Қазақстанның ашық кітапханасы
294
заматтарына байланысты құрылады және танылады: даму позитивтік прогресс немесе
регресс категориялары арқылы ғана түсініледі.
Бірақ салыстырмалылық салыстырылудың абсолюттік мәні бар мақсаты бола алмайды.
Тарихқа қажетті бүкілбірлік және абсолюттік идеал теистік концепцияларда жоқ. Теистың
ниетіне қайшы болғандықтан және сондықтан оның дамуының тек бастапқы сатысында,
Абсолюттік Оның әлеміне қатынасы бойынша алынады, Ол антропоморфиялық тұрғыдан
зерделенеді: сыртқы заңды беретін, сыртқы мақсаттарды көрсететін адамдық жігер
сияқты. Және осы жерде теизмнің екі бағытының арасындағы айырмашылық күшіне
енеді. Біреуі, бәрінен айқын түрде иудейлікте берілгендей, адамзаттың жүзеге асыратын,
бірақ оған сырттан Құдай жазған, даму жолы. Басқасы, эллиндік зердеде ашылған,
болудың «заңын» анықтау. Бірінші, негізінен, теистік, ең эмпирикалықтың өзінде және
нағыз жаратылған мақұлықта шоғырланған; екінші, пантейзмен туыстау, — Құдайлықта.
Екеуі де тарихи болмысқа, бірін-бірі толықтыра, әр түрлі жақтан жақындайды, бірақ екеуі
де жеткіліксіз және екеуі де атеизмен және скепсиспен аяқтайды.
Иудейлік дүниетүйсіктегі тарихилық, эллиндіктегі тарихқа қарсылықты атап көрсету
қалыптасқан. Біз тарихилықты социологизмге қарсы қоятын болғандықтан да біріншіні
иудаизмге, екіншіні эллиндікке шығарамыз, сірә, біздікі дұрыс та. Бірақ біз, жалпы
ұғымдарсыз ... тарихилық, — тарихтардың ең нашар түрлерінің бірі екендігін
ұмытпауымыз керек. Біз, екінші жағынан, таза социологизм, нақтылы-жекешелену
құндылығын бекерлеуге әкелгендіктен, нәтижесіз және жалпы әдіснаманың шегінен
шығуға күші жоқтығын ұмытпауымыз керек. «Тарихилық» және «социологизм», дерексіз
алынып, және, менің түсінігімше, эллиндіктерді тарихилықтан тыс деп дәлелсіз кінәлау,
тарихты бір ғана заматқа тіреу талпынысынан басқа ештеңе емес <...>.
41. Бүкілбірлік идеясына сүйене отырып, біз адамзат тұтасымен немесе оның әлдебір
жекешеленуі зерттеу объектісі екендігінен тәуелсіз мағынасында және оның
«жалпылауға» және «жекешелендіруге» бөлінетіндігінің жоқ екендігі мағынасында,
тарихи әдістің бірлігі туралы айтуымыз керек. Нағыз тарихи зерттеу әрқашанда барлық
адамзатқа қатысты, «бүкіләлемдік-тарихилық»; дамудан ең майда заматтарды лақтырып
тастауға болмайтындығында ғана емес, қандай да бір жекешеленудің дамуына тартылған
әрбір замат жалпы адамзат дамуының өзі екендігінде. <...>
62. Тұлғаның басқа тарихи заматқа ықпалының проблемасын оның нақтылы
жағдайларына — нақтылы тұлғаның ықпалы (тұлғаның тарихтағы рөлі) туралы сұраққа
әкелуге болады. Егер, процесс пен нақтылы пенденің арасындағы механикалық
байланысты орнатуға болмайтынын көрсетуге болса да, a faction шамасы, шектеулері
тіптен қиын, ұжымдық ерекшеленулерге қолдануда да оны қою мүмкін емес.
Менің түсінігімде, өзгеру және себептілік категорияларына сүйенетін тарихшылар,
сонымен қатар ұжымдық тұлғаларға — таптарға шешуші магына беріп, нақтылы тұлғаның
рөлі мен маңыздылығын жоққа шығаруға өте бейім болатыны, тарихнамаға тән
парадокстық факті. Бұл парадокс, әрине, пенделерді біртектес атомдар мағынасында
түсінумен және — жаңа дәйексіздік — тап есебінде нақтылы пенделік бет бейнені
мойындаумен байланысты.
Нақтылы айтқанда, бір пенде басқадан несімен ерекшеленеді? — Өз денесінің кеңістіктегі
сызығымен, оның үстіне, тағы да, сірә, ерекшеленуінің кеңістігімен «quod in os intrat, in
ventrem vadit et in secessum emittitur» . Тарих үшін, оның үстіне бүкілбірлік теориясында,
пенде заттық денелігімен маңызды емес, міндеттілігімен түсінілудің мәні басқа. Тарих
пендеге рухани-көңілдік жағынан келеді және қарастырады. Азамат рухани-көңілдік
тіршілік иесі есебінде өзінің абстракциялық денесімен байланысты емес (берілген