Page 291 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
291
Топ үшін «жалпы» (қандай да бір мағынада болмасын) дүние түйсінудің қажеттігін теріс
деп айтып көруге болады. Бірақ мен, К. Маркстің таптың «таптық өзіндік санасы» жоқ
болуы мен бір қап картоптың арасына жүргізген параллелді жоққа шығарушыларға
ескертіп, және дүние түйсінуді жоққа шығарғанымен, олар әлеуметтік қарым-
қатынастарды әзірге жоққа шығарған жоқ. Біз қандай да бір топты белгілейтін
ұстанымдарды алмасақ та, сондай қорытындыларға келеміз. Ұйымдастыру ұстанымын
қызу жақтаушыларға айтарым, ол қағазда жазылған нәрсе немесе жалпы жиналыс залы
бар кезде болмайды, топ мүшелерінің санасында немесе дүние түйсіктерінде ұжым туралы
идея бар кезде болады.
Біздің ашып отырған топ немесе коллективтік тарихи жекешелік ұғымы оның абсолюттік
барлық уақыттылықтың және барлық кеңістіліктің эмпирикалы-шектелген болмысын
жалпы қажет етпейді. Кез келген топ уақытта және кеңістікте пайда болады және соларда
жойылады; кем дегенде біз білетін барлық топтардың ісі осындай, және құрымайтын топ
пайда болады деп күтуімізге негіз жоқ. Топ мүшелерінің өмірлері сонымен толтырылған
ғана болмайды: олар оның мүшесі болады және басқа топтарға өту арқылы солай болуын
тоқтатады. Дәл сол сияқты, кез келген топ мүшесінің толығымен оның ішінде болуының
кажеттілігі жоқ. — Оның басқа да топтарда болуына ештеңе кедергі келтірмейді. Оның
оған ену деңгейі сонан ғана тәуелді (— қаншалықты ол онымен сапаланады?) және онан
(— қаншалықты ол азамат есебінде сапаланудың көптүрлілігінде ашылады?). Идеалды
коллективтік тарихи жекешелік тұтасымен дамуы үшін, өз нақтылығына ие бола алатын
пенделердің көп түрлі сапалануымен өзін көрсетуі керек. Бірақ ол эмбрионалдық, бір
түрде сапаланған күйде де қала алады. Онда, әрине, ол жетілмеген, басталған ғана азамат.
Және, пролетарлық ғылым, пролетарлық өнер және т.б. туралы айтқанда, социализм,
қоғам болмысы есебіндегі пролетариаттың келешек болмысын беретіндігінің нағыз әуені
бар. Оған айқын емес нәрсе — тек бұл сапаланулардың «пролетарлық»
болмайтындығында. Екінші жағынан, «таптық мұратқа» шынымен берілген адамның
толығымен өз идеологиясына кететін фактісі көңіл қоярлық нәрсе. Оның мінез-құлқының
өзгеретіні, оның қызығушылығы мен мейірі (симпатиясы) сапалық өзгеретіндігін біз
көреміз. Және өзгерістер әрқашанда сананың тарылуымен жалғаспайды: ол басқамен —
топ мұратын жеңіл түсінумен байланысты.
Бір ғана пенденің әр түрлі тарихи жекешеліктерге жататындығы бізді таңырқатпауы
керек. Бізге бұған дейін белгілі болғандай, ешкім эмпирикалық тұрғыдан өзінің дамуына
толық жете алмайды. Тап сияқтылар, көп жағдайда өзінің эмбрионалдық жағдайынан
шыға алмайды. Екінші жағынан, тарихи процесте де бөлектену мен бірлік бірге жүзеге
асады деп айтуға толық негіз бар. Әрбір тарихи тұлға, өз деңгейіндегі басқа да тұлғаларда
көрінетін азаматтылықтың ең жоғарғысын өз бойында да жүзеге асыруы керек. Сол үшін
ол басқалардың барлығын өзіне жинап, өзіне сіңіруі керек. Бірақ, сонымен бірге, оның
бәрінін әрқайсысы өзі өзінен жоғары азамат болуы керек. Сондықтан кез келген тарихи
тұлға басқаларда жоқ болуы керек болған болар еді. Нақты айтқанда және буржуазияны,
дворяндықты, пролетариатты тарихи тұлғалардың мәні дей келе, өз ойымызды былай
түсіндіреміз. — Дворяндық та, буржуазия да, пролетариат та, өзіне өзге таптарды сіңіру
арқылы, соларға өзі сіңу арқылы, өзінің болуын тоқтатып, тұтас қоғамға айналулары
керек. Бірақ өмір мен жойылудың бұл екі процесі хронологиялық-кезектіліктің екі
кезендік уақыты түрінде қосылмау керек. Керісінше, бүкіләлемдік бірлікте екі кезең
сәйкес келеді және үйлеседі, яғни үздіксіз және әрқашанда бір таптың екінші тапқа
«қотарылуы» болып жатады, нақтылай бұл тек пенделер арқылы ғана болады. Тарихи
тұлғалар бір біріне «қотарылысып» қана қоймайды, басқаның есебінен қалыптасып және
соларда жоқ болады: олар, әсіресе олардың әрқайсысының дамуы әлсіз кезінде, қатар өмір
сүреді.