Қазақстанның ашық кітапханасы
293
Төртінші тарау
Тарихи даму және прогресс теориясы
40. Тарих ғылымының мақсаты, біз көргендей, жалпылау да емес, жекешелеу де емес,
бірақ осы екі заматтарды қиыстыру, адамзаттың дамуын эмпирикалық тану. Өз мәнінен
алғанда, бұл танымның өзі дамушы субъектінің сапалануы; және «ғылым» есебіндегі
тарихсыз шындық түріндегі тарих та жоқ, тарих білімі тарих болмысын жасайтын сияқты.
Дамушы адамзат өзін-өзі тануда да актуалдануы керек: адамзаттың өзінің бүкіл бірлігін
өзі тануы, яғни оның әрбір жекешеленуінің өзін тануы. Бұл тезис дерексіз азаматтары,
дерексіз өзіндік саналары және танымдары бар екендігі сияқты, бір болжамдарды ешбір
қажет етпейді. Бұл бүкілбірлік теориясынан шығатын қажетті қорытынды.
Кез келген сапалану сияқты, тарихи таным эмпирикалық дамуға тиіс. Таным есебіндегі
тарих болуы үшін белгілі бір алғы шарттар болуы керек. Пантеистік діни мәдениет тарихи
емес: ол таза потенциалдық, толық шексіздік және айырмашылықсыздық тәрізді
Абсолюттік ілімінен шығады. Сондықтан ол үшін Абсолюттіктің көптілігі не елес
(иллюзия), не күйреу болуы керек. Бірінші жағдайда, тарихи болмыстың өзі құнсызданады
және тарихи таным тамырынан оталады. Пантеизмнің діндік мақсаты болмыстың
көптүрлілігінен кету; және ол тарихтылығына қарсы екеніне қарамастан болатын болмыс.
Ол, тіпті, жаңа платонизмдегідей, Абсолюттік Бүкілбірлікті ұғынғанда да, бұл оның соңғы
түсінігі емес, — Тұтастық Ақылдан жоғары — және ол арқылы эмпирикалық болмыспен
байланыстырылмайды. Ең жақсы дегенде, ол үшін эмпирия Абсолюттің күйреуі,
күйреудің мәнісі айқын емес, Абсолюттік тұрғыдан түсіндіруге келмейді.
Пантеистік дуализм Абсолюттікті Оның болмыс толықтығында эмпирия үшін тапсырма
етеді, мұнысымен таза пантеизмнен ерекшеленбейді. Бірақта дуализмде эмпирия елес
емес, ол, Абсолютте өшу арқылы өзінен арылу мақсаты бар, белгілі бір реалдық. Дуализм
эмпирияны, яғни нағыз тарихи болмысты негіздемейді, бірақ ол, Абсолютті кеміту
арқылы, қозғалыстың мәнісін ашады. Дуалистік дүниетаным пантеистіктеу болған сайын,
ондағы тарихи болмыс мазмұндылау, тек ол — адамдық емес, теогониялық процесс. Сол
арқылы, жаралу немесе заңдылықсыз абсолюттендіріледі, бірақ ақталмайды және
түсіндірілмейді, немесе, бізді, тек Абсолюттік қойнауына көшірілген, сол бұрынғы
проблемалардың алдына қояды. Гностиктер мен манихейліктердің мифологемдері
көрсеткендей, дуалистік дүниетаным тарихилыққа жақындықты бере алады. Бірақ,
дуалистік тарихилық, Құдайдан-тыс дамуды, күйреу есебінде көрсетіп және оның мақсаты
есебінде, өзінен бас тартушылықты түсіндіре келе, эмпирикалықты иесіздендіреді. Ол
Абсолюттіктер екеу деп санап, Абсолюттікті кішірейтеді, және сол арқылы теогониялық
процестің өзін тұсіну мүмкіндігін жояды. Дуалистік тарих әрқашанда эсхатологиялы
[ақырзаманды, — ауд.], екі заматтармен шартталған: күйреу заматы және құру немесе
күйреудің потенциалдыққа қайта қалыптасу заматы. Осы екі заматтарға үшінші, — кейбір
гностикалық жүйелерде өте айқын көрінетін, жарамдыны «таңдау», күнәдан арылу
заматы, — қосылады. Бірақ тарихи болмыс және тарихи білім болуы үшін барлық үш
заматтың болуы жеткіліксіз.
Абсолюттік пен салыстырмалықтың араларына қатаң шек жүргізетін теизм (немесе
политеистік, немесе дуалистік, немесе монотеистік, бірақ соңғы жағдайда да дуализмсіз
емес) де өз мәнінде тарихи емес. Оның дұрыс жағы — салыстырмалық болмыстың кейбір
құндылығының мойындалуы. Бірақ теизмде трасценденті болатын және ерте ме әлде кеш
пе өзінің тарсценденттігін ашатын, екінші жағынан, өзінде өзінің негізделуі болмайтын,
салыстырмалық болмыс Абсолюттік болмыспен негізделе алмайды. Ол өзінің белгілі бір