Page 273 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
273
Реализм құрыған барлық жерде, іште де, сыртта да республиканизм үстемдік алған. 1794
жылдың 15 наурызында біз не көрдік? Абақтыға жабу, ашық күнгі нажағайдай қуғын-
сүргін, құрбандыққа айналған Эбер, кітап сатушы Моморо, клерк Венсан, генерал Ронсен,
жоғары патриотты кордельерлер, Париждың бетке ұстар қызыл қалпақтылары, дельерлер,
Ақыл-ой адамдары, революциялық армия басшылары бұдан сегіз күн бұрын кордельерлер
Клубын патриоттық жалынды сөздерімен сілкіндірген еді! Кордельерлер жиналысында
сөз алған Эбер залдағылардың қызу қолдауымен «екі айдай іште жиналған ашу-ыза, міне,
сыртқа шықты!» деп тебіренген болатын. Сегіз күн бұрын әркімнің жүрегіне ұшқын
ұялатқан шешендердің үні қазір қалайша естілмейді! Иә, қазір олар көз жастарын сүртуде:
бұл түс емес, олар Люксенбург абақтысында отыр. Олардың арасында шіркеуді өртеген
Гобельде бар.
Құдіретті прокурор Шометтің өзі «күдіктілердің бетіне қарап білу» туралы үш күн
бостандыққа мұршат алды, белгіленген уақыт өткен соң ол да абақтыға қамалды. Өзі
талай адамды қаматтырған тозақ алдында көкала қойдай болып сабалған, еңсесі түсіп,
сорланған кейіпте тұрды. Абақтыдағылар оны қоршап алып, сыбап жатты: «Жоғары
ұлттық тыңшы, — дейді біреу, — сенін жалаулатқан даңғойлығыңа қарашы! Мен
күдіктімін, сен күдіктісің, ол күдікті, біз күдіктіміз, сіздер күдіктісіздер, олар күдікті!»
Мұның бәріне не болды? Ұйымдастырылған қылмыстар ашылды, оның бәрі Барердің
қолында. Тартысты құбылыстың неге соғуы мүмкін, шіркеуді өртеу, атлеттік шерулерді
бүлдіру революцияның құнын түсірді. Клубтағы кордельерлердің айқай-шуы, көк
көйлекті, қызыл қалпақтылардың Ақылға жүгінуі, тонап алынған мүліктердің әкелінуі!
Қарапайым адамзат көзімен қарағанның өзінде кордельер Клубында Адам Құқы
тапталған, ашушаң, өңі бозарған, күйіп-піскен адамдар болды. Нәтижесіздік қайғы-
қасіретке ұшыратты. Якобиндіктер «өзін-өзі тазалауға» кіріскен, олар төңкеріс кезінде
кедейлерді, халықты азапқа түсірді. Камнль Демуленге күдік келтірілді; Дантон
кінәлаушыны қаһарлы үнімен мыштай қылды; Робеспьер түсініспестіктің ақырына нүкте
қойды.
Енді Республиканы кімге сеніп тапсыру керек, патриотизм Анасын кім қорғай алады?
Питтің алтынына құрылған бүліншіктерді кім тоқтата алады? Сатылмайтын Робеспьер
адамзат шешені дейтін, «Мұхамед дінінің дәлелдеушісі» атанған Клоотсты шеттетті, оның
Люксембург абақтысында отырғанына екі ай болды, оған шетелдіктермен байланыс
жасады деген айып тағылған. Делегат Фелиппо елден қуылды. Депутат Фабр д'Эглантин,
Ромм күнтізбесінің белгілі қызметкері Конвенттен қуылып, Люксембург абақтысына
жабылды. Оған өзінін депутаттық атағын асыра пайдаланды және «Инд компаниясының
ақшасына» қатысты операцияға жәрдемдесті деген айып тағылды. Мұндай кінәлау Шибо
мен Базирді де айналып өтпеді. Үшеуі де түрмеде сарғаюда. Дантонның досы Вестерман
Якубин клубынан шеттетілді; енді Люксембург қапасына қамалса жарар! Елдегі жағдайды
шетелдіктерге хабарлады делінген Проли мен Гуцманның көздері жойылды; Перейр «ас
пісірушінің киімін киіп», қашқан кезінде ұсталынды. Мен күдіктімін, сен күдіктісін, ол
күдікті!
Дантонның алып жүрегі осынын бәріне жұлымданған. Ол қысқа мерзімге туған жері
Арсиге жүріп кетті. Тағылық пен күдіктен, қаталдық пен қасіреттен бойын аулақ салып,
шамалы дем алуды қалады. Елжіреген табиғат-ана, жайқалған көктем гүлдері оны құшақ
жая қарсы алғандай болды. Отбасылық естеліктер, өскен орта ыстық көрінді. Басқаның
бәрі сатып кеткенде сен ғана сатпайсың туған мекен! Асыр салған балалық шақ қиялға
жетелейді.