Page 271 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
271
идеясы, оқиғасы кенеттен адамдарға телінді. Католицизм, классицизм, сентиментализм —
тұтас «измдер» Францияны құрайтын адам үшін теориядан тәжірибеге айналды, ол
жүзуден гөрі тұншығуға соқтырды. Евенгелші Жан-Жактан басқа оз табанын көрсететін
мұғалімнің болмағаны ма? Көне халықтардың еркіндігіндей, біз бір-бірімізге «сен» деп
айта алмаймыз ба? Француз патриоты Бостандықтың фиригийлік қызыл қалпағын киіп
тұрып, өзінің кішкене, бейшара ізбасарын Катон-цен-зор немесе Утическ деп атайды.
Газет шығарушы Бабеф ойламаған жерден Гракк болды; Муций Сцевола етікші қалпын
өзгертіп, Муций Сцевала секциясының төрағасына айналды; әлем түсініп болмас астан-
кестен күйге түсті.
Сондықтан біз қандай жағдайда да террор патшалығын өте тұрпайы құбылыс деп білеміз.
Үстемдік құрушы санкюлотизм әрекет кезінде өзін-өзі тазалап алсын; бұл адамзат
басынан кешпеген өте тұрпайы жағдай. Тұтас ұлт қажеттілік пен салтын жоғалтты. Көне
наным-сенімдер қажетсіз деп табылды; адамдар пифийлік ақымақтыққа берілді, одан
шығудың жолын қарастырды. Еліктеу мен өнертапқыштық асығыс колға алынды.
Француздардың ұлттық ақыл-ойы қандай нәтижеге жеткізетінін уақыт көрсетеді.
Оқырман террор патшалығын жаппай қасіретті деп түсінбеуі керек, оның да өзіндік
сабағы бар. Ұсталар мен ағаш шеберлері, наубайханашылар мен сыра қайнатушылар,
тазартушылар мен сығымдаушылар күллі Франция бойынша өзінің әдетінен жаңылмай,
күнделікті міндетін атқарып жатты. Олар үшін үкімет сор әкеле ме, әлде бақыт әкеле ме
бәрібір! Парижде әр кеш сайын 23 театр, 60 би залы ашық болды. Жазушы-драматургтер
республика мүддесін қатаң сақтаған пьесалар жазды. Кітапханалардың сөрелерінде
қампиған романдар сіресіп тұрды. Оқырмандарға арналған көшпелі кітапханалар
ұйымдастырылды. Сауда-саттық, ойламаған жерден баю, алдап, сан соқтыру етек алды.
Террор қара топырақты жерге еккен өнім сияқты, түрлі құбылыстарға жол берді,
тәртіпсіздік жайлады.
«Жүздеген тіл» сайрап, қарт ақындарға қызмет көрсетті! Оқырмандарын таң қалдырған
мұндай жайлар өз қиялдарын көкке өрлете берсін, әркім олардан өз қажеттерін тандап
алады.
II тарау
ӨЛІМ
Қарашаның алғашқы күндерінде атап өтерліктей жағдай болды — Филипп Орлеанский-
Эгалит мәңгілік үйіне, соңғы сапарға шығарып салынды. Филипп жирондистермен бірге
«кінәланған» еді, таңқаларлығы — ол жирондистермен бір мезгілде сотталған жоқ.
Филипп Марселде жарты жыл абақтыға жабылып, Парижге әкелінген кезде жирондистер
бұдан үш күн бұрын сотталып, дарға асылған болатын. Бұл біздің есептеуімізше, 1793
жылғы 3 қараша еді.
Дәл осы күні белгілі екі әйел: Дюбарри ханым мен Жозефина Богарне бақылауға алынып,
қамалған болатын. Бақытсыз Дюбарриді, графина Лондоннан қайтып оралған сәтте, оны
қайтыс болған корольдің бұрынғы ашынасы деген сылтаумен және «эмигрантарды
ақшамен қамтамасыз етті» деген желеумен кінәлады. Онымен бірге Богарненің әйелін де,
кешікпей жесір атанған Жозефинаны Таше Богарнені, болашақ императорша Жозефина
Бонапартты да түрмеге жапты. Сол сәтте бейшара Адам Люкс оған араша түсіп,
Форстердің айтуынша, «соңғы үш апта бойы дән татпай, аштық жариялаған», өзінің
Шарлот Кордеге арнаған кітапшасында ол: «бұл әйел үшін ұлы қуанышпен өлемін» деген.
Филипп 1793 жылдың қарашасында осындай қарбалас кезде көз жұмды.