Page 270 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
270
Сарай төңірегіндегі ерліктің, жаулаушылардың, христиандық ұлы монархизмнің құты
қашты; байқайсыздар ма, қауіп біртіндеп тақай берді, көпшілік байқамағанымен, күтпеген
жерден тап берді! Жүздеген жыл жыртылып, тозығы жеткен егістік сияқты сарғайып,
соңғы кезде күрт пісіп, бір күнде жинап алмаса, дәні түсіп қалатындай асығыстыққа
душар етті. Патшалықтағы террор үйлерге тығылып, көлеңкелерге жасырынып қалғандай
болды! Ұрпақтардың жүзінде күлкі ұялап, күн сайын бір-біріне мейірбандықпен «Құдай
жарылқады!» Жаратушы тірі екен, ол дауыл тұрғызып, ақиқатты әкелді; оның қалағаны
шындық, десті. Бірақ Тарих террор патшалығын тексерген кезде қаншама кедергіге
кездесті. «Француз революциясының жан түршіктірерлігі» айтып та, жазып та жеткізуге
болмайтын оқиға еді. Шыңғырып айтатын шындықтар көмескі қалды. Жазалаудың
қаншалықты қатал жүргізілгені бір құдайға ғана мәлім. Оның пайдалы, немесе зиянды
екенін біліп болмайды. Дамудың жаңа сатысында тарих айқай-сүреңнен гөрі, бұл жаңа
фактіні өзінің көне сөзі мен ойлау түріне ауыстыруы қажет болды, себебі, қандай да бір
ғылымда мойындалған табиғат заңын табиғаттың күтпеген жемісі ретінде түсіндіру үшін
жеткілікті еді. Ал Тарих оны бөлшектерге бөліп, тиісті қорытынды жасауға, өз пайдасына
шешуге бейімділік танытқанымен бір орыннан ілгері жылжуға дәрменсіздік танытты.
Тарих адамзаттың сөзі мен ақыл-ойы сияқты, үнемі Адам Атаның алғашқы өміріне, әр
затты жаңаша атауға, табиғат шығармашылығының қыр-сырын түсінуге ұмтылды, бірақ
онысы айтарлықтай сәтті бола бермейді.
Тарих өзіне бұрыннан мәлім атаулар мен теоремаларды назардан тыс қалдырып, заттарды
жаңаша атауды қаласа, табиғаттың ұлы шығармашылығы оны бірден қабылдай қоюы
екіталай, табиғат заңына сәйкес келмейтін тірліктердің ғұмыры қысқа», егер уақыт
талабына сай келсе, ондайларды пайдаға асыру тиімді.
Ақыр соңында біз террорлық патшалықта өмір сүріп отырғанымызды мойындауға тиіспіз.
Аштық, жалаңаштық, алдау-арбау 25 миллион тұрғынды көтеріліске шығарды, Француз
революциясы жасалды. Бір сәтте бас көтерген қаһарлы үнін әлемге естірткен, әділет
жолында бастарын бәйгеге тіккен 25 миллион адамның қатаң жазалануы ақылға
сыймайды. Дүниені жалғандық, өтірікшілік жайлаған король маңындағы, сарай
төңірегіндегі жағымпаз алаяқтардың дегендері үнемі бола бермес. Оларды да жазалайтын
құдай бар, Жаратушы бар. Біздің өміріміз жалған, өтірік емес, сол сияқты, біздің кедей,
бейшара күйіміз, тұрмысымыздың төмендегі де жалған, өтірік емес. Бұл туралы біз,
жиырма бес миллион адам, оң қолымызды көтеріп тұрып, аспанды, жерді күә етеміз.
Тозақта ғұмыр кешіп жатқан біздер не сіздердің, не біздің өмір сүруімізді тоқтатуға
тиіспіз!
Мұндай антты біз еріккеннен беріп тұрған жоқпыз. Соңғы мың жылдықтағы ауыр азап,
қорлық бізді осындай қадамға итермеледі. Оның қорытындысы болу керек. Бұл антты,
айтылған, қол алысқан сертті орындау азаппен тең екенін түсінеміз. Сөйте тұра, бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, терроршыларға қарсы, қайғы-қасірет пен
күнәқарлыққа қарсы күресімізді тоқтатпаймыз. Террор патшалығымен белдесу не өмір, не
өлім. Бізді мал есебінде санаушылардың көзі жойылсын! Біз үнемі алданып келдік,
қожаларымыздың айтқандарына, құрғақ уәделерге сендік. Туысқандық, Саясаттың Алтын
Ғасыры келетін бақытты күн жақын дегенді медеу тұттық. Бірақ біз жүрек қалауымен
күткен жақсылық орындалмас арман екенін, шынайы, жемісті сенімнің ауылы тым қашық
екенін білдік.
Туысқандық туралы ілім көне католицизмнен қалған. Ол ойламаған жерден Жан-Жак
евангелінің дөңгелегіне тапталды, аспандағы бұлтты теория белгілі жағдайда тәжірибеге
айналды. Француздардың барша сенімі, ынта-ықыласы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, білімі,