Page 278 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
278
уақыт көрсетеді. Адамзат ғұмырының жылнамасы қандай боларын алдын ала біліп
болмайды. Мумбо-юмбо африкандық орманмен Робеспьердің жаңа діні қатар саналмаса
кетті. Мумбо-юмбо — бар болғаны тетік (механизм). О, пісіп-жетілмеген пайғамбар,
үрленген шар сияқты жарылып кетпесең жарар. Сен өзіңді соншалықты жоғары санайсың.
Францияны қанға бөктіріп, енді одан ақталмақ боласың, күнәңді жуғың келеді. Бәрі де сен
ойлағандай бола қояр ма екен. Сен одан да құрысаңшы! — деді Бийо.
Бұрынғы қызметші, 73 жастағы Катерина Тео Бастилияда отырып алып, Контрескарп
көшесіндегілерге Робеспьерге қатысты көріпкелдік сөздер айтатындарды қостайды, ол
ғажап адам дейді. Басқалар да сол пікірді жасырын айтады. Мумбоның аты - Мумбо,
Робеспьер - оның пайғамбары. Робеспьер — ғажап адам. Оның жазалаушы патриоттары
— жендеттері, темір, сойылмен қаруланған якобиндіктер оның киімдерінің етегінен
сүйеді.
Басты мәселе сол мумбо-юмбо мерекеге айнала ма, жоқ па? Жазалау, абақтыға жабу арта
түсті. Революциялық трибуналардың құқын кеңейту көзделуде. Ол төрт трибуналға
бөлінген, бәрі бір мезгілде жұмыс істейді. Жазалау күшейеді.
17 маусымда ұсталғандар саны 54-ке жетті! Мұнда пистолеті от алмаған Амираль, Жас
әйел, екі пышақ қалдырған Сесиль Рено, оның әкесі, отбасы, туған-туысқандары,
жақындары, д'Эпременильдін жесірі, кәрі де Сомбрей - бәрі 54 адам. Мүгедектер Үйінен
ұлымен бірге әкелінген шетелдіктер қаншама.
Революция алаңында жиналған халықтың көңілі күпті. Сент-Оноре көшесінің
бойындағылар қаралы аталар тізбегіне аянышпен, қайғы-қасіретпен қарайды. Жүрегі
барлар қаталдыққа, жазалаушыларға наразылық білдіреді.
Бесінші тарау
АБАҚТЫ
Абақтыларға қарағанда денеңіз түршігеді. Бір кезде Демулен өзінің Комитетін
қайрымдылық Комитеті деп ұсынғанда Париждің 12 түрмесінде 5 мың адам отырған еді.
Содан бергі уақытта абақтыда отырғандардың саны 12 мыңға артты. Оларда роялистер;
олардың көпшілігі — республикашылардың әр түрлі жирондистері, лафайетистері,
антиякобинистері. Абақтыдағы жағдайлардың ауырлығын айтып жеткізу киын: лас,
күлімсі, сасық, тар, қараңғы қапас. Бұл туралы жазылған естеліктерде адам өмірінің
үрейлі тарауы бар.
Сырттай қарағанда сондай қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік тәртіпті
сақтауы таң қалдырады: екі-үш адамның басы қосылса бірге өмір сүрудің түрі байқалады,
бірін-бірі сыйлайды, әйелдерге орын беруі, өздерінше тазалық, тәртіп сақтауы ішті
жылытады. Егер әйел адамдар қол өнерімен айналысса, оның төңірегіндегі ер адамдар өз
орындықтарына отырғызып, түрегеліп тұрады, әйелдердің көңілін көтеру үшін музыкалық
аспапта ойнап, ақырын дауыстап өлең айтады, бұлардың арасында қызғанушылық деген
болмайды.
Қол өнерімен айналысушыларды тоқтатқанда да, абақтыдағы азаптаулар басталғанда да
жазаланушылар өз салттарын бұзбауға тырысады. Ер адамдар әйелдер мен қарттарды,
мүгедек адамдарды қорғаштайды. Сезікті деп табылғандардың қажетті заттарын, барлық
ақшасын, тіпті металдан жасалған кез келген мүліктерді жендеттер тартып алады. Тексеру
кезінде жастықты, төсенішті, қалталарды тегіс тінтіп шығады. Қызыл қалпақ киген
комиссарлар әрбір камераны (бөлмені) ойран етуге құқылы. Керек заттарынан айырылған