Page 277 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
277
алакөздікке тап болды. Терроршы Сансонның балтасы жазаланушылардың бастарын
баудай орды. Күніне алпыс, кейде одан да көп адам өлікке айналды.
1794 жылдың 22 сәуірі. Қаралы арбаларға тиелген өліктердің арасында сөйлейтін
д'Эпремениль, бұрынғы Төтенше жиналыстың төрағасы Шанелье, конституциялық
заңдардың авторы, бұрынғы төраға Type, Людовикті қорғау кезінде тілден айырылған
құрметті қария Мальзерб және оның бала-шағалары мен немерелері бар. Қаралы
арбаларды қаумалаған көпшіліктің түстері суық. Қатарласа жүріп келеді. Францияның
атақты адамдары бірінен соң бірі өлім құшып жатыр. Олардың енді қоғамға қажеті жоқ
сияқты. Театрдағы арнайы өшірілген отқа ұқсас адамдардың ғұмыры қолдан қиылып
жатыр.
Тамылжыған мамыр айы. Жер бетін жылылық, гүлдену басқан. Париждің мақпал түні
мамырдың сәнін келтірген. Ауыр соққыдан қансыраған жұртшылық, есін жиғанға
ұқсайды. Өз еріктерімен бе, әлде қысымның күшімен бе, әйтеуір 12, 13 және 14 мамыр
күндері, Сент-Оноре көшесінің бойында азаматтардың бас қосып, кешкі тамақты бірге
ішуіне тура келді. Әркім қолындағы бар тағам түрлерін ортаға салды. Ортақ дастарқан
басындағы бас қосуда көңілділік те, жабырқау да болды. Еркіндік, Теңдік, Туысқандық
орнағандай. Қараңғы түнде жұлдыздар сәуле шашып, жердегі тірлікке таңданған
сыңаймен жымыңдайды.
23 мамыр күнгі кешкі сағат 9-да Сан-Онере көшесіне келген сатушының қызы Сесиль
Рено өзінің Робеспьерді көргісі келетінін білдірді. Робеспьермен кездесуге оған рұқсат
берілген жоқ. Оны жендеттер ұстап алып тексергенде қыздан екі пышақ шықты. Одан
Комитет жауап алғанда «тиранның неге ұқсастығын білгім келді», деді. Сарғайған,
қажыған адамдар көшеде толып жүрді. Қамалған, азапқа түскен жандар қаншама
десеңізші! Қаралы арбалар легі толастар емес.
Төртінші тарау
МУМБО-ЮМБО
8 маусым. Ұлттық бау-бақша үлкен дайындық үстінде. Жұртшылық қарбалас тірлікке
көшкен. Ерекше күнді қарсы алуға дайындық қыза түскен.
Қала мереке құшағында. Тұрғындар жаңа киімдерін киініп барды-жоқтыларын тағынып,
сән-салтанатқа бөленген. Кірдің, ескінің бәрі эберистермен бірге құрыған сияқты сыңай
байқатады. Робеспьер қашанда ұқыпты киінетін, бөлмесі де таза болатын. Қазірде
бұрынғыдан да ерекшелене түскен. Жұртшылықтың жүзі жарқын, ауа райы қолайлы.
Вилат көптеген депутаттарға дастарқан жайып, таңертеңгілік ас беруде. Реті келсе, бүгін
жаңа дін қабылданбақшы. Берілмейтін, сатылмайтын Робеспьер, еркін халықтың заңын
шығарушы тұрғысында өзін пайғамбар, дінге берілуші қатарында танытпақ. Ол елеулі
күнге арнап, көгілдір жилет, күміспен зерленген қара жібек шал бар, ақ шөлки, алтынмен
апталған аяқ киім киген.
Конвенттің төрағасы ретінде ол Жоғарғы Жаратушыны және жанның өлмейтінін
мойындату үшін арнайы декрет шығарған, жарлық жариялаған.
Декрет бекітілген соң кезінде Мұхаммедтің «пайғамбарлық сөз айтқанындай», Робеспьер
де аса мәнді сөз сөйлемек. Ол ақ көйлек, қара шалбар, көгілдір жилетпен алшаң басып,
қолындағы шоқ гүлді жоғарырақ көтере Конвенттің залынан шықты; оның соңын ала
депутаттар да көрінді. Ел дүрлігіп кетті. Мәнді-мәнсіз сөздер естіліп жатты. e'Etre Supreme
құрметіне мереке басталды, жаңа дін қабылданбақ. Ол жақсы бола ма, жаман бола ма, оны