді. Канттың ықпалынсыз, Фихте, Шеллинг және Гегель өздерінің немесе тіпті
өздерінің, әдейі әр түрлі терминологияларын ойлап табатындықтары күдіксіз. Бұл нашар
болған болар ма еді, кім біледі. Алайда Канттың орнын Гегель басуға тырысуы мүмкін еді.
Кант философиясының кемеңгерлігі қаншалықты ұлы болса да, ол аспаннан салбырап
түскен жоқ, XVIII ғ. философиясының құрсағынан шыққан, Вольф, Лейбниц, Юмнан
тәрбиеленген, батыс-еуропалық діни мәдениетпен анықталған. Тек католиктік-
протестанттық діндарлықтың топырағынан ғана Канттың негізгі идеясы — өзіндік зат
идеясы шыға алған болар еді. Канттың кемеңгерлігі оның алаңсыз жаңа бірдеңе ойлап
тапқандығында емес.
Философия тарихшылары сыни философияның генезисін асқан ынтамен зерттейді. Және
осы зерттеуде өте қызықты нәрселер ашылады. Кант өзінің негізгі идеяларында XVIII ғ.
философиясының диалектикалық қажетті «салдары» болып табылады. Сол ғасырдағы
әрбір философияны байыпты зерделеуші сыни философияның негізгі ойының маңында
жүрді. Сол кездегі философтардың ішінде мүмкін деген, актуалды және потенциалды
Канттар көп болған еді. Ерте ме, кеш пе, бірақ тап осы жылдары жарық дүниеге Құдайдың
Канты келуі керек еді. Тарихшы үшін қауіпті нәрсе, оның XVIII және XIX ғасырлар
тоғысында Канттың философиясының қажеттігін көрсете алмайтындығында емес, ол
ондағы жекешелікті, ерекше-Канттықты дұрыс бағалай алмай, даму процесін жеңілдетіп
және тиянақсыз түсінуінде болар еді. Бүкіл Канттың, философиялық ой тасқынының
үстіңгі қабатында, философиялық, мағынасы жоқ, атын ғана қалдырып, батып кету қаупі
бар.
Шындығында философия дамуына Кант тұлғасы несімен эсер еткенін, қай жағынан ол
«фактор» болып табылатынын, біздің анықтауға, шамасы, мүмкіндігіміз жоқ. Бізге:
кемінде Кант дәуірінің потенциалдық жүйесін жекешелендірді және соның арқасында оны
актуалды етті, деуі мүмкін. Бірақ жекешелендіру қай жерден басталады? Жекешелікті
жалпылықтан қалай айыруға болады? Мүмкін, іс тіптен киын жағдайда шығар. — Егер біз
назарымызға дәуірдің философиялық идеясын ғана емес, сонымен бірге философиялық
зерделеудің сипатын да алатын болсақ, онда, философиялық ойдың әрқашанда да дерлік
кең және айшықты жекеше жүйелер түрінде көрініп, және Кант жүйесінің ізін ала,
маңыздылығы кем емес, Фихте, Шеллинг, Гегель жүйелерінің келу фактісі кездейсоқтық
болып көріне қояр ма екен. Әрине, олардан тыс және олардан кейін орташа философиялық
ой өзін, сол негізгі интуицияны басқа жағынан ашумен емес, солардың айтқандарын
сіңірумен, шектейді. Брунодан Гегель мен Шеллингке дейінгі философия дамуын XIX г.