Page 269 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
269
өз ынтасын танытуы керек қой. Барлық іс осы соңғысында болып табылады. Осылайша,
бас кезінде өзін, батырға табынуға қарсы ретінде көрсете отырып, Михайловский ең
соңында осы жеке тұлғаға табынудың негізі болып табылатын көзқарасты білдіреді.
Сондықтан Михайловскийдің «батыр» мен «тобыр» жайлы екі дүниетанымдық көзқарасы
өзінің біржақтылығы нәтижесінде бірін-бірі жояды.
Біз талдаған Михайловскийдің жұмысы, өкінішке орай, аяқталмай қалды...
Баяндаудың жүйесіздігісіз, негізгі ойды жете айта алмаусыз, негізгі тақырыптан үнемі
ауытқушылықсыз Михайловскийдің көзқарасын білдіру мүмкін емес. Біз сондықтан
осылай істедік. «Қаһармандар мен тобыр» жайлы қандай да бір тұтас және біркелкі нәрсе
ретінде айту мүмкін емес. Бірақ автордың көп оқып және ауқымды дерек жинағаны
даусыз. Ол бұл пән жайлы көп ойланып, біз келісетін және келіспейтін бірқатар жағдайлар
жайлы айтты. Тарих жеке тұлғалардың рөлі жайлы әдебиеттерге кедей болғандықтан,
Михайловскийдің мақалалары көптеген фактілер мен көзқарастарды береді. Бірақ
олардың кейбірі сынға ұшыраса, кейбірін тарихи үрдістің теоретиктері есепке алды.
Мұнда Михайловскийдің «тобырдың психологиясын» шешуі міндетті емес, өйткені
онымен бірқатар зерттеушілер айналысуы тиіс. Мұндағы маңыздысы мәселенің қойылуы
болып табылады. <...>
Тәржімалаған
Назарбек Қанафин
ТОМАС КАРЛЕЙЛЬ
(1795-1881 жж.)
ФРАНЦУЗ РЕВОЛЮЦИЯСЫ
V кітап
ДАҒДЫҒА АЙНАЛҒАН ТЕРРОР
Бірінші тарау
ҚҰЛАТУ
Сонымен, біз бұрыннан ұмтыла жылжыған барлық оқиғаның бұлыңғыр шетіне таяп
келеміз; енді санклюотизм өзін-өзі құртқанша бас айналар биіктен төменге салбырап,
құлау ғана қалды. Таңқаларлығы — Француз революциясының, Қатерлі сот күнінің
жақындауы, егер қайта құрылмаса, тұтас әлемнің бүлініске ұшырауына соқтырады.
Террор қашанда жан түршіктірерлік, олардың айтуынша, бұлардың таңдау жолы террор
екені енді түсінікті болды: «Que la terreur soit a l'rdre du jour!» (Иә, террор дағдыға
айналуға тиіс!)
Ғасырлар бойы қатарынан, Гуго Капеттен бастап, қаншама алдау-арбаулар, адамды
адамның қорлауы, әділетсіздік көпшіліктің қанын қайнатты! Ол ғасырдан ғасырға арта
түспесе, кеміген жоқ. Корольдар да — күнәкар, діндарлар да — күнәкар, халық та —
күнәкар. Нағыз алаяқтар халық үстінен күн көріп, салтанат құрып, біреуді біреуге айдап
салып, тайраңдағалы қашан; бәрінен де зияндысы — жасырын жүріп, сырттай қампиып,
кісімсіп, елді сорған қуыс кеуделерді қайтерсіз. Тексіз тоғышарлар көл жағасындағы құм
сияқты арта берді, бейнелеп айтқанда, олар жер мен көкті қамтып алды.
Дандайсығандардың ұрпақ алдында есеп беретін күнін тоқтату мүмкін болмай қалды.