Page 288 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
288
кеңістіктен тыс болудан жоғары көтерілуі керек. Әрине, көтерілу деген кері қайтару емес
(сондықтан табиғаттану ешқашанда тарихқа сіңісіп кете алмайды). Бірақ, бұл көтерілу
болмайынша, табиғаттануда тарихи замат кездейсоқтық пен өте қанағаттанғысыз
схемалар мен құрылымдарға әкеледі. Және де таза табиғаттануда ол болмауы да керек.
Әлемді түсіндіру табиғаттанушының ісі емес, ол — «тарихты» «табиғаттан», «табиғатты»
«тарихтан» жетілген түрде түсінуге тырысатын сәтсіз талпыныстардың орнына істейтін
философтың ісі.
Екі «айрықша» немесе «өзіндік» тарихи аймақтар бар: жеке азаматтың даму аймағы және
адамзаттың даму аймағы.
Жеке азаматтың дамуын зерттеу ғылыми психология деп аталатынмен ешқандай
ортақтығы жоқ. Пенденің көңілі туралы тарихи ғылым осы уақытқа дейін көмескі
армандардың объектісі болып қалуда нақтылы алғанда ол ең алдымен көркем
шығарманың аясында жүзеге асырылады.
Өмірбаяндар өзінше тарихи еңбектер болып табылады, мыналар — үздік үлгілері есебінде
көрсетуге болатындар — Августиннің «Confessiones»-i, Руссоның «Confessiones»-i,
Кардано мен Гетенің өзін сипаттаулары. Оларда автордың өзі-өзінің дамуын, жазылған
кезінен бастап, барлық процесті сонан және сол арқылы түсініп және бұл процесті
абсолюттік (немесе қате абсолюттік) мұрат [идеал] тұрғысынан бағалап ғылыми зерттейді.
Тап осындай бағалау мен осындай түсінікті кемістік, субъективизм деп есептеу
қалыптасқан. Осы орайда ұмытатындары, кез келген тарихшы тура осылай жасайды, онда
тек бейсаналығы көп және айқындығы аз. Өздігінше алғанда өмірбаяншының өз өміріне
деген қатысы кемсіту емес, ол, «ғылымдық» үшін кіріс. Өмірбаяншы өз өмірін белгілі бір
тұрғыдан қарағандықтан, ол шындықты бұрмаламайды, оның бірлігін тануды мүмкін әдіс
деп біледі — өзінің азаматтығының қазіргі заматтағы жалпымен бірлігін жүзеге асыру
және ашу. Өзіңе көзқарас таңдамайынша, ештеңені көру мүмкін емес; мәселе тек, оның
сәтті таңдалуында, дұрыс түсінілгендігінде және орталық заматты анықтауда. Бұл жерде
де, әрине, әр түрлі тарихилықта және жалпы әр түрлі зерттеулерде болатындай, өте әр
түрлі қателер болуы мүмкін. Автор өзін шектеулі түрде түсінуі, өзін бұрыс бағалауы және,
соларға сәйкес, дамудың барлық заматтарын қате түсінуі мүмкін. Ол мұнан әрі көп
нәрсені есіне сақтамауы (ал тарихшы бар фактілерді әрқашанда біле ме?), көп нәрсені
есіне дәл түсірмеуі (ал тарихшының білімі әрқашанда дәлдігімен ерекшелене ме?), көп
нәрсені ерікті немесе еріксіз қосады (ал тарихтың ұлы шеберлері мұндайдан күнәһар емес
пе? ал тарихшылар ешқашанда құжаттарды қолдан жасамап па еді?). Кез келген
«Wahrheit» өмірбаянда «Dichtung»-MeH қосылған. Бірақ «Dichtung» деген не? — Кейде
шындықты түсінуде бұл сөз тек тереңірек, әдетте көркем шеберге тән: кейде (және
сирегірек) — дәл ойдан шығару. Бірақ соңғы жағдайда «Dichtung» реалды жүзеге
аспағанды тек таңбалықпен түсіндірудің құралы.
Расында, өмірбаяндарға деген күдіктік қатынасты түсінуі қиын. Әдетте, автор өзін жақсы
жағынан көрсеткісі келеді, деп есептеледі. Көптеген өмірбаяндар үшін бұл дұрыс емес.
Екінші жағынан, тарихшы өзінің талантымен жарқылдағысы келмей ме? Және де ол
өткенді бағалағанда және түсінгенде бастау және көзқарас етіп алынатын қазіргі нәрсені
құнды санамай ма? Әдетте, өзіңді өзің түсіну және бағалау ең қиын нәрсе, деп есептеледі,
— тағы да, тарихшы өз дәуірін дұрыс түсінеді және бағалайды деген - негізсіз алдын ала
алынған және ғажап сенім. Жаңғыз ғана өмірбаянда жоқ нәрсе ғылыми аппарат қана: ол
эпиграфика, палеография, сфрагистика, дипломатика және т. б. «көмекші ғылымдарды»
пайдаланбайды. Бірақ, Құдайға шүкір, мен, тамаққа тұз салардың алдында оны қант емес
пе екен деп химиялық анализ арқылы анықтайтындай, ғылыми фетишизмге соншалықты
шалдыққан емеспін. Өмірбаян тарихи әдістің ең айқын мысалдарының және ең сәтті