Page 274 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
274
Дантон да, Камиль Демулен де қарт кордельерлер еді, оларды Эбер, Моморо сияқты жас
кордельерлер жактырмады. Камиль ақын еді, өткен желтоқсанның басында жаңа журнал
немесе памфлеттер топтамасын шығарған. Атауы «Қарт Кордельер» болатын. Ол өзіне
төнген қауіпті сезді, бірақ құрбан болғандары іш тартудан қаймыққан жоқ. Осыншама
жазалаушы, абақтыға жабушы комитеттер арасында «ізгілік комитетінің» өмір сүруі
мүмкін емесін ол сезді. Абақтының өзінде ол әзіл-қалжыңын, тапқырлығын,
қарапайымдылығы мен сабырлылығын жоғалтқан жоқ Париждың 12 абақтысына қамалған
мыңдаған күдіктілер арасында бес адам ерекше көзге түсті. Робеспьер басында сергек
болғанымен ақыр соңында өзінің якобиндіктерімен бірге не істерін білмей қалды.
Камильдің журналының бірінші саны «О, Пит!» деп басталатын; соңы 1794 жылғы 3
ақпан делінген. Акырғы сөйлемі Моктесумның «Құдайлар құныққан» деген сөзімен
аяқталған.
Қалай дегенмен эберистер абақтыда бар-жоғы тоғыз күн ғана отырды. 24 наурызда
революция доңғалағы басқаларды тоғытты: Эбер, Венсан, Моморо, Ронсен, барлығы 19
адам қамалды, бұлармен бірге адамзат шешені Клоотс та болды. Бұлар бір топ болып,
үрпиісіп, өз өмірлерінің ақырын күтті. Бұлардың бәрі «сығырайған терезеден сығалауға»,
дүние кезек деген рас екен, осынын алдында олардың өздері басқаларды осылайша
қорлаған болатын. Бұлар бұрын ардақты адамдар саналған. Тек Клоотс әзілін тоқтатпауға
тырысты, «материализм аргументтерін» құрастырды, өзін ең соңында дарға асуға талап
етті. Генерал Ронсен әлі де үмітпен алға қарайды, басқаларының түстері қашқан. Сорлы
кітап сатушы Моморо бұдан 20 ай бұрын Эврде асылып өлетін еді, оған жирондист Бюзо
бөгет жасады. Эбер басын төмен салбыратып, көңілсіз отыр; оның төңірегіндегі қызыл
қалпақтылар айқайлап, Эбердің газеттегі «Ұлы қасірет!» пародиясын қайталауда.
Бұлардың бастарына қап кигізіліп, ертең-ақ соңғы сапарға аттандырылады. 19 адамның
айқай-сүреңі, жан дауысы тарих кезенін жалғастырады.
Революциялық армияның өзі бір аптаға таратылып, үйлеріне жіберілді. Біреулерді ажал
жалмап жатса, келесілері олардың орнын толтырып, өз кезегін күтуде. Сонда революция
өз балаларын жемге айналдырғаны ма? Кез келген анархия өз табиғатында бүлдіруші ғана
болмауы тиіс.
Екінші тарау
ДАНТОН, БЕРІК БОЛ!
Дантонды Арсиден дереу жеткізу қажет болды; ол тез келсін, деп айқайлады Камиль,
Фелиппо және басқа да достары оның шапшаң оралуын асыға күтті, қауіп төніп тұрған
жағдайды сезді. Қауіп қатерлі еді! Дантон Робеспьер, жеңімпаз революцияның басты
қаһармандары бір-бірімен бетпе-бет келді, енді олар қалай бірлесіп тірлік етеді, қалай
бірлесіп басқарады, соған түсіністік керек. Бір революция үшін бұл екі тұлға артықтық
етті.
Робеспьер мен Дантонның арасындағы келіспеушілік, талас-тартыс достарына ой салды,
екеуін қалайда кездестіріп, ортақ мәмлеге келтіруді көздеді. «Әділетті - деді Дантон, — біз
Республика пайдасына қажет болған жағдайда ғана жазалауға тиіспіз. Жазықсызды
жазықтымен шатастырмауымыз керек». Ол бұл сөзді ішкі ойын бүркемелеп айтты. «Сізге
жазықсыз адам қазаға ұшырады деп кім жеткізді?» деген Робеспьердің көзіне улы ұшқын
байқалды. «Guoi, — деді Дантон өзінің досы париге шұғыл бұрылып, Революция
мінберінің қызметкері Фабрицийді өзіне шақырды. — Guoi, бірде-бір кінәсіз қаза таппаған
ба? Бұған сен не айтасың, Фабриций?» Оның Вестерман, Пари сияқты достары Дантонның
мінберге шығып, әрекет етуін, көрінуін қалады. Бірақ Дантон өзінің қауіпсіздігін ойлап
халықты оятуға, әрекетке баруға, көрінуге құлықсыздығын танытты. Осынау ірі тұлға тым