Қазақстанның ашық кітапханасы
282
жамылған бүлдірушілер мен Робеспьерді, Анрионы жария етті. Бүкіл қарулы күшке
басшылық жасауды Баррасқа жүктеді. Барлық депуттарды секцияға бөліп, көше-
көшелерді бойлай әскер жинауға шақырды; өлсек те қарсыласымызды жастанып өлеміз.
Қалада дабыл қағылды! Ары-бері жүгірушілер, суық хабар жеткізушілер жан-жақты
дүрліктірді. Люксембург абақтысында отырған тұтқындар айқай-шуды естіп, түрлі
белгілер арқылы қаладағы сұмдық жағдайды сезінді. Жақсы мен жаманды ажырататын кез
келді.
Айтулы тұлға, генерал-лейтенант Луазроль тумысынан бекзат, жақсы адам, ол өз өмірін
ұлы үшін құрбандыққа шалды. Сен-Лазер абақтысында алдыңғы түнде темір торға
жармасып тұрып, өлім жазасына кесілгендердің тізімін оқыған кезде өз ұлының атын
естіді. Бұл кезде оның баласы ұйықтап жатыр еді. «Мен Луазроль!», — деп айқай салды
карт Тенвиль мінберінің алдында. Қарсылық байқалған жоқ. Тізімді оқып тұрған адам
жарықты қалқалап, онша көрсетпеді, тағы біреуі есікті жауып қалды. Жарық
түспегендіктен, тізімге белгі қойылмады. Мұның өзі өлімді біраз шегерді. Осымен
төртінші акт аяқталды.
Бесінші акті нағыз грек драмасының өзі ортақ ұқсастыққа, ортақ міндеттеуге, көне
суретші жасаған бір бейнеге ұқсас жағдайға негізделді. Осынау жайма-шуақ шілде
түнінде өте күшті шуыл естілді, әскердің тарсылдатқан жүрісі, секция-секцияға бөлінген
қатаң тәртіп, Конвенттің жарық арқылы жалынды сөздерін оқыған делегаттары, тасыр-
түсір еткен дауыстар төңіректі жаңғыртты. Делегат Лежандр өз әскерімен
якобиндықтарды Клубтан қуып шықты және олардан кілті тартып алып, Конвент столына
қойды. Мен олардың есігін бекіттім деді. Париж өзіне-өзі қарсы көтеріліске шықты,
тәртіпсіздік жайлады, мұхиттағы толқындай толқыды, түн қараңғылығы қоюлана түсті.
Конвентте үздіксіз мәжіліс, Ратушьте де солай. Бейшара тұтқындар олардың даусын естіп,
өздерінше үміт күтеді. Мәңгілік аспан маңғаз қалпын сақтап тұр. Ал жер бетінде бұлқан-
талқан қақтығыс, бір-біріне деген жаулық, алакөздік етек алуда.
Таңғы сағат үште жауласушы қарулы күштер кездесті. Анрионың әскері Грев алаңына
тізілді, ал оған қарсы Баррас әскері бетпе-бет тұрды. Бір-біріне қару кезенген. «Азаматтар!
— деген қатаң үн естілді — қан төгісті, өмірі аяқталмайтын азамат соғысы басталмай
тұрып Конвенттің қаулысын тыңдаңыздар: Робеспьер және оның барлық бүлікшілері
заңнан тыс деп жариялансын!» «Заңнан тыс?» бұл сөзде үрей бар. Қарусыз азаматтар үйді
— үйіне асықты, көпшілік Конвент жағына өтіп жатыр. Грев алаңы қаңырап қалды.
Тұйыққа тірелу енді басталған сияқты.
Бөлмесіне жүгіріп келген бақытсыз Анрио: «Бәрі де құрыды!», — деп күрсінді. Оны
терезеден біреу лақтырып жіберді ме, әлде өзі секірді ме, әйтеуір, биіктен төмен қарай
құлдырап, тасқа соғылды да, қалдық төгетін жерге сұлап түсті. Бірақ ол тірі қалды, нағыз
азап енді басталды. Огюстен Робеспьер оны бақылап тұрған. Ал Сен-Жюст ананы өлтір
деп еді, бірақ Леба оған көнбеді. Кутон өзін-өзі өлтіруге тырысқанымен сәтсіз болды.
Робеспьер орындықта отыр, оқ оның басын жарып кеткен. Төңіректе не болып жатқанын
білу қиын.
Конвент дәліздерінің бірінде жатқан Робеспьерді абақтығаа жабу үшін күзетші келді.
Робеспьрдің оқ тескен жерін кір-кір затпен таңып тастапты. Міне, қандай көрініс! Ол
сұлық жатыр. Басына ағаш жәшік жастық болған, қолында қару, бірақ шүріппесін баса
алмайды. Оны төңірегіндегі адамдар балағаттап, кекеп-мұқап, қатты сөгуде. «Оның жасыл
желеті болған еді, мерекеге арнап әдейі тіккізген еді», — деп кекейді. Бірақ, көзін жайлап
ашқанымен, Робеспьер үн қатқан жоқ.