Page 263 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
263
IV тарау
ТАРИХТАҒЫ «ҚАҺАРМАНДАР» ЖӘНЕ «ТОБЫР»
«Қаһармандар» мен «тобыр» арасындағы шекараны анықтау мүмкін емес, өйткені
«барлығы — адамдар» және олардың арасында тұтас ілгерілеушілік бар. Сондықтан тек
«Қаһармандар» болуға қабілетті адамдарды тобыр құру үшін ғана жарамды адамдардан
бөліп көрсету мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, шынайы ұлы адам тарихта өзіне сәйкес келетін
рөлді ойнау үшін, үнемі ізбасарлары жеткіліксіз қалпында қалады. Халық сапасы күдікті
Қаһармандардың артынан ұмтылмайды. Тарихи өмір өте әр түрлі, сондықтан біз одан
жеке сипаттағы да, көпшілік сипаттағы да құбылыстарды табамыз. Тарихқа деген екі
дүниетаным да фактіге сілтеме жасауда бірдей мүмкіндікке ие болады. Мұнда біздің
көзіміздің жететіні — жекелеген адамдар арасында үнемі бір-біріне ықпал ету болып
отыратындығы. Бірінші жағдайда ғылым алдында - ұлы адамның психологиясы, немесе
жалпы айтқанда жеке адамның психологиясы жайлы мәселені қоюға болады, екінші
жағынан тобырдың психологиясы мәселесі қойылады. Бұл екі көзқарас бір-бірін жоққа
шығармай, керісінше, бір-бірін толықтырып отыруы тиіс. Біз осы тарауда өз артынан
халықты ерте білген ұлы адамның психологиясына қатысты, сонымен бірге батырдың
батырлығын бейнелеген топтың психологиясына қатысты көзқарастарды да береміз.
Өкінішке орай, екі психология да адамның рухани жағы бойынша біздің білімнің аз
зерттелген саласы болып табылады. Жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты
бірнеше шығармалардың барлығына қарамастан, біз «ұлы адамдардың» психологиясы мен
оның тарихи мәнін зерттеуге арналған тек бір ғана кітапты атай аламыз. Мен бұл жерде
Анри Жолидің «Ұлы адамдардың психологиясы» шығармасы жайлы айтып отырмын.
Өкінішке орай, бұл кітаптың авторы жасаған ұмтылыс мәселенің қойылуы жағынан да
және оның шешілуі жағынан да сәтсіз болып табылады. Алайда біз Жолидің негізгі
идеяларына тоқталамыз, өйткені олардың көпшілігінің дұрыстығынан да, біздің мәселені
қозғауынан да бас тарта алмаймыз.
Жоли: «Ұлы адам ол күрделі шынайылық, біздің тарихта өте танданатын тіршілік иесі. Біз
үшін ұлы адам деген не? Оның біздің көпшілігімізден өз ойының, өз сезімінің, өз
әрекетінің ұлылығымен артықшылығы. Ол не жүйенің шындығымен, не өнер
туындысымен аты шыққан адам. Бұл ешкімге ұқсамайтын тіршілік иелерінің ең көрнекті
қасиеті - ол дана ретінде бейнелейтін қабілет, шығармашылық сыйы. Алайда деп
жалғастырады Жоли, ұлы адам барлық заттарда, барлық уақыттарда ұлы емес, оның
ұлылығы оның әрекетінің барлығында көрініс таппайды... Бірақ оның кейбір ойлары
даналықпен, ғұламамен таңбаланады. Күнделікті өмір мен мұндай ерекше мезеттер
арасындағы бояу да ауқымды. Сондықтан да барлық уақыттарда бұдан талдау жасауға
болмайтын құпиялықтың, логика ережесіне бөтен болып табылатын көріністі ғана көреді.
Кейбіреулер оны интуиция, ал көпшілігі - шабыт деп атады. Қалай болғанда да мұнда
түсіндіруге болатын да, болмайтын да фактілер бар. Шабыт атауы — барлық идеяларға,
шығармаларға, жаңалықтарға қатысты қолданылады. Ол ғылыми сын тілінде маңызды
орын алады.
Біз шабытты ғұламаның қалыпты сипаты деп қабылдайық. Автор өз кітабында «ұлы
адамдықтан» бастап және «шабыт, рухпен» аяқтай отырып, көрсетілген үш құбылыстарды
зерттейді. Бірақ оның пікірінің көпшілігінің біз үшін маңызы аз, өйткені Жоли өз
зерттеуінде ұлы адамды тек бір жақты қарайды, ал бізді оның басқа адамдарға әрекеті,
тарихи қозғалысқа қатынасы қызықтырады. Сондықтан біз «Ұлы адамдардың
психологиясынан» біздің тақырыбымызға сәйкес келетіндерін алдық. Мұнда біз бірінші
кезекке ол көрсеткен «ұлы адам» түсінігінің салыстырмалығын қоямыз. Адамды «ұлы»