Қазақстанның ашық кітапханасы
285
гегелдік паш етуден өзін бөгде сезініп) Гегельдің үштағанынан гөрі, Гегельден бұрын
өткен Қайта өрлеудің атақты философияшысы Николай Кузанскийдің (1401 — 1464)
идеяларына жақындатты. Бірақ маңыздырақ сәті — бұл екі принциптің байланысы.
Карсавин бүкілбірлікті, бөліну-қайта қосылудың үш сатылы принципімен қоса алғанда,
үшбірлікке бағындырады: оның бүкіл бірлігі — кез келген кезеңде, «кез келген сәтте»,
бөлінетін-қайта қосылатын бірліктің құрылу принципі, үшбірліктің «заматтық қиындысы»
сияқты (бірақ есте сақтайтын нәрсе, барлық үшсатылық процесс уақыт тұрғысында болуы
мүлде міндетті емес).
Л.П. Карсавин
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Бірінші тарау
Тарих философиясының негізгі алғышарттары мен ұғымдары
1. Тарих философиясы өзінің негізгі үш міндетімен анықталады. — Біріншіден, ол тарихи
білімнің, ғылым ретіндегі тарихтың негізгі бастаулары болып табылатын тарихи
болмыстың алғы бастауларын зерттейді. Екіншіден, ол осы негізгі бастауларды болмыс
пен білімнің бірлігінде қарастырады, яғни тұтастай тарихи дүниенің абсолюттік Болмысқа
қатысты да мағынасы мен орнын көрсетеді. Үшіншіден, оның міндетіне нақтылы тарихи
процесті оның тұтастығын да тану мен бейнелеу, осы процестің мағынасын ашу жатады.
Тарих философиясы өзін бірінші міндетпен шектеген жағдайда, ол тарих теориясы, яғни
тарихи болмыстың теориясы және тарих білімнің теориясы болып табылады. Ол екінші
міндетті шешуді мақсат тұтқан жағдайда, ол — «философия» терминінің тар және арнайы
мағынасындағы тарих философиясы. Ақырында, үшінші міндет белгілеген салада, ол бізге
тарих метафизикасы ретінде көрінеді, және де, әрине, «метафизика» термин! мен нақты
эмпирияны ескермеу деген мағынада емес — тарихи процесті ең жоғарғы метафизикалық
идеялар тұрғысынан нақты тану деген мағынада аламын.
Тарих теориясы мен тарих философиясының проблемаларының етене терең, ажырамас
байланысы бір қарағаннан белгілі. Жалпы болмыс пен білімнің бастау негіздеріне деген
қатынастан тыс, сондықтан — олардың абсолюттік Болмыспен байланысын айқындаудан
өзге, тарихтың бастау негіздерін анықтаудың мүмкіндігі жоқ. Кез келген тарих теоретигі,
егер ол, өзін тек техникалық әдіснама дегеннің сұрақтарының шеңберінде шектеп
ұстамаса: тарихи болмыстың ерекшеліктері неде, тарихи танымның негізгі категориялары,
негізгі тарихи түсініктер қандай, олар табиғат тану ауқымындағылардай. Осылардың
барлығы теориялық-тарихи және философиялық-тарихи проблемалардың өзара
байланысын терең байланыстырып және бұл екі пәнді тарих философиясы деген жалпы
атаумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Нақтылы тарихи процесс тарих философиясы үшін бейтарап емес және, екінші жағынан,
онсыз тарих метафизикасы мүмкін емес екендігі өзінен-өзі түсінікті. Тарих болмысы мен
білімін пайдалану арқылы тарих философиясында негізгі метафизикалық идеялар
ашылады. Оларды тарих философиясы тек тарихи болмысты нақтылы қарастыру арқылы
ғана аша алады. Бірақта алғыбастауларды анықтау үшін нақтылы тарихи процестің оған
дейін солардың тұрғыларынан зерделенгендігінің қажеттілігі жоқ. Егер ондай қажеттілік
керек болған болса, онда біз кесапат шеңберде шатысқан болар едік. Әуелі алғыбастауды
табу керек, сосын соның көмегімен тарихи процесті зерделеу керек. Әрине, оларды
табудың өзі оларды зерделеу болып табылады, бірақ ұстанымдық және фрагменттік
зерделеу. Тарих метафизикасы — тарих философиясын толықтыру және нақтылау.