Page 281 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
281
«Сен өлуге тиіс емессің!», — деп айқай салды мыңдаған якобиндік дауыс. «Робеспьер,
мен уды сенімен бірге ішемін!», — деп үн көтерді суретші Давид. Көтеріліс — қасиетті
борыш; Конвент тазаруға тиіс! Түнерген Сен-Жюст Коллодан не болып жатыр деп
сұрады? Якобиндіктер көтеріліс жасап жатыр, — деді Колло. Сен-Жюст бас киімін алып
кетуге ыңғайланған еді. Оның Комитетте жасаған баяндамасы келесі күпі Конвентте
оқылуға тиіс болатын. Бірақ ол бұл баяндаманы көрсеткісі келмеді, досыма қалдырып
кеттім деді, үйге барған соң жіберем деп уәде етті. Бірақ үйіне барған соң ол баяндаманы
емес, хабарламаны жіберді. Комитет оның баяндамасын ертең мінберден еститінін айтты.
Барлаушылар түнімен Парижде не болатынын бақылады. Бұл күні Тальен, Фрерон, Колло,
қуатты Андрио, мэр Флерио, судья Коффингаль, прокурор Пайан, Робеспьер және басқа
да барлық якобиндықтар дайындықта болды.
Жетінші тарау
ҚҰЛДЫРАУ
Келесі күні таңертең, тоғызыншы термидорда, «сағат 9 мөлшерінде» Тальеннің көзі
күлімдеп тұрды, Конвент жиналған. Біз заңды Конвентке жиналдық; біз топ-топқа
бөлінбедік, жалғыздықта қалмадық; есік алдындағы сыпырғышқа тоқтамадық. «Равниннің
ер жүрек депутаттары, таяудағы батпақ бақалары!», — деп айқайлады Тальен, кірген бетте
қол алысып жатып. Мінбеде Сен-Жюстің пәрменді үні естіледі; ойын басталған.
Сен-Жюст өз баяндамасын оқыды; Робеспьердің шынайы бейнесін елестетті, бірақ Сен-
Жюст бірнеше сөйлемді оқи бастағанда Тальен екінші рет мінбеге көтерілді. «Азаматтар,
мен кеше кеште якобиндіктерден Республиканы қорғадым, егер Конвент тиранды құрта
алмайтын болса, онда мен былайша жермен-жексен етемін!», — деді қолындағы
қанжарды жарқ-жарқ еткізіп. Отырғандардың барлығы орындарынан тұрып,
жұдырықтарын көрсетіп: «Тирандық! Диктатура! Триумвират!» деп айқалады. Робеспьер
сөйлеуге ұмтылып еді, бірақ төрағалық етуші Тюрио қоңырауды қатты соғып, оған бөгет
жасады, тұтас зал шулап кетті. Мінбеге көтерілген Робеспьер бір сұмдықтың болғанын
біліп, кері шегінді. Бүліншілік!
«Төраға кісі өлтіруші, — деп айқайлады Робеспьер, — мен сенен соңғы сөз сұраймын!»
Оған сөз беруге тиіс емес Тюрио қоңырауды безілдетіп, сөз бермеді, зал дүрлігіп кетті,
Робеспьердің еріндері көгеріп, тілі таңдайына жабысып қалды. «Дантонның қаны оны
тұншықтырып жатыр!», — деп айқайлады залдан. «Мен ағамның сөйлеуін қалаймын; мен
әр кезде сол сияқты болғым келді!», — деп кіші Робеспьер Огюстен айқай салды.
Осымен бірінші акті аяқталды; әлі алда үш немесе төрт акт бар, содан кейін мәре.
700 мың адам тұратын аумақты қала көршілерінде не болып жатқанын, маңайы қандай
күйде екенін сезінбейді. Мысалға, таңғы сағат үш мөлшерінде қолбасшы Анрио қамауға
алынып, басқа біреумен орын ауыстырылды. Ратушьте қалалық Кеңес өтіп жатыр.
Робеспьерді құтқару жөнінде сөз бар, ақырында Робеспьер мен оның жақтастарын
жалдаған кемеге отырғызып Люксембургке, басқа да абақтыларға күзетшімен
аттандырды. Бұл екінші актінің аяқталуы.
Үшінші акт нағыз грек драмасындай басталған жоқ па? Конвент түн ортасында асығыс
түрде тағы жиналды. Оның кезекті төрағасы Колло өңі сұрқай тартып, кең адымдап
жоғары шықты; бас киімін нығыздай киіп, салтанатты үнмен: «Азаматтар, қарулы
алаяқтар Комитеттің ғимаратына басып кірді және бізді қоршап алды. Біздің өз
орынымызда өлу сағаты жетті!». «Иә, — деді барлығы, - біз бұған ант етеміз!» енді біз
шын мәнінде өз орнымызда әрекет етуге немесе өлуге тиіспіз. Олар осы сәтте заңды