Page 267 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
267
халық өз бағдарламасын орындауға мәжбүр етеді деп дәлелдеуге тырысады. Бұдан әрі ол:
«Ұлы саясаткерлердің жұмысы — халықтың ықпалына сүйене отырып, барлығынын
қалағанын орындау. Әрине, ұлы істерді атқаруда ұлы халықтың біріккен әрекетінен басқа
ешнәрсе әсер ете алмайды, екіншісі бағынышты қайраткер болып табылады. Ынтаның
күші мен бағыты біріншісінде», — дейді. Бұл жалпы пікірді бейнелеу үшін (Ұлы Петр,
Вашингтон, Наполеон, Александр Македонский, Цезарь) т.б. келтіріледі. Ал бұл мысалдар
тағы да жалпы ескертулерге сүйенеді. Аталған тарихи тұлғалардың бүкіл даңқын Бурдо:
«Батырлық безгек мезеттерінде олар қажет нәрсеге тұтас халықтардың күшін жұмсады.
Дағдарыс кезеңінде - жаңа тәртіп туған кезде, жоғарғы биліктен жеңілдеген халық, онша
күш жұмсамай-ақ, ұлыға айналады», — дейді. Бұдан әрі ол соңғы ойын: «Егер ұлы адам
қажет уақытта тағдырдың шақырғанына жауап бермесе, жағдайға байланысты басқа
Қаһармандар пайда болған болар еді, байыпты жағдайларда ешқашан ұлы адамдардың
жетімсіздігі болған емес. Дағдарыстарда халықтар интинкт бойынша және жағдайдың
талап етуі бойынша, патшалықтың тағдырын шешетін көсем іздейді. Қоғамдық құрмет
толқындары, тасқынның әсерімен оларды биікке көтереді», — дейді. Бурдо ұлы
адамдардың рөлін Толстой сияқты, «оқиғалар атағының» мәні ретінде бағаламаса да,
бәрібір ол олардың прагматикалық тарихтағы мәнін олардың өзіндік әрекетін жоққа
шығару арқылы, осыған жақын анықтайды. Мұндай талдаулар Бурдоны дінді негіздеушіге
және қалпына келтірушіге жатқызады <...>.
Бурдоның жеке тұлғаның прагматикалық тарихтағы рөлі мәселесіне қатысты барлық
дәлелдері жан-жақты талдауды талап етеді, өйткені тарих ғылымының және оның
қызметкерлерінің
сыншысы,
мұнда
әншейінде
кітаптарда
және
сөздерде
келтірілетіндердің барлығын жинады. Бұдан басқа бұл талдау — басқа көзқарастарды
талдаудағы сияқты — тарихты жеке тұлғаның немесе халықтың көбірек ілгері
жылжытуына қатысты барлық таластарға біздің өз қорытындымызды жасауымызға кейбір
материалдар береді.
Бурдо әрбір адамның әрбір әрекеті оның жеке меншігін құрамайды деп мәлімдейді. Менің
жұмысыма көптеген басқа адамдар да катысады. Бұл тезиске ол кең мағына береді. Ол
«барлығы» деген сөзге мен белгілі қабілеттерді мұраға алған менің ата-бабаларымды,
маған белгілі көзқарастар, дағдылар қалыптастырған тәрбиешілерімді және маған үнемі
ықпал етіп отыратын әлеуметтік ортамды кіргізеді. Ал мұның барлығын, әрине, мен өз
қызметкерлерімнен ажырата білуім керек. Басқаша айтқанда, бірліктің «барлық жағдайға»
байланыстылығы жайлы айта отырып, автор бағыныштылық сандық жағынан да, сапалық
жағынан да өте әр түрлі болатындығын көрсетуді қажет деп есептемейді. Мұндай әркелкі
жағдайларды есепке алмағандықтан, Бурдо, бағыныштылық жайлы мәселені, мысалы,
«саясат Қаһармандарының» халыққа бағыныштылығы жайлы мәселені дұрыс қойып,
дұрыс шеше алмады. Ол олардың билігінің негізін оның билігін барлығының
мойындауынан көреді, ал мойындаудың қайнар көзі, күші және шекарасы әр түрлі
болатынын көрсетпейді <...>.
Автор «егер тарих сахнасына уақыт талап еткен Қаһармандар шықпаса, оның әрекетін
басқа атқарар еді» деу арқылы өз-өзіне қайшы келеді. Өйткені аталған жағдайда
сұраныстың болуы оған ұсыныс жасаудың себебі емес. Тарихта дағдарысты жағдайда
керек адамның болмай қалатын жағдайлары да кездеседі.
Көпшілік - жалпы сірескен күш. Кез келген ынта бір адамның немесе бірнеше адамның
ойында пайда болады. Ал Бурдода, керісінше, ынта халық тарапынан жасалады деп
пайымдалады.