Page 295 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
295
уақыттың қас қағымындағы дене), ал және, оның уақыт пен кеңістіктегі ашылатын
тұтастығымен, басқалардың олай немесе бұлай «жанасуға» түсетін, оның кеңістік-
материалдық болмысы. Пендені уақыт пен материядан механикалық жұлып алуға немесе
елестегі, шартты кеңістікке қуып тығып және жауып тастауға болмайды. Біздің
пайымдарымыздың негізінде, пенде тәнін өзгермейді және қозғалмайды деп есептейтін
ыңғайлы болса да, тоғышар дағды жата алмайды. Бұл дағдыны аластатсақ та, пенделердің
сыртқы шекараларын дәл жүргізудің құралын таба алмаймыз. Шындығында, кез келген
қабылданатын «жалпының», тіпті материалдықтың және нақтылықтың арасына қалай
шекара жүргізуге болады? Егер біз қанша пенде болса сонша қабылдап және «жалпыны»
қабылдамайтын болсақ, онда біз үмітсіз қайшылықтарда маталамыз. Біз қабылдау ісінде
«объектілік» пен «субъектілікті» қандай да бір сыртқы әдіспен ажырата аламыз. Барлық
осы қиындықтар, сыртқы дүниені қабылдаудан білім мәселесіне көшкен кезде,
бұрынғыдан да айқындала түседі.
Егер біз ұжымдық жекешеленуді алсақ та және, егер жеке пенделерді алған жағдайда да,
жекешеленулердің ара қатынастары теориясын, олардың абсолюттік жекешеленулері
тұрғысынан шығып жасау мәніс тұрғысынан мүмкін емес екендігі айқын. Пенденің тәндік
шарттылығы (оның үстіне шартты-құрылған) тарихшыны тек дұрыс жолдан тайдырады
және оны, тарих теориясының ауқымында шешілмейтін метафизикалық проблемалардың
алдына қояды. Пендені іштен анықтағанда, біз оны бүкілбірліктік жекешеленуге
тартылудағы азаматтық заматын, кез келген ұжымдық тұлғанікіндей, қараймыз.
Дамудың қандай да бір жекешелену-сапалануларының бір заматын, мысалы, — Орта
Ғасырлардағы философия тарихын, зерттегенде біз философиялық ойды, жеке
философтардың ілімдерінде көп түрлі сапаланған, әлдебір бірлігі деп түсінеміз. Кейде біз
қайсыбір философиялық ойдың ағымын, философтардың аттарын ескермей-ақ, қалай
болғанда да — олардың жеке ерекшеліктеріне тоқталмай-ақ, сипаттаймыз. <...>
Жекеше философиялық дүниетүйсінуіндегі баршалыққа ортақ жалпы идея ағымын ашу
қажеттілігі мен пенделік ерекшелігі неден тұратынының арасына айқын шекара жүргізу
мүмкін емес. Бірінші екіншісіне байқалтпай өтеді; екіншінің өзі біріншінің ашылуы болып
табылады. Жалпы дерексіз болмайды, өз мәнінде кез келген философиялық дүниетүйсіну
әрқашанда жекеше. Бірақ жекешелік — әрқашанда жалпының жекешеленуі. Және егер
философтың тұлғалығы айтарлықтай айқын болса, егер ол сирек кездесетін және
айтарлықтай ерекше болса, онда қазір сипатталған философиялық дамуды жекешеленусіз
түсіну тәсілі өзінің жетімсіздігін айқын көреді. Тарихшы проблемаларды дерексіз-жүйелі
баяндаудан бастартуға және жеке жүйелерге бет бұруға мәжбүр. Ансельм
Кентерберийскийдің, Абелярдың, Фома Аквинскийдің және т. б. жүйелерін
түсіндірмейінше, XII—XIII г. схоластикасын түсіндірмейінше, табиғилыққа қарсылық
және педантық болған болар еді. Бірақ мұнан бұрынғы «жалпы» баяндау әдісі еш қалай да
дұрыс емес деуге болмайды. Ол өзін жаңада сақтайды. Тұлғаланбаған (айтуда ғана емес,
бірақ белгілі бір деңгейге дейін, баяндаудың өзінен де объективті және мотивтелінген)
философиялық зерделеу ағымы тосыннан толығырақ, байырақ, көптүстірек болады. Оның
негізгі тенденциялары өздігінше ерекшелене бастайды. Нақтылы-потенциалдық
көпбірлілік нақтылы-актуалданады, сондықтан өз орайында потенциалданып, кейде оның
бірлігі жойылады.
Сапалану өзінің жекешеленулерін алдын ала анықтамайды және олардан тыс бола
алмайтын болғандықтан да, ол оларға байланысты фактор бола алмайды. Дәл осылай және
азаматты да сапалану, ол үшін жоғары болып табылатын күш сияқты, анықтамайды. Жаңа
философия тарихындағы Канттың шешуші әсері туралы пікір таралған. Шамасы, бұл
жерде біздің алдымызда — тұлғаның философиялық процестің дамуына әсер етуінің ең