Қазақстанның ашық кітапханасы
275
сабырлы еді, Камильдің мән-мағынасыз сөзін сағаттап тыңдауға төзімі жететін. Оның
достары мен әйелі қашу туралы үгіттей бастады. «Қайда қашу керек?» — деді Дантон. —
Егер еркін Франция мені қуса, онда қайда барып паналауға болады? Өз етегіңнің
өкшесімен отаныңды бірге алып кетуге болмайды!» Дантон отырған қалпын өзгертпеді.
Өзінің досын, қоғамдық құтқару Комитеттін мүшесі Эро де Сашельді сол Комитеттің өз
бұйрығымен тұтқындағанда да, Дантон көтеріле алған жоқ. 30 наурыз күні түнде Пари
көзінде үрей ойнап, жүгіріп жеткенде де, Дантонды тұтқындау туралы қоғамдық құтқару
Комитетінің бір мүшесі бұйрық бар екенін, сол түні оны қамайтынын айтқанда да, ол
тырп етпеді. Сорлы әйел және Пари, басқа да достары Дантонға «қашыңыз», деп
жалынды. Дантон олардың өтінішін үнсіз тыңдап, содан кейін: «Олардың батылы
жетпейді», — деп жауап берді, ешбір шара қолданбады. Тек: «Олардың мені қамауға
батылы жетпейді» дегенді қайталап, әдетінше ұйықтауға бет алды.
Ертеңінде таңертең Париж бойынша қасіретті хабар тарады: Дантон, Камиль Демулен,
Фелиппо, Лакруа кеше түнде тұтқындалған! Бүл шындық еді. Люксембург абақтысының
дәлізі адамға толды: бәрі де тұтқындалған революция алыптарын көруге, тілдесуге
асықты. «Messieure! — деді Дантон кішіпейілдікпен, — Мен сіздерді түгендей еркіндікке
босатады, деп үміттенген едім, енді, міне, өзім осындамын, мұндай жазалаудың қашан
аяқталарын кім білсін». «Дантон тұтқындалыпты!» деген суық хабар бүкіл Парижді
кернеп кетті. Енді кімнің кауіпсіздікте болуы мүмкін? Мінберге көтерілген Лежандр өзіне
төнген қауіп-қатер туралы айта бастап еді, оны Робеспьер зекіп, токтатты: «Сіздер Шабо
мен Базирді тыңдадыңыздар ма? Сіздерде екі шара, екі салмақ бар ма?» Лежандр
ойындағысын айта алмай, мінберден түсті.
Революция алыбы Дантон туралы абақтыда ештеме айтылмады, оның ойында қандай
құнды пікір-ұсыныстар болғанын ешкім білмеді. Бұл талай тұлғалардың басынан кешкен
жағдай еді. Дантонның жайлап қана: «Дәл осыдан он екі ай бұрын Революциялық сот
туралы мен ұсыныс айтқан едім. Енді мен Құдайдан және адамдардан кешірім сұраймын.
Робеспьердің қалауы болды. Мен басталған істі қатерлі шатастырушыға тастап барамын,
бұлардың ешқайсысы да елді басқара алмайды. Робеспьер мені андып отыр; мен оны
бақылаудамын. О, адамдарды басқаруға қатысқаннан гөрі кедей балықшы болғанның өзі
артық еді», дегенін сондағылар естіді. Камильдің жап-жас келіншегі күндіз-түні
Люксембург абақтысын торуылдаумен болды. Оның жанарына жас ұялап, Камильмен
жазысқан құпия хаттар қолында қалтырады. Сен-Жюст те бірдемелер айтып жатты.
Бақытсыз Дантон және Сен, нағыз сорлы, жеңіл ойлы Камиль Тозақ шекарасындағы
Одиссея сияқтысыздар; дүние түкпіріндегі қаңыраған қуыстағы тұманды елестетесіздер,
көлеңкелеріңіз де өзгеше, аналарыңыз аялаған кезге ұқсамайсыздар! Дантон, Камиль, Эро,
Вестерман және басқалар Базирмен, Шабомен, Фабор д'Эглантинмен, банкир Фремен бір
тобырға араласып кетті — «Founee» эстрада алдында қатарға тұрған сияқты. Бұл 1794
жылғы 2 сәуір еді. Дантонның абақтыға отыруы тек үш күнге ғана созылды. Сіздің
есіміңіз кім, тұрғылықты мекеніміз қайсы? — деп сұрады Фукье-Тенвиль, қалыптасқан
дағдымен. «Менің есімім Дантон, - деп жауап берді біртуар, есімім революция кезінде кең
жайылды; менің тұрғылықты мекенім таяуда белгісіз болады, мен бәрібір тарих
пантионында өмір сүремін». Ол бұдан гөрі де күшті айтқысы келіп еді, бірақ оған бара
алмады! Эро де Сашель түкке тұрғысыз парламент кайраткері ретінде осы залда
отырғанын еске түсіреді. Камиль: «Менің жасым — бұл революционерге келіңкіремейді»,
— деп жауап берді. О, Камиль, Камиль! Оның шын жасы — 34. Дантоннан бір жас қана
үлкен. Бұдан бес ай бұрынғы 22 жирондистің ісі мәнді сияқты еді, оны да Фукье-Тенвиль
жүргізген. Енді оған бұдан да маңызды істі қарауға тура келді. Дантонның ашу-ызаға
булыққан қаһарлы үнін, жалынды сөзін есту жүректі дірілдетеді. Куәгерлердің мәнді
деген көрсеткіштерін ол бір соққымен-ақ күлін көкке ұшырады. Ол комитет мүшелерінің