Page 279 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
279
әйелдердің жүрегі сыздайды. Ондай сәттерде қарт әйелдер жендеттермен жағаласып, пікір
таластырып айқайлайды, сол сәтте өздерін өлтіріп кетуін сұрайды. Өзінің заттарынан
айырылып жатқан екі әйел іш киімін жамау үшін ине-жіпті қалдыруын жалына өтінді,
бірақ қызыл қалпақтылар ондайлардың бірін де құлақтарына ілмейді.
Абақтыдағы жазалау күннен-күнге қаталдана түсті: ұрып-соғу, ар-ожданға тию Фукье-
Тенвиль жазалауының түрі күшейе берді, еш күнәсі болмаса да, ажал құшағына еніп
жатты. Бұлар өлгеннен кейін ғана есептен шығарылады. Абақтының ішінде де өз өмірін
сәл болса да ұзарту үшін жендеттерге өсек-аяң таситын, жалған куәліктер беретін сатқын
алаяқтар толып жүреді. Ұятсыз Коллоның айтуынша, бұлардың саны 60-тан аспау керек.
Люксембург абақтысына оның арбасы түн ортасында қоңыраулатып келеді және келесі
жазаланушы адамдардың тізімі әкелінеді. Қапаста отырғандар мұндай сәтте тұра
ұмтылып, өздерінің есімдері аталар-аталмасын білу үшін тізімді оқығанда тым-тырыс
тыңдайды. Егер аты естілмесе, «уһ!» деп тыныстап, тағы бір күн өмір сүретін болдық қой
деп шүкіршілік етеді. Ал есімдері аталғандар бірін-бірі құшақтап, біздің күніміз ертең
аяқталады деп, қаралы арбаға құр сүлдер ретінде отырады. Олар бұл түнде
Консьержериге, ал ертең жалған атпен Сарай деп аталатын өлім мекеніне жеткізіледі. Әлі
де өмірден үміт күткен әлсіз әйелдердің ақ қауырсынды париктері, шалбарлары
сыпырылмай тұрып-ақ еңіреп жылай бастайды. Көрпе жабылған үстелге жақын отырған
Тенвиль, сөз сөйлеп, жазаланушыларды бірінен кейін бірін кінәлап жатады. Сайтан алғыр
қарабеттің қолында сөнбейтін от, өлмейтін жылан, қайта шығармайтын тозақ бар сияқты.
Гильотиндердің шапшаң қимылы абақтылардағылардың санын күннен-күнге арттыра
түседі. Қамалғандардың бір бөлігі кең жолмен Парижге қарай шұбырады. Қышқырып
айқайлайтындардың барлығы абақтыда мерт болған, ендігі кезек республикашылардікі.
Олар екі-екіден қолтықтасып алып, уақ-уақ өздерінің «Марсельезасын» шырқап келеді.
Бір ғана Нанта абақтысынан 132 адам Парижге қарай тартты, олардың ішінде
республикашылар да, якобиншілер де бар. Бұлар қаланың көшелерімен өткенде бар
дауыстарымен айқайлап, өздерінің мұңын шағады. Түнеген мекендерінде кем дегенде бір-
екі адамның өлігі қалады. Бұлар әбден әлсіреген, жүруге жарамайтын жандар, сөйте тұра
үзіліп бара жатып «Республика жасасын!» деп айқайлауға тырысады.
400-дей дін адамының «Экс аралына сапар» кемесінің жанында тұрғанына бірнеше ай
өтті, иендегі Олерон құмының ысылынан басқа түкте естілмейді. Бәрі азып-тозып, аш, кір-
кір саусақтарын сорады, 12 адам бір ғана ыдыспен тамақтанады, 70 адам бір тана орынға
(каютаға) орналастырылған. Тар, қапас жер таң атқанша талайдың өмірін жұтады.
Жазаланушылар көрген азап, әділетсіздік ұзаққа созылмайды, қанішерлердің де тарих
алдында жауап беретін кезі келеді.
Алтыншы тарау
ТЕРРОРДЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Жоғарғы Жаратушының мерекесі кезінде және салтанатты түнде өткен бас қосуда түрлі
жағдайлар болды. Бийо немқұрайдылыққа салынды, қоғамды құтқару Комитетіне сирек
бара бастаған Робеспьер әлде неге көңіл толмағандай шетте тұр. Мәселе мынада:
пайғамбарлық туралы баяндама жасамақшы болған карт Катерина Тео Францияны оята
алмады, әлсіз бірдемелерді құрастырған болды. Онысын Комитеттегілер Тео бүліншілік
ойластырды, бұл кемпір оны әдейі істеді деп кінәлады. Баяндаманы қоғамдық қауіпсіздік
Комитетінен карт Вадье жасады, үні өте көмескі шықты. Республикашылардың жүзінде
күлкі ойнады.