Қазақстанның ашық кітапханасы
289
қолданымдарының бірі (мен ол туралы, дараланған тарихшылардың қауымдары
тарапынан арнайы зерттеуді қажет ететін және соған мұқтаж тарихи көздердің түрі туралы
айтып отырған жоқпын). Дәл сондай-ақ пенденің жан тарихы есебінде тарихи
зерттеулерге өмірбаянды да жатқызу керек.
Жан тарихының үшінші түрін біз көркем әдебиет деп түсінеміз. Былай қарағанда, бұл
тұжырым, көркем шығармашылықты «дәл ғылыммен» теңестіруді, және кейбір
романистердің (Бальзак, Золя, соңғы кездегі Буржені еске алсақ, бізде — Глеб
Успенскийдің де әдебиетіндегі қоғамдық тенденциялардың) ғылыми роман болуға
талаптануын еске түсіруді, оның өзінің талабын ешбір міндетті ете алмайды. Сонымен
бірге, осыған байланысты, біздің ең зор өкінішімізге орай, Буржемен «келісе отырып» кез
келген «әлеуметтік тенденцияларды» ысырып тастап, өзімізді «психологиялық романмен»
шектеуіміз керек. — Шебер өз кейіпкерінің азаматтылығын және оның дамуын
«шығарады», фабуланы, сыртқы жағдайды «ойлап табады». Солар белгілі бір «көркем
шындық» деп есептеуді хақылы нәрсе деп тануға бейім; бірақ, бұл ақиқаттың неде екенін
ешкім дұрыстап айтып бере алмайды. — Ең алдымен нағыз шебер ешқашанда
«азаматтылықты», ал шығармада ешбір «нағыз» еместі жалпы шығармайды: нағыз да
емес, елестетілетін де немесе шығарылатын да азамат жоқ. Көркем шығарманың бастапқы
заматы әрқашанда белгілі бір реалды азамат болып табылады .<...>
16. Бүкілбірлікте, жекелей алғанда бүкілуақыттық және бүкілкеңістіктік, дамитын субъект
есебіндегі адамзат, позитивизм категорияларымен ойлауға үйренген сананы аздап
қаймықтырады. Оның өте қорқақтық және күдікшіл жағдайында, оны, тек бүкілбірлікте
идеясы ғана және тек сол ғана, жан, ақыл, энергия немесе тағы да бірдеңелер деп
аталатын, әр түрлі негізсіз метафизикадан, құпия трансценденттік күштерден
құтқаратынына сендіру өте киын. Бірақ, меніңше, бәрі бір: біз эмпирикалық шектелген
кеңістік пен уақытта болатын адамзат тарихын немесе әлеуметтік топ тарихын зерттесек
те, алайда ғылыми тарихта бүкілбірлікте категориясынсыз болмайтындығын көрсету
керек.
Әлеуметтік топ (тарихи ұжымдасқан жекелік) уақыт пен кеңістікте таралған, пенделердің,
анық саны бізге белгісіз болса да, нақтылы жиынтығы есебінде түсініледі. Әрбір тарихшы,
әрбір «социолог», әрбір қоғам қайраткері және кез келген тоғышар да отбасы, ру, тап,
қоғам, яғни әлеуметтік топты белгілі бір тұтастық есебінде айтады. Біз топтың ұйымы,
оның көңіл-күйі, идеологиясы, іс-әрекеттері туралы оқимыз, естиміз, дауласамыз. Және
бұл тұрғыда, тарихшы-материалистер, шамасы, басқалардың бәрінен озады.
Шындығында, ұғымдарының кедейлігіне сәйкес, тілдерінің кедейлігінен, олар тек «тап»
терминін пайдаланады, бірақ кез келген тап дегеніміз - әлеуметтік топ, ал синекдоха —
шешендік фигура. Шындығында, олар қоғамды, таптардың механикалық жиынтығы деп,
ал оның дамуын — олардың механикалық соғысулары деп, жоққа шығаруға бейім. Бірақ
олар, социалистік қоғамның келешегі, пролетариаттың потенциялары немесе тіпті қоғам
дамуының «диалектикасы» туралы айтқанда өздерінің бұл бейімділігін өзгертеді.
Барлық уақытта және барлық адам әлеуметтік топты белгілі бір тұтастық, «ағза» есебінде
түсініледі. Оны ағзаға ұқсатады, бірақ бұл, ең алдымен, оны түсінгеннен бұрын, оны
анықтауға көмектеседі. Топтың ұзақ өмір сүргенінде оның құрамы тұрақты
болмайтындығы: біреулері өлуі немесе онан кетуі, басқалардың оған бірінші рет
кіретіндігі ешкімнің ойын қымсынтпайды. Топ, тұтастық есебінде уақыттан жоғары емес
пе екен? Өзіме argumentum ad homines-ты мүмкін етсем — «жұмысшы табы» басқалармен
қанды қақтығыстарда, оның құрамы тез ауысуы кезінде, өлімді жеңбейді ме екен?
демекпін. Мұнан әрі, топтың мүшелері кеңістікте бөлектенген (бұл туралы
интернационалдың идеологтарына ерекше ойлану керек), ортақ көңіл-күй және идеология