Page 264 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
264
деп атау үшін не керек? Ол үшін оның өзі қатар өмір сүріп отырған адамдар арасынан биік
болуы керек.
Жолидің бұл пікірдегі жалпы тезисі, өркениет қаншалықты дамыса, жеке тұлғалардың
жалпы адамдар арасынан бөліп шығуына соғұрлым көп мүмкіндік туады. Бұл жерде Жоли
ұлы адамды ортаның дайындауы жайлы айтып отыр, ұлы адамның маңызын ол осы
тұрғыдан түсінеді. Оның сөзі бойынша, ұлы заттар, қоғам ұзақ уақыт жүйемен айналыса
бастағанда жасалмайды, жаңа жүйенің бірінші белгілері сәтсіздікті іздей бастағанда
жасалады. Бас кезінде әр жерде бұлыңғыр идеялар қылтың бере бастайды, содан кейін
сынға алынатын кездейсоқтық ретіндегі ұмтылыстар пайда болады, бірақ біртіндеп бұл
қозғалыстар бір-біріне жақындап, қолдау таба бастайды. Аспанда қалқып жүрген бұлттар
бір жерге жиналады. Соларға белгілі бір байланыс, форма, бағыт беруші ұлы адам болады.
Біздің автор «ұлы адам» қоршаған ортадан көптеген әсер алып, оның ішіндегі әдемі
түсініктерді жүзеге асырады, ол нақты осы образдардың көмегімен ретсіз, келісілмеген,
тез жоғалып кететін көптеген ұмтылыстарды біріктіріп, ұйымдастырып, оларды ұлы
жоспарды орындауға жұмылдырады..., дейді. Автор осылайша рапсодтар өзінің Гомерін,
түсінік берушілер Аристотелін, антикалық сынықтарға қызығушылар өз Рафаэльдерін
және Микель-Анджелосын табады. Ұлы адамның өз уақытын басқаратындығы, оған билік
ететіндігі талассыз, өте жиі ғұлама дағдарыс кезінде пайда болады да, оның тамаша
шешілуін тездетеді. Ол өз замандастарынан өте жиі бір-біріне қайшы екі ағымды, бірін-
бірі тепе-тендікте ұстап отыратын екі жауласушы күшті табады. Ол екі ағымның біріне
қосылып, оны басқарып, тәртіпке келтіріп және жеңіске бастайды. Міне, барлық белгілі
ұлы адамдардың қысқаша айтқандағы барлық белгілі ұлы адамдардың тарихы.
Кромвельдің қаншалықты мүддеге және әуестікке сүйенгені белгілі емес пе?...
Тарихшылар бұл қуатты өзара ықпалды естен шығармайды. Жори бұл пікірді: «Ұлы
жазушыларды — жалғыз, марапаттаудан және көмектен шектелген деп айта алмайсың»,
— дейді. Бірнеше беттерден кейін автор бұл «ұлы адамның күшін, оның замандастарының
күшімен үнемі ынтымақтастандыратын» мәселеге қайта оралады . Ол мұнда шынайы
ғұламаның белгісін «өз замандастарының ұмтылысын тану, оны қанағаттандыру мен өз
күші мен оның күштерін біріктіру жайлы екі дағды тұрғысынан көреді . Олардың істері
ылғи күрделі, оны жүзеге асыру көптеген көмекшілердің ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
Жоли ұлы адамның көптеген көрнекті көмекшілерін олардың өздері құрады. Ол оның
дарынын пайдалана алатындығына көмекшілерінің көзін жеткізеді. Оның әуестігінің
барлық құпиясы осында», дейді. Бұдан әрі ол: «Ғұлама, көмекшілер жинап, оларды әрекет
құралдармен қамтамасыз етіп және өз қызметтестерін өзінің артынан ертумен ғана
шектелмейді. Ол бұларды сонымен бірге көңіл көтерулерден қорғап, олардың арасында
ортақ іске қажетті келісім орнатады », — дейді. Бұл жағдай бірнеше француз мысалымен
суреттеледі. Бұдан «Ұлы адамның күшті жұмылдырудағы бірлігі осындай, адамдарға
кейде атақтылар дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік беретін қуатты ықпал осындай» деген
қорытынды жасайды. Жоли бұл пікірді ойшыл адамдарға да қолданады.
«Ұлы адамдар психологиясынан» біздің барлық ала алатынымыз осы. Жоли көзқарасынан
біздің көңілімізді аудартатын нәрсе, оның ұлы адам мен қарапайым адам арасындағы
айырмашылықтың шекарасын келтіруі болып табылады. Біріншіден, автордың, ұлы
адамды дайындайтын орта деген пікірі біздің көңілімізді аудартады. Екіншіден, біздің өз
тарапымыздан ұлы адамды жасайтын оны қоршаған адамдардың өзара ықпалы деп
атағанымызды ол да қарастырады. Жолидің барлық теориясының негізгі кемшілігі оны
тарихқа қатысты қолдануында — оның ұлы адамды қоршаған ортадан ерекше бөліп
көрсетуінде, оның әрбір дәуірге бір ұлы адамды бөлуінде болып табылады. Ал біз іс
жүзінде қоғамда адамдар қабілетінің белгілі жақындасуы болады, сондықтан да
«дарындымен» қатар қоғамда қарапайым адамдар да болады деп есептейміз. Екінші