Page 268 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
268
Бурдо сияқты авторлардың қателерінің бірі - олардың тарихты ілгері апарушы ретінде
ұжымдық сипаттағы әрекетті бірінші кезекке жылжытып, ірі тарихи қайраткерге халықты
қарсы қоюы. Бұлар бұдан әрі бұл көпшілікті құрамдас бөліктерге бөлмейді. Екінші
жағынан, ұлы адамдар теориясының өкілдері «өз соңынан тобырды ерте білген батыр,
барлық жағдайларда осы тобырдан артық, сондықтан елдің ең алдында орын алатын
адам» деген көзқарасты ұстанады. Алдыда бізге тарихтағы жеке және ұжымдық әрекет
мәселесінің әлі жетілмеген мәселе екендігі жайлы айтуға тура келеді. Соңғы үш тарауда
қарама-қайшы көзқарастарды талдай отырып, біз осы тарауда ұлы адамдар теориясының
жаңа қорғаушыларына ұжымдық тарихи әрекеттің жаңа теоретиктерін қарама-қарсы
қойдық.
1882 жылғы «Отечественные записки» басылымында «Батырлар және тобыр» деген
атаумен Н.К.Михайловскийдің бұрын өзінің қызықты әлеуметтік жұмысы арқылы белгілі
болған үлкен мақаласы енгізілді.
«Батырлар және тобырдың» авторы ең басынан бастап атауда тұрған термин ретінде нені
түсінетінін анықтады. Михайловский «Батыр деп өз үлгісі арқылы, халықты жақсылыққа
немесе жамандыққа, игілікке немесе жауыздыққа, саналылыққа немесе пайдасыз іске
халықты тартатын адамды есептейді. Тобыр деп өзінің игілігі немесе жауыздығы арқылы
тарихты ілгері тартатын топты есептеді». Мұнда автор саналы түрде біздің жоғарыда
атаған «батырға» катысты субъективті көзқарасты жоққа шығарады. Оның анықтауы
бойынша, «мұндағы мақсат — батыр мен тобыр арасындағы қатынастың механикасын
зерттеу. Ол мұны ұлы деп есептейді. Сондықтан да жауыз бен топас та, дүниежүзілік дана
сияқты, бізге маңызды. Біздің мақсатымыз — екі фактордың: батыр мен тобырдың өзара
қатынасын зерттеу. Біздің өзіміз үшін бұл қарым-қатынастарды және олардың пайда болу
жағдайларын анықтау, — дейді. Бұл келтірілген үзінділер Михайловскийдің өз
зерттеуінде мәдени тарих мәселесін көтермей, прагматикалық тарих саласында қалғанын
көрсетеді. Ол бірліктің барлық мүмкін болатын көпшілікке ықпалының ішінен тек,
«батырдың» үлгісі арқылы тобырды тартуды ғана алады. Бұдан ары автор «батыр» мен
тобыр арасындағы қарым-қатынасты зерттей отырып, ол «батырдың ерекше қасиетіне
қарағанда» екіншісіне, яғни «топтың психологиялық көңіл күйіне» көбірек көңіл бөледі.
Михайловскийге «батыр өзінің жеке қасиеті арқылы тобырдан артық болуы» керек емес.
Автор: «Біз батырдың батырлығын көрсету үшін зерттемейміз, оның тобырды ілгері
жылжытушы ретіндегі қарым-қатынасын ғана зерттейміз», — дейді.
«Қаһармандар» мен «тобыр» жайлы қойылған мәселені жалпы сипаттай отырып, мен
мынадай жекеліктерді атап өтер едім: біріншіден, автор барлық адами әрекеттердің ішінен
тарихтың прагматикалық жағын құрайтын адамдардың бір әрекетімен ғана істес болады,
екіншіден, яғни еліктеудің нәтижесі болып табылатындарын ғана тандап алады,
үшіншіден, оны тобырдың кімге еліктегені қызықтырмайды, ол халықты соңынан ерте
білген «батыр» немесе «қатардағы адам» болуы мүмкін. Михайловскийдің барлық
мақаласының негізгі пәні — еліктеу күші болып табылады. Сондықтан ол үшін
маңыздысы — кімнің және қалай еліктеу тудырғаны. Оның жұмысының мазмұнын
баяндай отырып, біз онда шынында да еліктеу деп аталатын жалпы құбылыстың әр түрлі
түрлерінің зерттелгенін көреміз. Михайловский еліктеуді санасыз, автоматты түрде алады.
Тобырды — кімге болса да еліктеуге дайын топ ретінде, ал батырды — үлкен қасиеттердің
иесі емес, бірінші кездескен адам ретінде қарастырады <...>.
Көпшілік қозғалысын зерттей отырып, автор, бірінші кезекке халықтың көңіл-күйін
қояды. Мақаланың баяндалуын оқи отырып, автордың еліктеуге және бағынуға дайын
көпшілікке қарсы, «қандай да бір кездейсоқ бейнені» қойғанын көреміз. «Бірінші
кездескен адам», «батыр» болуы үшін оған дейін ешкім істемеген ерекше бір нәрсе істеп,