Қазақстанның ашық кітапханасы
292
Біз бұл топқа кіретіндердің барлығының уақыт пен кеңістік тұрғысынан жіктелулі
екендігін жоққа шығармаймыз: біз тек эмпирикалы-шектелген жіктелуден кемшілікті
аңғарамыз. Және де, топ мүшелерін бірлікке байланыстыратын реалдылықты да жоққа
шығаруға болмайды. Жекешеленгендікті асыра дәріптей келе, ойдың жүйелі даму
нәтижесінде, әрқайсысының сапалық ерекшелігінің бәрібір болатын, топтың мүшелерін
бөлшектелген
атомдар
деп
тануға
тура келеді; сонымен бірге олардан
байланыстыратынды да бөліп алуға тура келеді. Ал бұл жүйе, өзгеру, функционалдық
өзара тәуелділік, себептілік ұғымдарын пайдалануға және жүйені аса тиянақсыз, рухани
немесе психикалық ипостастанылған реалдылыққа әкеледі. Егер де осылай жүйені
трансценденттендіруден бас тартсақ, онда оны пенделерде жатыр деп тану, яғни бәрінің
бірлік теориясына келу керек болады.
Сонымен, топ ұғымы — егер топтың дамуы ұғымына да тоқталатын болсақ, онда бұл
айқынырақ болады — бәрінің бірлігі ұғымы болып табылады. Тарих ғылымына не топ
ұғымынан, яғни тарихи коллективтік жекешеліктен бас тарту керек, не өзін біз дамытқан,
әрине, жаңа емес, теорияда құруы керек: ол ғылыми-тарихи ойдың замандасы. «Топ»
(тарихи ұжымдық жекешелену) ұғымы тарихқа және жалпы басқа да әлеуметтік
ғылымдарға қажет. Онсыз ешқандай тарих жазылмайды. Кез келген тарихшы ұлттық
идеялар, халық еркі және т. с. с. айту қажет дейді. Шынында ол, әсіресе соңғы уақыттары,
ұлт ұғымымен байланысты терминдерді пайдаланудан жиі қорқатын болды. Бірақ, оның
есесіне, ол «бұқараның», «қоғамның», «әскердің» көңіл-күйі, «таптар күресі» туралы
ешбір мүдірместен айтады. Сөздерді бұлай қолдануды метафоралық деп есептеу оңай.
Тағы да көрсетілуі керек нәрсе: онсыз қалай бола алатындығы. Сондықтан, менің
тұжырымым бойынша, оны айналып өтуге болмайды. Тарихты тек бұл ұғымсыз елестетіп
көріңізші. Ол бірден жеке фактілердің ретке келтірілмеген үйіндісіне айналады, және біз,
ғылым ретіндегі тарихтан да, шындық болып табылатын тарихтан да алыс жатқан бірдеңе
табамыз. Біздің қарсыластарымыз тарих терминологиясынан тек біртектес құбылыстарды
және көптеген адамдардың істерін белгілеуге ыңғайлы символиканы көре берсін. Олар
«біртектестіктің» неге орнатылатынын және «символды» қолдануды қалай ақтау
керектігін көрсетулері тиіс.
17. Тарихи жекешеліктің бар екендігі және оны белгілейтін ұғымның маңыздылығы біз
үшін басты нәрсе: барлық тарихи процестің субъектісі туралы, адамзаттың тарих
сақтаушысы туралы айтуға бола ма? деген сұраққа үзілді-кесілді жауап бермейді.
Кемінде, бір қарағанда, өте тараған социологизм, адамзатты тарих дамуының субъектісі
деп танумен сәйкес емес сияқты. Барлық халықтардың өмірінде немесе қайсыбір басқа
тарихи жекешеленулерде, мысалы, — «мәдениеттерде», сондай «таптарда» және т. с. е.,
мүлтіксіз болатын «даму заңы» бар деп айтылады. Осымен байланысты, тарихи
жекешеленулер дараланылған деп зерделенеді, немесе, кем дегенде, олардың өзара
байланыстары екінші кезектегі және мардымсыз құбылыстар деп танылады. Соңғы
уақыттары мұндай тарихи субъектілердің дараланғандығын ерекше айқындықпен
Шпенглер қорғайды. Бұған көп үлес қосқан нәрсе, ол үшін әрқашанда даму субъектісі,
көршілерімен қарым-қатынастарын жоққа шығару қиын, халық емес, мәдениет болып
табылады. Расында, қабыл алмауға болмайды және сондықтан, еуропа мәдениетіне
мысырлық, вавилондық, антикалық мәдениеттердің әсерін ерекше түрде түсіндіруге тура
келеді және бұл әсерлерді маңызсыз жекешеліктерге телу даулы нәрсе. Бірақ, бір жағынан,
еуропалық мәдениеттердің, екінші жағынан, ортаазиялық, тіпті қытайлық мәдениеттермен
арақатынастарының осалдығын айту жеңіл. Тағы да, шамасы, еуропалық немесе орыс
мәдениетінің майастардың немесе инктердің мәдениеттерінен толық ерекшеліктерін
қорғау жеңіл. Ал біздің тезисімізді қабылдамау үшін ең болмаса бір ғана, өзге
мәдениеттерден ерекшеленген біреуін көрсету жеткілікті. <...>