Page 266 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
266
Мысалы, ұлы қолбасшы ең қолайсыз жағдайда жеңіске жетті деп ойлайық, ал кейбір
жазушылар Бурдо айтқандай қолбасшының жеке даңқын шығармау үшін, жеңіске халық
қол жеткізді деп жазуы тиіс. Міне, мұндай пікірлер іс жүзінде неге әкеледі? Осындай сәтті
мәлімдемелерден кейін «Тарих қайраткерлері» тарауының қорытынды тақырыбынан,
алдында айтылғанға қатысы жоқ нәрсені таңданыспен оқуға болады. Мұнда автор:
«Кейбір мәселелер ерекше қабілет пен жігерді талап ете отырып, артықшылық ретінде
басқаларға емес, дарынды және бақытты адамдардың үлесіне таңылады», — дейді. Ол
бұдан әрі сирек дарынға жататын қиын нәрселер бар... Кез келген ұлы адамның рөлін
ойнауға қабілетті емес. Оған Қаһармандардың сирек болуы дәлел. Ол соңында, қандай да
бір ұлы істі атқарушы адамдардың, шынында да шектеулі артықшылығын мойындау
керек, дейді. Оның өз сөзі бойынша, ұлы адамдардың іске араласуы оның ілгері
жылжуына ықпал етіп, жалпы мақсатты жеңілдетеді. Бұдан басқа, Бурдо Қаһармандардың
өз артынан тобырды ертетінін мойындай отырып, бірақ сол сәтте-ақ оны ұлы адамдарға
жаңа көзқарас бойынша шабуылдау үшін пайдаланып, «тобырды артынан ерте білген бұл
көсемдер, оларды қате жолға өте жиі тартады. Ұлы адасулар мен ұлы апаттарға ұрыну осы
ұлы адамдардың әрекетінің арқасы..» , дейді. Көріп отырғанымыздай, бұл жерде автор ұлы
адамдардың жеке мәнін жоққа шығармайды, бірақ олар игіліктен гөрі, қатыгездіктің
қайнар көзі деп оларға қарсы шығады. Ол тағы да: «Олардың көмегінсіз шығу дұрыс
болар еді! Көптеген жағдайларда даму оларсыз да жүзеге асады. Даңқпен бір данышпан
адам орындаған істі, көптеген адамдар тобы да орындай алады. Ол жағдай логикасының
талап етуіне байланысты», — дейді. Мұнда мәселе тарихтың қалай жасалатынында болып
отырған жоқ, оны қалай ыңғайлы етіп жасап алуға болатындығында болып отыр. Бурдо,
осылайша, үнемі өзінің сүйікті идеясы — ұлы адамдарға өте көп құрмет көрсетілетіндігін
дәлелдеуге тырысады. «Егер ұлы адамдар, пайдалы болса, онда тобыр оған мұқтаж,
сондықтан даналарсыз да әрекет ете алады», — дейді. Ол бұл жерде адамдардың екі түрі
— «Қаһармандар» мен қарапайымдар болатындығын айтады.
Келтірілген пікірлер Бурдоның көзқарасы ерекше реттілігімен және сабақтастығымен
ерекшеленбейтінін көрсетеді. Мұнда өте дұрыс пікірлер де кездеседі, бірақ ол қате
тұжырымдармен және парадокстармен аралас. Арнайы екі тақырып туралы да осыны
айтуға болады: мұнда моральдық өмірдегі, саясаттағы және діндегі «атақтылар» туралы
айта отырып, прагматикалық тарихтағы жеке тұлғалардың рөліне жататын кейбір ойлар
туралы ескертеді. Бурдо: «Тарихшылар атақты істерді атқарушылар ол үшін толық
жауапты болуы керек деп ойлайды», — дейді. Тарих ғылымының және тарихшылардың
сыншылары мұнымен келіспейді, өйткені олар біздің ынтамыздың және біздің еркіміздің
жетілгендігінің сөзсіздігін жоққа шығарады. Біз жақсы жасасақ та, жаман жасасақ та
біздің ортақ қателіктеріміз бен еңбектерімізді бізбен бірге бөлісетін көптеген
қызметкерлер, айдап салушылар, көмекшілеріміз бар. Адам өз дәуірінің өнімі болып
табылады, — ол дұрыс, бірақ ол, біздің адамгершілігіміз Бурдо қалағанындай ұжымдық іс
болуы тиіс дегенді білдірмейді. «Әрбір адамның бәрі үшін әрекеті аз, ал барлық адамның
біріккен әрекетінде шек жоқ» деген екінші жағдайды Бурдо «тарихшылар өте
мадақтайтын», «саясат Қаһармандарына», әсіресе бастапқы кезден бастап патшалардың,
министрлердің, қолбасшылардың, халық көсемдерінің әрекеттерін баяндауға бағытталған
прагматикалық тарихқа қатысты қолданады. Бұл жердегі автордың жалпы ойы — «кез
келген саяси қайраткерлер, өз беттерімен әрекет етпей-ақ, әлеуметтік қызмет атқарып, өзі
билеген халықтың белгілі мадақтауына ие болады» деу. Бұл жерде ол «Ірі саяси қайраткер
өз-өзінен ешкім емес, ол топтың әрекеті арқылы ерекше атаққа ие болады», деп
дәлелдеуге тырысады. Ол осы тақырыпта «Қоғамдық билік негіздері, оны мойындайтын
және жасайтын адамдарда... Мысалы, деспотизм, бір адамды қорлауда емес, барлығының
оны мойындауында...», — дейді. Бұл жерде Бурдо «саясат Қаһармандары» көпшілік
халықтың делегациясы арқылы әрекет ете отырып, олар өз еріктерін халыққа таңады, ал