Page 284 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
284
түбегейлі ауыстырған, терең күйзелген немесе өзгерген жоқ. Ол жас шағында, онан аз
бұрын, орыс зиялыларының ешқайсысы да шамалы болса да айналыспай қоймаған деуге
болатын, қоғамдық және саяси істерге қысқа уақыт та қызықпаған сияқты. Қоғамдық
жағдай өзгерді. Қарқынды өрлеулері қатар туындаған ғылым мен мәдениеттің көптеген
салалары жаңаша тартымдылықққа ие болды. Карсавин ұрпағына жататын символистер
қозғалысына, жаңа қылқалам өнерін, философияны дамытушылар: Флоренский, Ильин,
Шпет, Степунге, ең басынан жаңа ақиқатты уағыздау ғана (немесе тек сол ғана) емес,
жаңа әдістерді игеру, мамандығын жетілдіруге ұмтылу ғана тән болды. Және оның жас
кезінен бейімділігі ілімдік бағыт болды.
Гимназияны алтын медальмен, сосын Петербор университетінің тарих-филология
факультетін, И.М. Гревсанның көптеген саңлақтарының ішінен, кейіннен соның
бағалағанындай, «бәрінен де ең тамашасы» ретінде бітіріп, Карсавин тарихшы-медиевист
болды. Оның айналысқан аясы — кейінгі орта ғасыр дәуіріндегі Италия мен Франциядағы
діни қозғалыстар. Университетті бітіргенде шет елге екі жылға іссапар алып, осы елдердің
кітапханалары мен архивтерінде мұқият зерттеу ізденістерімен — францискандықтардың
монахтықтарының, және де вальденстер мен катарлардың дін бұзушылық тарихымен
айналысады. Мұндай мұқият зерттеулердің қорытындылары — «ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы
Италиядағы діни өмірдің очерктері» (1912) және «Негізінен Италиядағы ХІІ-ХІII
ғасырлардағы ортағасырлық діндарлықтың негіздері» (1915) екі үлкен шығармалар болды.
Карсавин философиясы орыс бүкілбірлік метафизикасы жүйесінің соңғысы болды. Басқа
да ірі ойшылдарға тән қиындықтардың көзі болатын (өткендердің идеяларына сүйеніп,
сүре ізбен қозғалуға мүмкіндік беретін) жағдай, ол үшін артықшылық емес, керісінше
болды, себебі екінші, тәуелді болу, ерекше бола алмау қаупі болды. Әрбір ірі ойшылдар
сияқты, ол мұндай қиындықтарды жеңе білді. Карсавин жүйесі, дәстүрге бірқатар
түбегейлі жаңа сәттер қосу арқылы, айқын өзінділігімен ерекшеленді. Карсавин, кез
келген бүкілбірлік жүйелерінің проблемалық негізін шешуді басынан жаңаша, өзінше
қойды: бүкілбірліктің басты үлгісі деп айтатындай, бар нәрселердің ұйымдасуының
нақтылы бір принципінің негізгі бейнесін қалай көруге болады? Бұрын өткендер —
Соловьев, Флоренский және т. б. — мұндай үлгі есебінде «Құдай әлемін» қарастырды:
христиандық дәуір ұғымдарына бейімделген ертедегі Платон философиясының «идеялар
әлемінен» басқа ештеңе емес, — барлық заттар мен құбылыстар Жаратушының түпкі
ниеттерінің жиынтығы есебінде түсіндіріледі. Карсавин онан өзге, осы жердің
реалдылығына жақындатылған, нақтырақ, үлгілерді іздейді. Бұған қоса, бүкілбірлік
идеясы туралы интуицияның өзі айтарлықтай дамытылған және байытылған. Бүкілбірлік
принципі реалдылықты статикалық жағынан — белгілі бір болулық сияқты сипаттайды.
Реалдылықты динамикалық, процесстік даму нышаны тұрғысынан қарау тарихшы
болғандықтан, Карсавинге әрқашанда тән; ал бұл жақтары бүкілбірлік принципінде
жеткілікті бейнеленілмеген. Сондықтан ол бұл принципке қосымша басқа, — пайда болу,
реалдылықтың өзгеруі туралы әмбебаптық принцип енгізеді. Бұл — «үштіктің бірлігі»,
немесе үш жекемәндіктің жиынтығы, бірақ Карсавин, әдетте «алғашқы бірлік — ажырау
— қайта қосылу» және өздігінен бөліну, жаңадан өздігінен қайта қосылу арқылы болатын
қайсыбір (кез келген) бірлік есебінде сипаттайтын, өзара реттелген сатылардың принципі.
Бұл жерде оқушы, әрине, Гегельдің атақты үштаған диалектикасын: тезис — антитезис —
синтезін бірден еске алады. Екі үштағанды жақындастыру, әрине, толығымен заңды, бірақ
нақтылау қажет: Гегель философиясы — болмыстық динамиканың әмбебаптық принципі
есебіндегі үштаған принципіне негізделген, антикалықтан, Плотин мен Проклдың
неоплатонизмінен басталатын, философиялық жүйелер тізбегін тамамдайтын түйіні ғана.
Осы тізбекте, Карсавин өзінің үшбірлік концепциясын (Хомяковтан бастап, орыс
философияшыларының көпшілігі сияқты, ол абстракциялық ойдың басыңқылығын