Page 287 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
287
Өзгеру ұғымы да қос мағыналы. Кейде ол түрлік ұғым, өзінің өзіндік түрлері есебінде
дамуды да, өзгеруді де қамтиды; кейде өзінің екінші түрімен теңестіріледі. Мұнан әрі мен
өзгерісті түрлік мағынада көрсету үшін мен «прогресс» терминін («ауысу» етістігімен де)
қолданатын боламын және сол арқылы «өзгеру» терминіне арнайы, түрлік мағына береміз.
<...>
Танымдық актуалдану модусінде ... — Өзін танушы өзінің ерекше сапалануында және
өзінің барлық нәрсемен бірлігінде, замат өзін іздеп табушы және бұлыңғыр бірлік есебінде
түсінеді. Бір жағынан, ол өз тереңдігінде өзін бәрінін көзі есебінде түсінетін
иррационалдық стихияны көреді; екінші жағынан, — бұл стихияның бөлектенген әлемге
бөлінетінін және өзін ерекше сапалану есебіндегі өзінін бөлінетінін көреді. Ол үшін
бөлінгендік фактісін шарасыз мойындау — өзін және әлемді рационалдылықпен
ерекшеленген элементтерге бөлшектеу, өзін және дүниені өлтіріп-айыру, онтологиялық
қалайда болатын өлімді танымдық бейнелеу. Бірақ, ол үшін, бірліксіз тіршілік ете
алмайтын және танылмайтын, барлық бөлінгендердің бірлік фактісін мойындау да
мәжбүрлілікпен болады. Осы бірлікті түсіну арқылы ғана ол оны іздеп табылған,
бөлектенбеген, потенциалдық, жалпы ұғыммен таңбаланған [символданған] түрінде
түсінеді. Бұл бірлік ол үшін алғашқы хаос мағынасындағы барлық тіршіліктің ататегі
немесе ана тегі, және тиянақсыз идея мағынасындағы бірлік. Осылай түсінілгенде, ол екі
немесе, жалпы, аздаған заматтардың арабайланыстарындай қаралғанда, оны құпия
себептік күш деңгейіне дейін жеткізілгенде, әлем тұтасымен немесе заматтардың ізденіліп
табылған реалдық бірліктің тиянақсыз идеясы арқылы ипостастанып жіктелген жүйеге,
күшке, мәнге айналады. Осылай, ақылдың ешбір қиялынан шыққан емес және реалдылық
емес, кемітілген реалдылық болып табылатын, себептілік, жүйе, өзгеріс деген ұғымдар
шығарылады.
Екінші тарау
Тарих шекаралары
Тарихи субъект және оның заматтары
14. Тарихи ойдың ең басты міндеті — жалпы ғарышты, жалпы жаратылған тіршілікті
тұтас дамушы субъект есебінде тану. Осы мағынада бүкіл әлем тұтасымен — тарихи
зерттеудің объектісі. Бірақ тұтас әлемді философиялық зерттеу әдісі, нақтылы ғылымдар
зерттейтіндей, үздіксіз дамуды тануда да, жіктелген болмысты түсіндіруде де, негізінен,
«тарихи» болуы керек. Тарихты басқа ғылымдардан тек әдістік тұрғыдан шектеу мүмкін
емес. Тарихи әдіс тек математика мен физикада емес, һәм геологияда да, һәм жалпы
табиғаттануда да қолдануға келмейді: кеңістік-уақыт жіктелуі анықталмай қалған жердің
барлығында қолдануға келмейді. Кемітілген тарих әдістерінен басқа ештеңе болып
табылмайтын, табиғаттанудың өзін анықтау ауқымында толық заңды болып табылатын,
табиғаттану әдістерін, және де, оны тек тарих қана пайдаланбайтын, сонымен бірге ең
жоғары, тарихи танымға бөгде және басқа ғылымдарда кемітіліп алынатын, тарихтағыдан
өзгеше категорияларды философия ғана игереді. Тарих әдісі тарих болмысынан, тарих
материалы деп аталатыннан бөлінбейді, және тарихи танымның өзі тарих болмысының
заматтарының бірі екендігінен өзге ештеңе емес.
Тарих, бұл сөздің тар және дәл мағынасына сай, дамуды ең толық көрінетін жерінде
қарайды және зерттейді. Ал ол материалдық-кеңістік болмысында бірден емес,
философиялық білімі жоқ табиғаттанушылардың бейсаналықпен және есептелмеген
түрінде, өте үлкен қиындықпен және белгілі бір метафизикалық пікірлердің көмегімен, ал
философияда — жүйеленген және негізделген түрде көрінеді. Бұл, болмыстың бөлінген
аймағында, тарихи таным, даму ұғымын пайдалануды қажет етпейтін таза көріністен,