Page 283 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
283
Сонымен, таңғы сағат алтыда жеңілмейтін Конвент отырысын тоқтатты. Бұл хабар
Париждің түкпір-түкпіріне алтын қанатты құстың шапшаңдығындай естіліп жатты.
Самғап абақтыға да жетті. Бұл оныншы терминдор, 1793 жылдың 28 шілдесі еді.
Париж көшесі таңғы сағат төртте дәл бүгінгідей жиналып көрмеген. Сот ғимаратынан
Революция алаңына дейін қаралы арбалар бұрынғы жолымен сапар шекті, қаз-қатар
тұрған халық оларды таңданған кейіппен шығарып салды. Терезелердің, төбелердің
жықпыл-жықпыл қараған адамдардың жүздерінде бұл неліктен деген сауал бар. Өлім
доңғалақтары 23 адамның, Максимилианнан бастап мэр Флерио мен етікші Симонға
дейін, өз жолын табуда. Сұқтанған көздің көбі Робеспьер жайғасқан арбада. Жарылған
басы кір шүберекпен таңылған ол құр жаны жатқан інісі мен шала жансар Анриоға таяу
орналасқан. Жандаралдар жұртшылыққа Робеспьерді танысын деп таяқпен көрсетеді.
Сонда бір әйел арбаға таяп келіп: «Сенін өлімің менің жүрегімді қуантады» деді.
Робеспьер жайлап қана көзін ашты, бірақ үндеген жоқ. Әлгі әйел тағы да: «Барша әйелдер
мен аналардың атынан қарғыс айтамын, жаның тозаққа күйсін», — деді кіжініп.
Робеспьерді көтергенде, ол көзін ашты. Сансон жанына келіп желетін, басындағы кір
шүберекті жыртып алғанда өлім алдындағы жан дауыс естілді.
Адам өмірін қию Самсонның жұмысы ғана емес, оның міндеті де болатын. Жаңағы өлім
алдындағы жан түршігерлік айқай бүкіл Парижді ғана емес, сонымен бірге бүкіл
Францияны, бүкіл Еуропаны, тіпті қазіргі кездегі ұрпақтарды селт еткізетіндей еді. Ол
айқайды ауа қолдағандай жан-жаққа жеткізді. Бұл дұрыс па, бұрыс па, қалай дегенмен де
уақыт Аррастан шыққан бақытсыз адвокатты басқа адвокаттармен теңестірмей, ол
дүниеге аттандырды. Сен тозақты кезеңде, әділетсіз дәуірде өмір сүрдің, бақытты дәуірде
сен сияқты адал тұлғалар ұрпақтарға өнеге ретінде ұсынылып, сенің өлімің туралы мәрмәр
тасқа ойып, қашалып жазып, табытыңның алдында жылы сөздер айтылатын еді. Оның
қожасы, Сент-Оноре темір жонушысы сені қандай сүйді, сен үшін інін өмірін қиды,
жасаған ием оған да, бізге де қайырын берсін. Террор патшалығы осымен аяқталды! 9
терминдор деп аталған ірі оқиға 1794 жылдың 27 шілдесінде жаңа даңқты революция деп
аталды; террор бітті; Революция аланындағы қазаға ұшырату тоқтатылды.
Тәржімалаған
Назарбек Қанафин
КАРСАВИН ЛЕВ ПЛАТОНОВИЧ
(1882-1952 жж.)
Лев Платонович Карсавин, өзінін философиялық жүйесін жасаған ресейлік ірі
ойшылдардың ішінде, шамасы, бүгінгі күнге дейін өз отанына таныстығы аз тұлға болып
табылады.
Бәріміз армандаған, осы философиялық серия да қызмет етуге арналып отырған рухани
қайта өрлеу ескі догмалардан арылуды, күш салуды және енбек етуді талап етеді. Қазіргі
кезде тыйтықтаған, шегіне жете әлсіреген еркін ойлау дағдысын қалпына қайта келтіру де
соңғы кезектегі мәселе емес. Осы мақсат үшін, 1882 ж. Санкт-Петерборда туылған,
полярлыққа жақын жердегі Инта маңындағы Абезь лагерінде 1952 ж. құрт ауруынан
қайтыс болған, орыс философияшысы Лев Платонович Карсавиннің еңбектерін терең
ойланып оқудан басқа тағы қандай нәрсе пайдалы бола қояр екен.
Орыстың көптеген діни философияшыларының аға серіктестерімен (Бердяевпен,
Булгаковпен, Франкпен және т. б.) салыстырғанда, Карсавин өзінің өмір жолында сенімін