Қазақстанның ашық кітапханасы
290
құру үшін ешқашанда бәрі бір жерге жиналмайтындығы, ешқашанда бірге қимылдар
жасамайтындығы ешкімді қымсынтпайтын ой. Әрине, газеттер мен үгітшілер бар. Бірақ та
барлық көңіл-күй және барлық идеология солар арқылы беріле ме екен? Ал мен үгітшілер
және газет арқылы араласу, позитивистікпен алаңсыз шешілмейтін, өте құпия проблеманы
құратындығын айтып отырған жоқпын. Тіпті өте позитивисшіл жас социологтардың бірі,
медициналық практика туралы ойлана келіп, мұнда «дәрігер емделушімен дәрінің көмегі
арқылы әлеуметтік қатынасқа түседі» (үзінді ойша келтірілді) деген тұжырымға келеді.
Әрине, жалпы идеологияны құратын, сыртқы жағдайлардың әсерлері бірдей екендігіне
сілтеме жасауға болады. Бірақ сыртқы бірдей жағдайлардың әсер етуі де түсіндіруді қажет
етеді және оларға бірдей реакция жасайды деп есептеледі, яғни эсер етілгендердің белгілі
бір психикалық құрылымы болады. Дербес алғанда, топтың сыртқы материалдық
болмысқа қатынасы оның заматтарын құрайтындардың санына кіретін болса да, бұл әлі
ештеңені түсіндіре алмайды.
Бірізділікте болу керек және әлеуметтік топ ұғымы алаңсыз позитивистік емес, табиғи-
ғылыми ұғым емес екендігін мойындау керек. Немесе ол кілең метафоралық және онда
оны, шешендік фигураларға үйір болғандай және ақындармен бәсекелескендей болмай -ақ,
«социологияның» беделіне сәйкес келетіндей басқамен ауыстырып, оны лақтырып тастау
қажет; немесе ол белгілі бір реалды нәрсеге сәйкес келеді.
Белгілі бір топты белгілейтін топтың мүшелерінің кеңістік-уақыт аясындағы іс-әрекеттері
емес, олардың саны емес — олардың аясы да, саны да бізге тіпті белгісіз. Оны оған енетін
пенделер де анықтамайды. Шектеулілігі және оның сыртқы дүниеге бағыттылығының
ерекшелігі оның анықтамасына енетін болса да, ол сырттан алаңсыз анықталмайды. Оны,
ен алдымен, іштен белгілейтін және анықтайтын нәрсе —ерекше әлеуметтік қарым-
қатынастар, қарым-қатынастардың ерекше сапалануы. Бірақ біздің бұған дейін
білетініміздей, олардағы ең жоғары дараланатын субъектіні мойындамайынша, екі немесе
онан да көп пенделердің ешбір (әлеуметтік) қарым-қатынасын және өзара әрекетін
түсіндіру мүмкін емес. Онсыз, екі адамға, әлеуметтік мұрат былай тұрсын, бір ағаштың
көрінісі мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік топқа белгілейтін, берілген пенделер
жиынтығындағы (арнайы) әлеуметтік қарым-қатынас, оларды өзінде ұстайтын және
олардың кеңістік-уақыттық бөлектенушілігінен жоғары тұратын субъектінің бар екендігін
қажеттілікпен жорамалдайды.
Сыртқы дүниеге «жалпы» бағыттылықты, белгілі «жалпы» идеологияны немесе «жалпы»
дүние түйсінуді, белгілі «ортақ» көңіл-күйлердің, көзқарастардың және ынталардың
ұстанымдары топты белгілейді деп мойындағанымызда, біз әлеуметтік қарым-қатынастың
ерекшелігі деген түсінікті тек жақын шамамен ғана анықтаймыз. «Жалпыны» бұл жерде
қалай түсінбесек те (ал оны, іс жүзінде айқын көрінетін социалист» доктриналардың
догматизмі мен деспотизміне әкелетін жалпы-рационалдық мәнісінде түсінбеу керек), бұл
дүние түйсіну, әр түрлі дамыған түрде топтың көптеген мүшелерінде, ал тартылған және
потенциалды түрде, бәрінде бар (онсыз, «жалпы» дүние түйсінуді бәрінің неге көкейтесті
ететінін түсіндіру мүмкін емес). Ол, әркімде сапалануы ерекше болса да, бәрі үшін немесе,
дұрысырағы, бәрінде біреу. Өйткені, егер барлығында тек бір-бірінен бөлектенген дүние
түйсік болса, онда ешкім ешкіммен ешбір қарым-қатынастарда болмас еді. Егер ондайды
мүмкін десек, онда жарым-жартылай тепе-теңдікті мойындауымыз керек; тепе-теңдік
мойындалса, ондағы бәріне бір жалпылықты мойындау керек. Бәрінің бірлігі теориясын
мойындайтын біздер үшін, бұл тұжырымдар міндетті емес; нақтылы рационалды-
жалпыны мойындаушыға мұнымен келіспеуге болмайды. Егерде ол бәрібір келіспесе,
онда оның себебі тек, бәрінің бірлігін рационалды және нақтылы жалпы деп атап, өзі тек
бәрінің бірлігі түсінігімен ойлайтынында.