Қазақстанның ашық кітапханасы
265
жағынан, ұлы адам «батыр мен топтарды» қатал қарсы қоюда талап етілетін ешқашан
толық жалғыздықта болмайды.
Өзінің жақын кезде шыққан шығармаларында Луи Бурдо «Тарих және тарихшылар» деген
атаумен тарихшыларға қарсы бағытталған айыптауларының ұзақ тізімін, тарих
ғылымының тұтас реформасының бағдарламасын береді. Ол тарау «Тарих қайраткерлері»
деп аталады. Бұл тарауда тарихшылар ұлы адамдарға қатты табынады деп айыпталады.
Автор бұл жерде «атақты және белгісіз адамдардың салыстымалы маңызын»
қарастырады. Оның ерекше тақырыптарын пайдалы өнердегі, көркем өнердегі,
ғылымдағы, моральдік өмірдегі, саясат пен діндегі «атақтыларға арнайды». Бұл жерде біз
Бурдоның дәлдеріне қатысты өз көзқарасымызды білдіруіміз керек. Өйткені біз бұдан ұлы
адамдардың казіргі әдебиеттегі рөлі жайлы көптеген қайталауларды кездестіреміз. Бұл
томның екінші бөлімінде, біз Бурдо айтқан мәдениет элементтерінің тарихи дамудағы
жеке тұлғаның маңызын қарастырамыз. Сондықтан бізге оның еңбегіне коп рет сүйенуге
тура келеді. Біз оның еңбегінен оның пәнге байланысты жалпы көзқарасымен және
прагматикалық тарихтағы «атақтылар» рөлі жайлы айтқан көзқарасымен танысамыз.
«Атақтыны» ол да басқалардың «улы адам», «батыр» деген мағынасында қолданады.
Тарихшыларды «атақтылармен» өте көп айналысады және оған өте көп маңыз береді деп
кінәлай отырып, автор көптеген әділ ескертпелер жасайды. Пәнді талқылау кезінде
оларды жоққа шығармау керек. Бірақ мәселенің жалпы қойылуында автордың осы пән
жайындағы пікірлеріне қайшы келетін кейбір түсінбестіктер билік етеді. Бурдо
«келешекте тарих жеке емес, жалпы болуы керек, билеушілер тарихы корольдерге қалсын,
біз адамзат тарихын зерттейік » деген қорытындыға келді. Мұнда екі заттың
араластырылғаны анық: ол тек корольдер мен атақтылардың ғана емес, адамзаттың
тарихы болуы тиіс дегені, олар тарихтың маңызды қайраткерлері емес дегенді
білдірмейді. Автор мұнда тарих ғылымы осы кезге дейін болған ақсүйектіктен саяси
өмірдегі өзгерістерге байланысты демократиялыққа айналуы тиіс, дейді. Ол тарихты
демократияландыруды халықтың тағдырына ерекше көңіл бөлуден көрмейді,
«атақтыларды» мүлдем жою арқылы, олардың орнына тарихтың негізгі қайраткерлері
ретінде белгісіз қарапайымдарды қою керек деп есептейді.
Мен тарихта тек көпшілік халықпен және соған тән қозғалыспен айналысам деп есептейік
— мен сонымен катар бұл тағдырлар жеке адамдардың әрекеттері арқылы жүзеге асады,
халықтық қозғалыстарды бірнеше «Қаһармандар» басқарып және бағыттап отырады деп
ойлай алмаймын ба? Сондықтан бұл екі мәселе бір-біріне бөгет болмауы тиіс.
Біз талдап отырған тараудың бас кезінде Бурдо: «Адамзат тұқымының тарихы,
мүмкіндігінше, барлық адами организмдердің тарихы болуы тиіс». Ал тарихшылар болса
«оның кейбіреуін ғана зерттеумен қанағаттанады» , — дейді. Ол бұл жерде аздаған
«атақтылар» мен белгісіз адамдардың арасындағы рөлді бөлуде қателесіп отыр . Ол бұдан
әрі тарихшыларды атақтыларға өте үлкен құрмет көрсетеді. Олар «бүкіл істер солардың
қолымен істеледі, ал халық оның атағын шығарады», — деп есептейсіңдер деп кінә
тағады. Оның сөзі бойынша: «Қаһармандардың» ұлылығы олар алыс уақытта
болғандықтан, прогрессивті идеализациялаудың нәтижесі, ұлы адамдар оларды жақын
зерттей бастаған кезде көп нәрсе жоғалтады, шын мәнінде олар «тек ұлы деп есептелетін
адамдар ғана болып қалады». Өзінің тек қана жеке күшімен ұлы адам әрекет жасай
алмайды. Егер ол жасаған сияқты болып көрінсе, ол оған көп адамның көмектескендігінен
болып табылады. Ұлы адамдар көмекшіден кенде болмайды, оларға бәрі көмектеседі, —
дейді. Оның неге бұлай болады? Оларды неге адамдар ұлы деп есептеп, оларға
көмектеседі? — деген сұраққа бас ауыртқысы келмейді. Бурдо тағы да тарихшыларға бір
адамға «барлығына лайықты атақты бересіңдер, жалпы күштің нәтижесін жекеге
бересіңдер» — деп шабуыл жасайды.