Қазақстанның ашық кітапханасы
286
Осы ой болжамға сәйкес, тарих философиясын тарих метафизикасын ерекшелеуге және
(артық тәптіштемей-ақ), нақтылы зерттеуде біріншінің проблемалары тұрғысынан
шектеуге болады. Алайда, шынымды айтсам, менің дәл қазір өзімнің тарихи
жұмыстарыма қорытынды жасауға және осы жұмыстың екінші бөлімі есебінде, адамзат
тарихының очеркін жазуға азғантай да болса мүмкіндігім болған болса, мен мұндай
ойболжаммен өзімді ешбір шектеуге келіспес едім. Мен тек осындай нақтылы баяндау
мұнан кейінгі ойлардың дұрыстығын және мағынасын толық көрсете алады деп сенемін.
Әдетте, мұндай атауға ұмтылу, барлық бағыттарды өзіне сыйғызу үшін тарих
философиясының казіргі берілген анықтамасы айтарлықтай кең. Шындығында, тарих
ғылымының «жалпы әдіснамасы» есебінде қаралатын және өзін шектейтін
философиялық-тарихи теориялар мен жүйелер, жоғарыда көрсетілген үш міндеттің
алғашқы екеуімен, біреуімен емес, дәл екеуімен ғана толық анықталады, себебі тарихты
және философияны аз да болса түсінетін адамдарды таңырқататын нәрсе — осы уақытқа
дейін мода болып табылатын риккерттік те тарих болмысының табиғатының өзі және
«кұндылықтар жүйесі» түсінігімен ұяла бүркемеленетін Абсолюттік туралы пікірлер
айтылмай қоймайды. Екінші жағынан, Гегель талпынысы ен айқыны және жемістісі
болып табылатын тарихи процесс туралы жалпы құрылыстары тұтасымен тарих
метафизикасы түсінігіне сәйкес келеді. Әзірше, социологияны қаншалықты ғылым деуге
болады және тарих заңдарын іздеу қаншалықты орынды деген сұрақты көтермейміз.
«Социологизмдік» және «заңтәріздестік» түсініктері қамтылады. Себебі, кез келген
заңдарды іздеудің және кез келген социологизмнің негізінде тарихи болмыстың
теориясын анықтау, әдетте — дамудың үздіксіздігін жоққа шығару, «қайталанатынды»
мәністі, жекешені — мағынасыз немесе кездейсоқтық деп тану жатыр. Ал бұл — өзінің
«жалпы әдіснамасын» алдын ала анықтайтын, тұтас метафизикалық жүйе.
Біз өзіміздің анықтамамызда, біріншінің модусы болып табылатын, болмыс пен білімнің
арасындағы ажырамас байланыстан шығамыз, және соның арқасында «тарих» сөзінің
қарапайым қолданысындағы қосмағыналылығын сақтаймыз (тарих дегеніміз - тарих
болмысының процесі де, сол туралы ғылым да). Мұндай байланыс, әрине, оны тарих
білімі теориясының ауқымымен шектеудің барлық талпыныстарында айқын
ашылғанымен жоққа шығарылуы мүмкін. — Әр түрлі тәржімаланғанымен, бұл
талпыныстардың бәрінде тарих болмысынсыз өзінің нақтылай бар екендігі айқын: кейде
— шын болмыстың өзі немесе нақтылы шындық, кейде — шындықтың санадағы бейнесі,
кейде — шындықты санамен өзгерту және, тіпті, біздің ақылымыздың еркін туындысы
сияқты. Бұл жерде мен «болмыс пен білімнің» бірлігін дәлелдеп жата алмайтыным және
бұл туралы теориялар хақында сыни пікірлер айтуға кірісе алмайтыным өзінен-өзі
түсінікті. Оның үстіне, ақиқатты анықтаудың қажетті жағы әлі табылмаған жағдайда,
«сыни» ақиқатты іздеу әдісі есебінде қажет. Сынға алынатын жерде жоқ нәрсені сынмен
ақиқаттылығын дәлелдеу мүмкін емес. Критицизм — тәлімгерліктің және ізденістердің
анық мақсатпен басқарылмауының белгісі. Тіпті жеке сыни ескертулер де дәлелденетін
ойды көрнекті ету ретінде пайдалы. Оң дәлелдеуге келетін болсақ, әрқашанда ол —
жүйені ашу; және осы мағынада менің кітабым оның басында қойылған тезисті дәлелдеу
болып табылады.
2. Даму (evolutio, developpement, Entwickelung) ұғымы — тарихи ұғымдардың ең
негізгілерінің бірі, және маңызды метафизикалық пікірлерге әкелетін талдаудан бастау
біздің зерттеуімізде бізге ыңғайлы. Өкінішке орай, даму ұғымы, көп жағдайда, онан өте
маңызды айырмашылығы бар, өзге екі ұғыммен шатастырылады. Біреулер үшін даму
дегеніміз өзгеру дегенмен бірдей; екіншілер үшін прогресс дегенмен бірдей.