Қазақстанның ашық кітапханасы
276
өздері сөйлеп, өздері айыпкер болуын талап етеді. Ол бар тұлғасымен тұрып, ірі денесін
асқақ ұстап, қою қара шашын сілкіп тастап, отты жанарынан нажағай шаша сөйлегенде
тыңдаушылардың қаны қозып, бүкіл жұртшылықты Дантонды босатуға шақыратындай
күй кештіреді! Ол өзін Шабо сияқты алаяқ саудагермен қатар қойғанға қорланды. «Дантон
10 тамызда тығылып қалды!» деген сөз көлеңкедегі арыстанның ырылындай естілді.
«Мені айыптаушылар қайда? Әншейнде ауыз жаппастар дәл бүгін неліктен осы жерде
болмайды? Мен үш алаяқтың осында келуін талап етемін, олардың түкке тұрғысыздығын
қайта бастарын көтеруге алмастай етіп дәлелдеймін». Төрағалық етуші даусы қалтырап,
тәртіпке шақырады. «Саған менің қорғануым ұнамай ма?! — деп айқайлады Дантон. —
Мені соттау сенің құқың. Өз ар-ожданын, өмірін қорғаушы адамның үнін сенің
қоңырауыңның ащы шылдыры естіртпейді!» Дантонның дауысы барған сайын қаһарлана
түсті. Арыстан үнді адамның «тағамы кепкенше» сөйлеуінің пәрменді естілуін айтып
жеткізу мүмкін емес. Осымен күндізгі бірінші отырыс аяқталды.
О, Тенвиль, сен тораға Герман, енді не істейсіңдер? Революцияның қатаң заңы бойынша,
іс әлі екі күнге созылады. Егер Дантон торды бұзып шықса, қаралаушылардың күні қандай
болмақ? Соттаушылар мен сотталушылар орын алмастырса ше? Онда тұтас Франция
басқа жолмен жүрер еді! Дантонның бір өзі Францияны басқара алар еді.
Екінші күннің кешінде Фукье-Тенвиль мен Герман қоғамдық құтқару Комитетінде
абыржып келді. Не істеу керек? Комитет асығыс түрде жаңа бұйрық берді; «судьяларды
балағаттаушыларды қатыстырмау қажет сияқты». «Люксембург абақтысында бүліншілік
ұйымдастырған». Келесі күннің таңертеңіне тыңдампаз Конвент жаңа декретті бекітті.
1794 жылдың 5 сәуірінде талай адам өлім құшты. Камильдің әйелі де абақтыны торуын
аяқтады.
Дантон ажал алдында да өзін лайықты, асқақ ұстады; Камиль қамалғанына апта өтпей
жатып, сенделектеп қалды; қолдары байланған. «Досым менің, сабыр сақта! — деді оған
Дантон. — Бұл түнекке назар аударма. «О, сүйікті әйелім менің, сені мен енді көре
алмаймын!» деп Дантон ары-бері жүрді. «Дантон, берік бол!» деді ол өзіне өзі күш беріп.
Эро де Сешельді құшақтап: «Біздің басымыз онда кездеседі», жендеттердің қапшығында,
деп толғанды да ақыры сөзін Сансон жендетке арнады: «Сен менің басымды халыққа
көрсететін бол!»
Дантон келмес сапарға аттандырылды. Ол Аренда, өнегелі фермер отбасында туған еді.
Ол Францияны Герцог Брауншвейгтен сақтап қалған болатын. Дантон бірбеткей, ержүрек,
адал азамат болды, халқы үшін көп еңбек етті. Оны туған халқы ешқашан ұмытпайды,
бірнеше ұрпақтың жадында сақталады.
Үшінші тарау
АРБАЛАР
Арада бес күн өткенде, яғни 10 сәуірде жаңадан 19 адам құрбан болды. Бұлардың
арасында Шометт, Гобель, Эбердің жесірі, Камиль Демеуленнің жесірі бар. Бұлар өлім
алдында өздерін әр түрлі жағдайда ұстады: жылады-сықтады, Жаратушыдан жәрдем
сұрап, жалбарынды.
Эбер өлді, онымен бірге эберистер де көз жұмады. Ұлы Дантон және оның серіктері о
дүниеге аттанды. Енді Робеспьер мен қоғамдық құтқару Комитетіне қарсы тұрар ешкім
қалмады. Жазалаушылардың орнына басқа адамдар тағайындалды. Сөйтіп, революциялық
үкімет біраз өзгеріске ұшырады; жұртшылық екіге бөлінді; олар бірін-бірі құртып,